Бейбіт Атамқұлов

Министр Америкада қазақстандық спутниктердің сәтті ұшырылуымен құттықтады

34
(Жаңартылды 13:46 05.12.2018)
Калифорниядағы "Вандерберг" ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыранымен екі қазақстандық спутник ұшырылды

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Илон Масктың зымыранымен ұшырылған екі спутник те бүгін байланысқа шыққанын айтты, деп хабарлайды тілшісі.

Министр бүгін түнде екі қазақстандық спутник те АҚШ-тың Калифорния штатында ғарышқа сәтті ұшырылғанын мәлімдеді.

"Бүгін біз таңертеңнен хабар таратқан жоқпыз, себебі зымыран тасығыш кемеде болған спутниктеріміз орбиталды нүктеге шығуы тиіс болатын. Қазір екі спутник те штатты режимде жұмыс істеп тұр. Бір тәулік ішінде станциялар төрт сигнал қабылдады", — деді Атамқұлов үкімет кулуарында. 

Министрдің айтуынша, спутниктердің бірін "Қазақстан ғарыш сапары" мен "Ғалам бірлескен кәсіпорнының инженер-технологтары жасап шығарған. Ал екіншісі британиялық серіктеспен бірге дайындалды.

"Біз осы спутниктердің арқасында қазақстандық инженерлердің әзірлемелері ғарышта қалай жұмыс істейтінін зерттеп, талдаймыз. Болашақта қазақстандық локализацияны 50 процентке жеткізу міндеті тұр. Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз", — деді ол. 

Осы орайда Атамқұлов отандық инженелер жасаған спутниктердің сәтті ұшырылуымен құттықтады.

"Екі аптадан кейін ғарыштағы спутниктерден қажетті мәліметтер аламыз деген үміттемін", — деді ведомство басшысы.


34
Кілт сөздер:
зымыран, спутник, Бейбіт Атамқұлов, Илон Маск, Қазақстан
Тақырып бойынша
Қазақстан Илон Масктың зымыранымен екі спутник ұшырды
"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды
Құбырдан шыққан түтін

Министр ауасы ең лас 10 қаланы атады

2
(Жаңартылды 10:19 24.11.2020)
Мырзағалиевтің айтуынша, атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластануы, қалдықтармен байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі жағдайды күрделендіре түскен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда экологиясы ең нашар қалаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық мониторингке сәйкес 45 елді мекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады.

"Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалалары. Сонымен қатар, ластаушы заттар шығарындыларының едәуір көлемі Павлодар облысына тиесілі", – деді Мырзағалиев үкімет отырысында.

Экология министрлігі барлық өңірде жұртшылықпен кездесу өткізіп, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылаған. Нәтижесінде 17 Жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты шаралар қарастырылған.

"Баршамызды экологиялық проблемалар аландатуда. Атап айтқанда, атмосфералық ауа мен жер үсті суларының ластануы, қалдықтармен байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сондай-ақ ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматының ауасы тазарды ма

Мәселен, Алматы қаласының экологиясын жақсарту үшін Жол картасында жиырма 20 іс-шара қарастырылған.

Оның ішінде негізгісі: ТЭЦ-2 мен ТЭЦ-3-ті газға ауыстыру, қалаға іргелес жатқан жеке меншік үйлерді газдандыру, коммуналдық және қоғамдық автокөліктерді табиғи газға көшіру, дизель отынымен жүретін қоғамдық көлікке кезең-кезеңмен тыйым салу, транзиттік көліктердің кіруіне/жүруіне шектеу қою жағын қарастыру және көгалдандыру.

Атмосфераның ластануын төмендету үшін не істеу керек

Сонымен қатар, жел режиміне зерттеу жүргізу мен соны ескере отырып, сәулет келбеті ережелеріне өзгерістер енгізу және құрылыстың бас жоспарларын түзету де көзделіп отыр.

Мырзағалиевтің айтуынша, Жол картасын іске асыру нәтижесінде ауаға тарайтын ластаушы заттардың көлемі 144,0 мың тоннадан 79,5 мың тоннаға дейін немесе 44%-ке азаяды. Яғни атмосфераның ластану индексі жоғары деңгейден (8) орташа деңгейге (6) дейін төмендейді.

2
Кілт сөздер:
атмосфералық фронттар, экология, ауаның ластануы
Тақырып бойынша
Пекинде ауаның ластануына байланысты қауіптің "қызыл" деңгейі енгізілді
Қытайдың 79 қаласы қалың түтіннің астында қалды
Алматыда ауаның ластануы жыл сайын ұлғайып барады
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Экология министрі қалдыққа бай облыстарды атады
Газ конфоркасы

Қазақстанда елді мекендердің тек 24 проценті газбен қамтылған

11
(Жаңартылды 09:43 24.11.2020)
2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекеннің тек 1468-іне газ тартылған. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді атады. 

Олар: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,2%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

"Жалпы, еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і немесе елді мекендердің жалпы санының 24%-ы газдандырылған", - деді Ноғаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, айтуынша, соңғы бес жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.

Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ке жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ке артық.

2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде соңғы екі жылда 76 миллиард теңге бағытталды.

11
Кілт сөздер:
газ, Қазақстан
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда дәмханада жойқын жарылыс болды – видео
Нұр-Сұлтанда дәмханада қайтыс болған адамның отбасына 1 млн теңге төленеді
Газ нарығының болашағы қандай?
Павлодарда ТЖД қызметкері газ баллонын үйден шығарып жатқанда жарылыс болды
Мамин әкімдіктерге бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құруды тапсырды