Қоғам

Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматы әкімі Бауыржан Байбек
Алматы әкімі Бауыржан Байбек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы әкімі флешмоб аясында батырлар жырынан үзінді оқыды

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" мәдени флешмобына қатысып, эстафетаны режиссер Ақан Сатаевқа, боксшы Қанат Ислам мен әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

Байбек "Алпамыс батыр" эпосынан үзіндісін оқыды.

"Ардақты ағайын! "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасы аясында "Алпамыс батыр" жырын оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Aида Балаевадан қабыл алып, эстафетаны елімізге белгілі кинорежиссер Ақан Сатаевқа, танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам және ел мақтанышы, дарынды әнші Димаш Құдайбергеновке жолдаймын!", — деп жазды  Бауыржан Байбек желідегі парақшасына. 


Жаңалықтар
0