Қыз, иллюстративті фото

Алматы көлінде түсірілген видео желіні дүрліктірді: Байбек түсініктеме берді

2927
(Жаңартылды 09:27 08.12.2018)
Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкратова желіге жариялаған видеосымен интернетті шулатқан еді

АСТАНА, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бауыржан Байбек болашақта мұндай оқиға қайталанбайды деген үмітте, деп хабарлайды тілшісі. 

Әкім Үлкен Алматы көлінде түсірілген видеоны әлеуметтік желілерден көргенін айтты. 

"Менің білуімше, полиция оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол жердің табиғаты сұлу екені, судың көлден алынатыны да рас. Бірақ, сіздер, су сол күйі алына салады екен деп ойламаңыздар. Тазарту құрылғылары және тағы басқалары бар дегендей. Бірақ көлде сырғанауға тыйым салынған", — деді Байбек ОКҚ-де өткен брифингте. 

Қала басшысы көлде сырғанаған қыздың кәсіби спортшы екенін бірнеше күн бұрын ғана білген. 

"Ол қыз кейін кешірім сұрады. Өз қылығының дұрыс емес екенін түсінген. Бірақ заңды білмеу оны жауапкершіліктен босатпайды", — деді әкім. 

Байбек болашақта мұндай оқиғалар қайталанбайды деген ойда. 

Еске сала кетсек, осыдан бір-екі күн бұрын мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратова Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанап жүрген видеосын жариялайды. Спортшы қыздың видеосын тамашалағандар саны миллионнан асқан. Бірі қыздың биі мен көлдің табиғатына сүйсінсе, енді бірі Ксенияны жерден алып, жерге салды. Осыдан кейін спортшы қыз инстаграм парақшасын жабуға мәжбүр болған. 

Ал кеше Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter аккаунтында Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкратованың фотосын жариялап, оның Қазақстан табиғатын қорғау туралы пікірін қолдайтынын жазды.


2927
Кілт сөздер:
коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, Бауыржан Байбек, Алматы
Тақырып бойынша
Тоқаев Үлкен Алматы көлінде коньки тепкен қызға қолдау білдірді
Байбек: Алматыда 500 теңгеге дәмді тамақ жеуге болатын мейрамханалар бар
Байбек Димаш Құдайберген мен Қанат Исламға үндеу жолдады
Алматыда 500-ден астам әйел көшеге шықты

Алматыда 700-ге жуық әйел көшеге шықты - фото

22
(Жаңартылды 16:11 08.03.2021)
Алматы қаласында әйелдер маршына 500-ден астам шықты. Негізгі ұраны - "Феминизм Қазақстанды құтқарады!"

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Алматыда жүздеген әйел көшеге шықты. Жергілікті билік әйелдер маршын өткізуге алғаш рет рұқсат беріп отыр, деп хабалайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін "Feminita" феминистік тобы әлеуметтік желідегі парақшасында әкімдіктің әйелдер маршына рұқсат бергені жайында хабарлаған болатын. Осы топтан бөлек акция ұйымдастырушыларының қатарында "КазФем", "ФемСреда", "SVET" қоры мен FemAgora да бар.

Маршқа қатысушылар әйелдер құқығын қорғау үшін көшеге шыққанын айтып отыр. Ал негізгі талаптары - тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды күшейту, бірдей еңбекақы енгізу, "әйелдерге тән емес" кейбір мамандықтарға жол ашу.

Акцияға шыққандар Ганди атындағы саябақта кездесті. Ол жерге, шамамен, 700-дей адам келді. Бұл феминистік қозғалыстың Алматыда ресми түрде рұқсат берілген ең ірі маршы болып саналады. Оған қатысушылар Шевченко көшесімен Жароковтан бастап Қонаевқа дейін плакат ұстап, жүріп өтті.

Бүгінгі маршқа байланысты Шевченко көшесінде көлік қозғалысы уақытша жабылды. Қатысушылардың алдында полиция көлігі жүрді. Жедел жәрдем де болды.

"Біз әйелдер митингін 2017 жылдан бері өткізуге тырыстық. Бүгін мақсатымызға жеттік", - дейді ұйымдастырушылар.

22
Коронавирус, аурухана

Коронавируспен ауырғандарда қандай дерт пайда болуы мүмкін

635
(Жаңартылды 14:20 08.03.2021)
Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды

АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.

Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.

Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.

Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.

Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.

635
Кілт сөздер:
дерт, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталды – видео