Қоғам

"Менен бәрі қорқады". Қатты күйіп қалған бала Аяз Атадан жаңа бет-әлпет сұрады

© Photo : CC0 / ambermbБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мейірімді қазақстандықтар баланың еміне қаражат жинап жатыр

АЛМАТЫ, 11 желтоқсан — Sputnik. Алматылық еріктілер Ольга Рябева мен Анна Токишева "Я рядом" атты қайырымдылық қозғалысын ұйымдастырып, соның аясында әлеуметтік желіде "Аяз Атаға хат" науқанын бастады.

Еріктілер тобына 500-ден аса хат келіп түскен, олардың басым көпшілігі ауыр науқасқа шалдыққан балалардан. Сондай хаттардың бірін жазған Бахтиер Синдров Өзбекстанда тұрады, өрт кезінде қатты күйіп қалыпты.

Бала хатында Аяз Атадан жаңа бет-әлпет сұрайды.

"Өзге балалардай болғым келеді", — деп жазады кішкентай Бахтиер.

Балақай сәби күнінде өрттен зардап шегіп, бас терісі мен бассүйегінің бір бөлігінен айырылған. Қазір жасы алтыда, ата-анасымен бірге Самарқандқа жақын жердегі ауылда тұрады.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үйдегі пештің жарылуынан күйіп қалған бала Кореяға емделуге кетті

"Үйден мүлдем шықпайды деуге болады, өйткені оны көрген адамдарың зәре-құты қалмайтын көрінеді. Жарақаты үнемі жанына батып ауырса да, ол төзімділік танытып, шағым айтып көрмепті. Мұрны мен құлағы жоқ болған, көздері жұмылмайтын, бассүйегінің бірнеше бөлігі күйіп кеткен", — деп жазды Ольга Рябева Facebook парақшасында.

Бахтиердің әкесі құрылыста әртүрлі жұмыс істейді, күнкөріс қамымен Қазақстанға жиі барып тұрады. Анасы үй шаруасында, Бахтиерден бөлек тағы екі баланы бағып-қағып отыр.

Былтыр еріктілер Үндістанда баланы емдетуге аурухана тапқан. Қазақстандықтар үш күн ішінде 21 мың доллар жинап береді. Балаға жаңа ерін салып, тістерін қалпына келтіруді бастаған. Қабағына ота жасап, мұрын қуысын кеңейтіпті.

Жарты жылдан кейін Бахтиердің ата-анасы екінші рет ауруханаға барады. Бұл жолы оның мойынына сұйықтық құйылған имплант жалғап беріпті, соның көмегімен мойын терісі біртіндеп созылып, кейін оны бетіне ауыстырып салуға болады.

Қазір еріктілер тағы да ақша жинап жатыр – Бахтиердің басына пластина салып, көзінің астындағы терісін ауыстырып салу керек. Бұған 18 мың доллар кетеді, әлі 3 миллион 250 мың теңге жинау керек (8800 доллар).

Ата-анасының келісімімен "Я рядом" тобының еріктілері келесі реквизиттер арқылы қаражат жинауда:

  • KASPI GOLD: 5169 4931 2946 0997
  • QAZKOM: 4405 6378 1915 1319
  • Киви-әмиян: 87772400200
  • Pay Pal: ola33308@mail.ru
Жаңалықтар
0