Сот балғасы, архивтегі фото

Сенат депутаты: кімнің қолында ақша бар, сотта сол жеңеді

711
(Жаңартылды 17:04 20.12.2018)
Сенатор әділетсіз қоғамда халыққа өмір сүру қиын екенін атап өтті

АСТАНА, 12 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаты Талғат Мұсабаев мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен соттағы жемқорлық мәселесін шешуді сұрады, деп хабарлайды тілшісі. 

Сенатор 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кездесуде соттарда сыбайлас жемқорлықтың дендеуіне алаңдады. 

"Маған сотта әділдік таппаған азаматтар көп келеді. Олар "қазір кімнің қолында ақша бар, барлық сотты сол жеңіп алады" деп айтады. Қазір сотта жеңу үшін сол адамнан 100 мың доллар сұрайды. Ал ол мұндай ақшаны қайдан алсын?", — деді Мұсабаев. 

Депутат әділетсіз қоғамда халыққа өмір сүру қиын екенін атап өтті. 

"Сотқа жүгінген адамның қолында барлық айғақ – құжаты, видеосы болып тұрса да, жеңіліп қалады. Әділдік таппайды. Өйткені қалтасында ақшасы жоқ. Меніңше, агенттік (мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – Sputnik) осы мәселемен айналысуы керек", — деді ол. 

Мұсабаев шағымның дені Алматы қаласынан түсетінін айтты. 

"Әсіресе, бұл Алматыда қатты белең алған. Сондықтан агенттік осыған баса назар аударуы тиіс. Қалғанының бәрі оңай, ең қиыны осы болып тұр. Егер  сіздер осы мәселені шешсеңіздер, халық сіздерге алғысын айтады", — деді депутат. 

 

Ал мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов сенатордың сөзімен толық келісті. 

"Өкінішке қарай, соттарда жемқорлық бар. Біз жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әрине, қиыншылықтар да кездеседі. Бізге де сот шешімімен келіспеймін деп келетіндер көп. Бірақ Конституциямен бекітілген тәртіп бар: бірде-бір мемлекеттік орган сот шешіміне баға бере алмайды. Яғни, оның қаншалықты әділетті, заңды немесе заңсыз екеніне. Тәртіп бойынша жоғарғы сотқа, бас прокуратураға шағымдануға болады", — деді ол. 

Бектенов сыбайлас жемқорлықты екі жақты қозғалысы бар көшеге теңеді. 

"Кейде адамдар шарасыздықтан пара беріп жататыны рас. Бірақ, өкінішке қарай, парамен мәселені шешу оңай деп ойлайтындар да бар. Олар заңмен жеңе алмайтынын біледі де, пара береді. Бұл жағдайда ол да сондай қылмыскер", — дейді Бектенов.


711
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, сот, Талғат Мұсабаев, Қазақстан
Тақырып бойынша
ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты
Кінәсі дәлелденбеген қостанайлық дәрігерлер ақталып шықты
Өзінің ақшасын алды: Жоғарғы сот бөтеннің мүлкін иеленген әйелді ақтап шықты
"Адам болсын деп істеді". Таяқ жеген студенттің анасы оқытушыны ақтап алды – видео
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

14
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

14
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

790
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

790
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын