АСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Қазақ елі" монументі алаңында мұз айдынының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алматы ауданы әкімінің орынбасары Тынысбек Арашаповтың айтуынша, елордалықтар өз конькилерімен келіп тегін сырғанай алады. Ал конькиі жоқтар сол жерден жалға ала алады.
Мұз айдыны орталығында жаңажылдық шырша орнатылды, ойын-сауық іс-шаралар өткізу үшін сахнасы жабдықталған. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен жарықдиодты экран қойылған, ол жаңажылдық телехабарлар мен Елбасының құттықтауын тікелей эфирде көрсететін болады.
Ыстық тамақ, сырғанауға арналған құралдар беретін орындар ашылған. Алаң аумағы шағын сәулет нысандарымен және жарықилюминді панномен безендірілген. Көліктерге арналған арнайы орын және қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
"Бұл алаң күзетілетінін білесіздер. Полиция бекеті бар, олар тәулік бойы тәртіпті қадағалайды. Сонымен қатар, дәріхана, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық қызметкер де болады", — деді Арашапов.Қазіргі кезде Президенттік» саябақта "Хайвилл" ТК жағынан ең биік және ең үлкен мұзды тау ашылды. Оның ұзындығы – 160 метрден астам. Оны "Астана көгалдандыру құрылысы" жұмысшылары салған.
Бұл жерде де ыстық тамақ, сырғанаққа арналған құралдарды жалға беретін дүңгіршектер бар. Демалушылардың қауіпсіздігі мен тәртібіне қызғылт сары түсті желет киген еріктілер қарап отырады. Аязға қарамастан сырғанақ тебуге келгендер саны өте көп. Экстремалды демалыс түрін жақсы көретіндерге осында қарда жүретін машиналар, солтүстік елігі және пони жегілген шаналар ұйымдастырылған.
АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.
Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.
Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.
Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.
Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев серуенінің суретін жариялады.
Фотода мемлекет басшысының итін көруге болады. Тағы біреуі артында тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Суреттегі ит қазақы тазы тұқымынан болуы мүмкін.
"Тамаша күн. Таңғы серуен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды", - деп жазды Уәли.
Таңертең президент сайтында ресми құттықтау жарияланған болатын. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген еді президент.
НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Ақтаудағы тұрғын үйдің кіреберісіне түлкі кіріп кетті. Оқиға 34-ші шағын аудандағы "Сандықтас" тұрғын үй кешенінде болды, деп хабарлайды "Лада" басылымы.
Түлкінің бұл жерге қалай жеткені белгісіз.
Видеода оның шығатын жер іздеп, қабырғаға өрмелегені көрінеді. Ролик авторлары жыртқыш аңды далаға шығарып жіберді.
"Тұрғындар түлкіні пәтерде ұстады деп ойламаймын. Бұл ең шеттегі үй, дала суық болғандықтан, түлкі даладан қашып келді деп ойлаймын", - деді "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Кирилл Осин.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағандыда көліктің ішіндегі арыстанның суреті жарияланған болатын. Ол жергілікті хайуанаттар бағынан екені анықталды. Алайда жеңіл көлікпен тасымалдауға рұқсат болмаған. Полиция тексеріс жүргізеді.