ҰБТ

2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?

3201
(Жаңартылды 09:19 20.12.2018)
Келесі жылдан бастап грант мамандық бойынша емес, білім бағдарламасының топтары бойынша тағайындалады. Ал ҰБТ жылына төрт рет өткізіледі

АСТАНА, 19 желтоқсан – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі 2019 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау мен ҰБТ өткізу бойынша қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында келесі жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Сондай-ақ, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр. 

"Жаңа классификаторда мамандықтардың тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетіледі.  Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім беру бағдарламаларын әзірлеп алады. Осыған орай, гранттар білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады", — делінген хабарламада. 

Мәселен,  "Математика пәні мұғалімдерін даярлау" тобына "математика", қосарланған "математика-физика", "математика-информатика" мамандықтары кіреді. Яғни, білім гранттарын тағайындау бұрынғыдай мамандықтар бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. 

"Грант ұтып алған талапкер ЖОО-ға өзі таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, кейін университетке құжаттарын тапсыру кезінде таңдаған мамандығы бойынша білім алады", — деп хабарлады министрлік. 

Ведомство 2019 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Тестілеу 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша жүргізіледі. Биылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі – қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айлары.

Ерлан Сағадиев
© Photo : Министерство образования и науки Республики Казахстан

"Қаңтар, наурыз, тамыз айларында ҰБТ тапсырғандар жоғары оқу орнының тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік грантты жеңіп алғысы келсе, міндетті түрде маусымда өтетін ҰБТ-ға қатысуы қажет", — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Ақылы бөлімге түсу үшін талапкер жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинаса болғаны.  

Талапкер қаңтар, наурыздағы ҰБТ-ны өзіне ыңғайлы кез келген пункте тапсыра алады. Тек ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беріп үлгеруі қажет.


3201
Кілт сөздер:
ЖОО, ҰБТ, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан
Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)
Тақырып бойынша
2019 жылы қаңтарда өтетін ҰБТ-ға кім қатыса алады?
ҰБТ-ға тағы да өзгерістер енгізілуі мүмкін
ҰБТ-ны қайта тапсыру қанша тұрады?
Семейлік қыз ҰБТ-дан бірде-бір балл жинай алмады
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны артты

15
(Жаңартылды 08:10 21.10.2020)
Бүгінгі күнге дейін республика бойынша коронавируспен ауырған науқастардың саны 109 766 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 143 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында (29) анықталды. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (19) мен Алматы қаласында (13) тіркелді", – делінген хабарламада.  

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 29
  • Алматы қаласы - 13
  • Ақмола облысы - 6
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 14
  • Атырау облысы - 11
  • Шығыс Қазақстан облысы - 19
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 5
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 10
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 8.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша індет жұқтырған адамдар саны 109 766-ға жетті.

15
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Ғалымдар мезгілсіз өлімнің белгілерін атады
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
COVID-19-бен байланысты қауіпті синдром байқала бастады: ғалымдар дабыл қақты
Әуежай қызметкері

Қазақстанда 26 қазаннан бастап қандай халықаралық рейстер қысқарады

85
Халықаралық төрт бағыт бойынша бір аптада 17 рейс қысқартылады. Бұған дейін Air Astana күз-қыс кезеңінде халықаралық рейстерді кейбір өзгеріспен орындауды жалғастыратынын хабарлады

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты халықаралық рейстер саны қалай қысқаратыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осылайша, комитет Біріккен Араб Әмірліктеріне және кері рейстерді аптасына 8 рейске қысқарту туралы шешім қабылдады.

Беларусь еліне ұшу және кері қайту бойынша бес рейс, Германияға екі рейс қысқарады.

"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуекомпания сайттарында жарияланаған кестеге сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асатын болады", - деп хабарлады ведомство. 

Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясының күзгі-қысқы навигация кезеңінде халықаралық рейстерді кейбір өзгеріспен орындауды жалғастыратыны хабарланды.

Әуекомпания президенті Питер Фостер вирустың таралуын болдырмауға бағытталған үкіметтің шешімін қолдайтынын айтты. Алайда саяхат, туризм және демалыс индустриясы жаһандық экономикалық белсенділік пен жұмыс орындарын ұлғайтудың қуатты генераторы болып табылатынын атап өтті.

"Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен қайта іске қосылуы өте маңызды. Олай болмаған жағдайда қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдар өмірі үшін де қиын болады", - деп атап өтті Фостер.

85
Кілт сөздер:
рейстер, әуе қатынасы, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Жағамызды ұстадық" Қазақстандық стюардессаның ашық әңгімесі
Қазақстандықтар апаттан зардап шеккендердің туыстарына ұшақтағы орындарын берді
Желіде малайзиялық ұшақтың апатына қатысты іс бойынша жаңа құжаттар пайда болды
Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды
Есмағамбетова: Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді