Денис Теннің анасы Оксана Тен

Денис Тен армандаған академия қайда ашылатыны белгілі болды

133
(Жаңартылды 12:20 21.12.2018)
Белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасынан кейін құрылған қор жұртшылықпен алғашқы кездесуін өткізді

АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Денис Тен қоры атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды жария етті, деп хабарлайды тілшісі. 

Денистің анасы, қор директоры Оксана Тен ұлының жан-жақты адам болғанын атап өтті. Сондықтан қордың қызметінде бірнеше бағыт белгіленген. 

"Біз оның музыкалық жобаларын іске асыруды, яғни музыкалық диск шығаруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, әңгімелер, өлеңдер мен ертегілер жинағы шығарылады. Денис жазған әдеби шығармалар өте көп. Денис Теннің сценарийі бойынша "Слепая любовь" көркем фильмі түсіріледі", — деді ол.  

Оксана Тен ұлының тағы бір үлкен арманы мәнерлеп сырғанау академиясын ашу болатынын атап өтті. 

"Біз бұл жобамен жұмыс істеп жатырмыз. Академияны 2019 жылы ашуды жоспарлап отырмыз",- деді спортшының анасы. 

Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" АҚ президенті Сергей Кан жобаға Ресейдің мәнерлеп сырғанау бойынша жаттықтырушысы Татьяна Тарасова да қосылғанын атап өтті. Жобаны мәдениет және спорт министрлігі, мәнерлеп сырғанау федерациясы және ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жүзеге асыруда.

"Біз Тарасованың келгенін пайдаланып, бұл мәселені жан-жақты талқыладық. Бұл ұзақ мерзімді жоба. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бізге "Халық Аренаны" бөлді. Қазір біз мұз айдынды пайдалану кестесін пысықтап жатырмыз", — деді ол.

Айта кетсек, Денис Тен қоры осы жылдың тамызында құрылған. Бүгін қор алғаш рет Қазақстан жұртшылығының өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. 

Үш-төрт айдың ішінде қор қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар үшін әлемнің төрт дүркін чемпионы, Еуропаның үш дүркін чемпионы Алексей Ягудин, жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Елена Радионовамен шеберлік сағаттарын ұйымдастырған.


133
Кілт сөздер:
мәнерлеп сырғанау, академия, Бауыржан Байбек, Денис Тен, Алматы
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (102)
Тақырып бойынша
Денис Теннің өліміне күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Министр Денис Тенді марапаттау жайлы: Қолымнан келгені осы
Димаш Лондондағы концертінде Денис Тенге арналған әнін орындайды
Қасымов: Денис Теннің өліміне қатысты тергеу аяқталды
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

88
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

88
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9621
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9621