ақша

Бірінші қаңтардан жәрдемақы мен зейнетақы өседі: кімге және қанша төленеді?

43158
(Жаңартылды 14:49 03.01.2019)
2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жәрдемақы мен зейнетақының мөлшері өзгереді

АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. 2019 жылы І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы биылғыдан 2700 теңгеге көбейсе, бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өспек. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап төртінші баланы босанған аналарға біржолғы жәрдемақы 7560 теңгеге артады.

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдердің қаншалықты өсетіні әрбір қазақстандықтың көкейіндегі сұрақ. Сонымен, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала тууына байланысты берілетін бір реттік төлемдер 4,5 мың теңгеге артпақ, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы. 

"2018 жылы бір реттік берілетін жәрдемақының көлемі 91 390 теңге болған. 1 қаңтардан бастап 95 950 теңге болады", — дейді "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің филиал басшысы Райхан Жолдықұлова.

Сондай-ақ жаңа жылдан бастап 4-ші баланы босанған аналарға бір реттік жәрдемақы 151 515 теңгеден 159 075 теңгеге немесе 7560 теңгеге көбейеді.

Тағы оқыңыз:

Ал І топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 715 теңгеге өсіп, 57 021 теңге болады. ІІ топтағы мүгедектердің жәрдемақысы 2 163 теңгеге артып, 45 438 теңге болады. Ал, үшінші топтағы мүгедектердің алатын көмегі 30 886 теңге немесе биылғымен салыстырғанда 1470 теңгеге артады.

Бұдан бөлек, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы да аздап артады. Мысалы, әкесі немесе шешесінен айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін 25 541 теңге немесе қазіргімен салыстырғанда 1200 теңгеге көп көмек алады. Ал, бала кезінен І топ мүгедегін тәрбиелеп немесе күтім жасап отырған отбасылардың жәрдемақысы 1484 теңгеге өседі.

"І топ мүгедек баланың күтіміне және оның асырауына байланысты 2018 жылда жәрдемақы мөлшері 29 698 теңгені құраса, жаңа жылдан бастап 31 183 теңгеге көбейеді", — дейді "Азаматтарға арналған үкімет" АҚ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері Жанна Меңілбекова. 

Тағы оқыңыз:

Сондай-ақ, келесі жылы әйелдер зейнетке биылғыдай 58,5 емес, 59 жастан шығады. Ал, зейнетақы инфляция деңгейінде немесе 7 пайызға өседі.  Айыппұлдар мен түрлі салықтарға тікелей қатысты айлық есептік көрсеткіш келесі жылға 2 525 теңге көлемінде бекіді.

43158
Кілт сөздер:
2019 жыл, жөргекпұл, зейнетақы, жәрдемақы
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Зейнетақы қорындағы қаржы бес жылдан соң таусыла ма? Ұлттық банк жауап берді
Фрилансерлер зейнетақы жарнасын келесі аптадан бастап аудара алады
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
"БЖЗҚ" басшысы 20 жылдан кейін зейнетақы қалай төленетінін айтты
Зейнетақы қорының мәлімдемесі депутаттың ашуын туғызды
"Жәрдемақы табыс емес". Министр Әбілқасымова әділеттік орнатуға уәде берді
Жаңа жылдан бастап үш әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай жәрдемақы төленбек
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

21
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

21
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

1046
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

1046
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын