Жаңа 2019 жыл

"Жүгіремін" Депутаттар мен министрлер Жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

399
(Жаңартылды 19:33 28.12.2018)
Қазақстандық саясаткерлердің барлығы дерлік Жаңа 2019 жылды үйде отбасымен қарсы алуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik, Нұргүл Абай. "Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, жылды солай өткізесің" деген сөз бар. Содан болар, әр адам жаңа өмірдің бастауы – Жаңа жылды естен кетпестей қарсы алуға тырысады. Осы орайда Sputnik Қазақстан тілшісі Қазақстанның депутаттары мен министрлерінен Доңыз жылын қайда және қалай атап өтетінін сұрап білді. 

"Жаңа жылды үйде қарсы алу керек"

Мәжіліс төрағасы Доңыз жылын жылдағы дәстүрмен үйде балаларымен және немерелерімен бірге қарсы алмақ. Мереке күндері шет елге барып, демалуға уақыт жоқ дейді. 

"Қаңтардан бастап атқаратын жұмысымыз өте көп. Өз басым жұмыс істеймін. Сондықтан ешқайда бармаймын", — деді мәжіліс спикері. 

Нығматулин қазақстандықтарға Бурабайда демалуға кеңес берді.

"Қыстыгүні күн жылы болып тұрған кезде, мына тұрған Бурабайға барып, демалысты сонда өткізу керек", — дейді ол. 

Ал сенат депутаты Жаңа жылды әр жыл сайын отбасымен бірге ауылда қарсы алатынын айтты. Депутаттың тарих қойнауына енгелі жатқан Ит жылына еш өкпесі жоқ. 

"Өзім үшін биылғы жыл барлық жағынан жақсы болды деп есептеймін. Біз үмітшіл халықпыз. Сондықтан келесі жылы елдің үміті ақталсын деп тілеймін. Елімізде тыныштық, бақ-береке, іші бүтін, сырты тыныш болсын", — деген ізгі тілегін жеткізді сенатор. 

Еңсегеновтің әріптесі Мұрат Бақтиярұлы да жаңа 2019 жылды отбасының ортасында қарсы алуды жоспарлап отыр. 

"Ешқайда бармаймыз. Мен жалпы өмірімде қыдырған адам емеспін, жылда отбасыммен Астанада мерекелеймін", — дейді сенатор Бақтиярұлы. 

Халық қалаулысы биылғы Ит жылына "тұрақты" деген баға берді. 

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова үшін де Жаңа жыл – отбасылық мереке. 

"Осы жолы Астанада, балаларыммен және немерелеріммен атап өтемін. Биыл балаларым маған қонаққа келеді. Шет елдерге саяхаттап шығу ойымда жоқ", — деді депутат ханым. 

"Тура сағат он екіде жүгіреміз" 

Мәдениет және спорт министрі Доңыз жылын елден ерек қарсы алғалы отыр. Министр сағат тілі он екіні соққанда Астана көшелерімен жүгіріп, салауатты өмір салтын насихаттамақшы. 

"Тура сағат он екіде далаға шығып, марафон ұйымдастыру ойымызда бар. Бірақ, бұл нақты емес. Себебі ауа райына қарауымыз керек. Қатты аяз болса, әрине, жүгірмейміз. Егер жылы болса, бірнеше азаматпен бірге Жаңа жылды жүгіріп қарсы аламыз", — деді Мұхамедиұлы. 

Оның айтуынша, "Бәйтерек" монументінен басталатын марафонға кез келген қазақстандық қатыса алады. 

Ал ел үкіметіндегі жалғыз әйел министр отбасымен Бурабайға баруды жоспарлап отыр. 

"Былтыр да Жаңа жылды Бурабайда қарсы алған едік", — дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 

Кеше ғана президенттің жарлығымен жаңадан құрылған индустрия және инфраққұрылымдық даму министрлігінің (бұрынғы инвестициялар және даму министрлігі – Sputnik) тізгінін ұстаған те Доңыз жылын қайда және қалай қарсы алатынын айтты.

"Әке-шешеммен, үйдегі жолдасыммен және балаларыммен Астанада атап өтеміз. Жыл да солай. Жаңа жылдан кейін, Алматыға немесе Көкшетауға қыдырып барып қалуымыз мүмкін", — деп жоспарымен бөлісті ол. 

Министр қазақстандықтарға жаңа 2019 жылда зор денсаулық, отбасыларына бақ-береке, ал елімізге тыныштық тіледі. 

Денсаулық сақтау министрі та Доңыз жылын отбасымен Астанада қарсы алмақ. 

Ал әділет министрі болса, үлкен ағасымен бірге елордада тұратын ата-анасына қонаққа баруды жоспарлап отыр. 

"Ағамыз екеуіміз Жаңа жылды үнемі әке-шешеміздің үйінде тойлаймыз. Менің ата-анам үшін ең үлкен сый – ұлдарымен, немерелерімен бірге уақыт өткізу", — дейді министр. 

Ұлттық экономика министрі  әріптестері секілді 2019 жылды елордада қарсы алмайды. Министр жылдағы дәстүр бойынша Павлодарға барып, ата-анасымен бірге тойламақ. 

"Жылда солай істейміз. Сондықтан биыл да осы дәстүрді сақтаймыз. Жаңа жылда ән айтамыз, бір-бірімізге тілек білдіреміз. Сыйлықтарымыз да дайын", — деді Сүлейменов.

399
Кілт сөздер:
жаңа жыл, 2019 жыл, отбасы, мереке күндері, марафон, Жеңіс Қасымбек, Нұрлан Нығматулин, Мадина Әбілқасымова, Тимур Сүлейменов, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Бурабай, Павлодар, Астана
Тақырып:
Жаңа жыл 2019: Доңыз жылында бізді не күтіп тұр? (31)
Тақырып бойынша
Жаңа жылда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Димаш Құдайберген Қытайда басты жаңа жыл шоуының түсіріліміне қатысты
2019 жылға жұлдыз жорамал: Жаңа жылда кімдердің жолы болады?
Жаңа жыл жақындап қалды: Сағынтаев әкімдерге қандай тапсырма берді?
Вице-министрлер, полицейлер мен жауапты хатшы: 2018 жылдың парақорлары кімдер?
Астанада жаңа жылда қайда баруға болады?
Микрофон

Әнші Досымжан Таңатаров зейнетке шықты видео

1177
(Жаңартылды 18:52 25.01.2021)
2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанған Досымжан Таңатаров Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған

АЛМАТЫ, 25 қаңтар – Sputnik. Әнші Досымжан Таңатаров президент оркестрінде 20 жыл қызмет етіп, майор шенімен зейнетке шыққанын хабарлады.

"2000 жылы Тараз қаласынан арнайы шақырумен келдім. Содан бері ешқайда жылжымай оркестрде қызмет істеген екенмін. 2003 жылдан бастап әскери жұмысқа кірістім, оның алдында әнші ретінде қызмет атқардым. Осы оркестрдің артқан сенімін алып шығуға бар күш-жігерімді салып өнер көрсетіп қызмет істегеніме де 20 жылдың көлемі болған екен", – деп жазды Таңатаров Instagram парақшасында.

Айтуынша, осы уақыт ішінде мемлекеттік іс-шараларда, шетелдің мемлекет басшылары мен арнайы қонақтар қатысқан салтанатты жиындарда өнер көрсеткен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Досымжан Танатаров (@dossymzhan_tanatarov)

"Осы оркестрмен АҚШ, Қытай, Германия, Ресей, Араб елдерінде өнер көрсетіп, өз еліміздің мәдениетін, өнерін танытуға үлес қосқанымды мақтан тұтамын. Өнер биігінде өзімді қалыптастыруға, танымал болуыма, жалпы азамат болуыма осы ортаның берген көмегі көп болды. 20 жылдық ғұмырым оркестрге арналды. Мен де оркестрге аз нәрсе берген жоқпын. Мемлекеттік деңгейдегі марапаттардың бәріне бірден-бір себепші болған да осы оркестр", – деп жазды ол.

Досымжан Таңатаров оркестрдің толық құрамымен бірге 2015 жылы "Қазақстан" орталық концерт залында жеке шығармашылық кешін берген. Бір жылдары оркестрдің көркемдік жетекшісі болды.

"Әскери қызмет болғаннан кейін өткен жылы осы мемлекеттік күзет қызметі президент оркестірінен майор шенімен арнайы зейнетке шықтым. Оркестр басшысы Талғат Айтжанұлы әріптестерім Клара Түленбаева, Ардақ Балажанова үшеумізді осылай құрмет көрсетіп шығарып салды. Осы ұжымға, осында арнайы шақыртқан ағаларға, мені қолдаған басшыларға, халқыма рахмет айтып, басымды иемін", – деді ол.

Оқи отырыңыз: "Мені көргендер қарапайым екенсіз ғой деп таңғалады": Қайрат Байбосыновтан 10 кеңес

Айтуынша, 2000 жылы қызметке кіріскен кезде президент оркестрінің бастығы Арыстанбек Мұхамедиұлы, көркемдік жетекшісі Бекболат Тілеухан, бас әнші Нұрлан Өнербаев, ансамбль жетекшісі Рүстем Күлшебаев болған.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында туған. 2008 жылы Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2009 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды.

1177
Кілт сөздер:
әнші, зейнеткер
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео
Коронавирус жұқтырған Мейрамбек Бесбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
"Басқа проблема жоқ па?" Тоқаевтың тойға қатысты ұсынысы кімге жақпай қалды?
Ернар Айдар туралы не білеміз?
"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты
Вакцинация

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?

26
(Жаңартылды 18:49 25.01.2021)
Маман екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар екенін айтады. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса, дәрігермен кеңесуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын абайлап қолдануы керек, деп мәлімдеді Гамалея орталығының директоры Александр Гинцбург.

Сондай-ақ, ол "Спутник V" нұсқауында онкологиялық науқастарға вакцинация жасауға тыйым салынбайтынын атап өтті, деп хабарлайды РИА Новости.

Маманның пікірінше, екпені қолданудың өз ерекшеліктері бар. Яғни, емделуші мұндай топқа жататын болса сақтықпен, емдеуші дәрігермен кеңесуі керек.

"Бұл тұжырымдама "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігі мәселесімен байланысты емес. Себебі, онкологиялық науқастар түрлі химиялық терапия курсынан, соның ішінде қуатты цитостатикадан өткен болуы мүмкін (ісікке қарсы дәрі-дәрмектер тобы – Sputnik). Мұның бәрі иммундық функцияны төмендететіні анық", – дейді Александр Гинцбург.

Бұған дейін қатерлі ісікке шалдыққан науқастар "Спутник V" вакцинасын абайлап қолдану керектігі хабарланған болатын. Өйткені оның мұндай науқастарға әсері туралы ақпарат әлі де жеткіліксіз. Сондықтан да медициналық преапаратты қолдану жөніндегі жаңа нұсқаулықтың шыққанын күтуге тура келеді.

Орталық басшысының айтуынша, мұндай жағдайларда вакцинация туралы шешім емдеуші дәрігермен кеңескеннен кейін қабылдануы тиіс. Алайда бұл "Спутник V" вакцинасының қауіпсіздігіне ешқандай қатысы жоқтығын немесе пациенттердің бұл тобын иммундауға тыйым салуды білдірмейді.

Оқи отырыңыз: "Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты

Сонымен қатар, Гинцбург "Спутник V" рак ауруын тудыруы мүмкін емес деп санайды. Өйткені, ол адамның аденовирусының дәлелденген және шимпанзе аденовирусы мен РНҚ платформасына негізделген бірқатар басқа дәрілерден айырмашылығы жақсы зерттелген. Бірақ оның ұзақ мерзімді әсерлеріне зерттеу жүргізілмеген.

26
Кілт сөздер:
коронавирус, онкология, вакцина
Тақырып бойынша
Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады
Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді
Тұмауға қарсы вакцинация: министр Цой өзіне екпе салдыруды жоспарлап отыр
Үкіметте вакцинация мен маска тағудың нәтижесі жарияланды 
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың ақпан айында басталады
Ресей президенті Владимир Путин

Путин зәулім сарай туралы сұраққа жауап берді

0
Ресей президенті Алексей Навальныйдың фильмін компиляция және адамдардың "санасын шаюға" тырысу деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин оппозиционер Алексей Навальный өз зерттеуінде айтқан "Геленджиктегі сарай" туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сұрақ Ресей студенттері күніне орай ұйымдастырылған университеттегі кездесу кезінде қойылды.

"Сіздің сұрағыңызға бірден жауап бергім келіп тұр. Ол жерде менің меншігім ретінде көрсетілгеннің ешқайсысы маған да, менің жақын туыстарыма да тиесілі емес және ешқашан тиесілі болмаған. Ешқашан", - деп жауап берді Путин.  

Ол сондай-ақ, бұл көптен бері көпірте айтылып келе жатқанын, "азаматтардың санасын шаю" үшін толықтырылып отырғанын мәлімдеді.

"Бұл ақпарат он жылдан астам уақыттан бері көпірте айтылып келе жатыр. Қалай болғанда да, қазір өте ыңғайлы уақыт, бәрін жинап, осы материалдармен біздің азаматтарымыздың санасын шайып тастауға шешім қабылдады. Оны интернетте жариялаған – онда қандай да бір фильмдер, видео бағдарламалар бар", - деді президент.

Төрт мыңға жуық адам жиналған: Мәскеу алаңында не болып жатыр

Сондай-ақ, Ресей басшысы фильмді құрастыру кезінде халықты адастыру мақсатында монтаж қолданылғанын мәлімдеді.

"Олар менің баттерфляй стилінде жүзіп жүрген суретімді жариялады. Кейде осылай жүзгенді ұнатамын. Бірақ ол бассейнде ешқашан болмағанмын. Неғылған бассейн екенін білмеймін. Бірақ осылай жүздім. Қашан және қайда? 2016 жылы Енисейде. Сондықтан бұл компиляция, монтаж", - деп түйіндеді Путин.

0
Кілт сөздер:
Владимир Путин