Суретші

Мемлекет басшысы жаңа хоббиі жайлы әңгімелеп берді

309
(Жаңартылды 10:27 30.12.2018)
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық зейнеткерлерді жаңа хобби меңгеруге шақырды

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сурет салуға қызығушылығы артып жүргенін айтты. 

"Ұзақ өмір сүру үшін айналысатын дүниелер көп болуы керек дейді. Тіпті, зейнетке шыққан соң да шет тілдерін меңгеріп, миды жаттықтырып, ғылыми әдебиет оқып немесе сурет салу қажет. Айтпақшы, мен де сурет салып жүрмін. Маймен сала бастадым", — деді Назарбаев қазақстандық журналистерге берген сұхбатында.

Бүгінде президент 20 картина салып үлгерген. Алайда, оның айтуынша, көрме ұйымдастыру үшін 25 картина болуы керек.

Сондай-ақ, Назарбаев жас кезінде музыканы жақсы көріп, түрлі аспапта ойнауды үйренгенін еске алды.

"Менің отбасымда бәрі ән салады — анам сондай кісі болды. Бірде баян тартып үйренгім келді. Ауылда ата-анам маған баян сатып әпере алмады. Содан жаз бойы сабан кірпіш құйып, 35 рубль жалақы алдым. Кейін соның 28 рубліне баян сатып алдым. Әкем "Ұйқы бермедің" деп тартып алғанға дейін есік алдында жастармен бас қосып, тартатынмын. Домбыраны кез келген қазақ шамалы болса да шерте алады. Гитараны меңгергім келіп, жуырда үйрене бастадым. Бірақ оңай аспап емес екен", — деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев теннис, гольф, жүзу және тау шаңғысы секілді түрлі спорт түрімен шұғылданады. Алғаш рет ол тау шаңғысымен 55 жасында сырғанаған екен.

309
Кілт сөздер:
хобби, аспап, картина, суретші, президент
Тақырып бойынша
Назарбаев: Қытай қаптап жатқан жоқ, мен осы жерде не қарап отырмын?
Назарбаев: Бүгін ғана аспаннан салбырап түскен жоқпыз
Назарбаев бірыңғай жиынтық төлем туралы заңға қол қойды
Назарбаев өз өміріндегі ең қиын сәт туралы айтты – видео
Назарбаев Қазақстанда жалақы 4 есе артқанын мәлімдеді
Назарбаев Түркістанды дамыту туралы: уақыт келді, әлі ешқандай жұмыс басталған жоқ
"Қиялданып жүрміз" Назарбаев кәсіпкерлерге тапсырма берді
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

164
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

164
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

9750
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

9750
Архивтегі фото

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

0
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

"Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Тергеу ісіне де көңілім толады", - дейді жәбірленуші Самира Дусталиева.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен  

"Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын", - дейді сотталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова.

0
Кілт сөздер:
Орал, педофил
Тақырып бойынша
32 педофил бостандыққа шығады – депутат алаңдаушылық білдірді
11 жасар қыз педофилден қашып құтылды – видео
"Көршілер педофилді ұстады": полиция желіде тараған видеоға түсініктеме берді
7 жасында зорланған қыздың анасы Тоқаевқа хат жазды