Дискотека

"Маскүнеммен шатастырды". Сал ауруына шалдыққан қыз өкпесін айтты

432
(Жаңартылды 15:00 03.01.2019)
Түнгі клубтың күзетшілері сал ауруына шалдыққан қызды маскүнеммен шатастырып алған

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. Астана қаласының жас тұрғыны Камилла Шоқанова түнгі клубтарға кірерде қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді.

Бойжеткен балалар церебралды сал ауруына шалдыққан. Психологиялық денсаулығы жақсы болғанымен, жүрісінде ерекшелік байқалады.

"Мені бірде-бір түнгі клубқа кіргізбейді. Бұл шағым емес. Бар болғаны болып жатқан жағдайға сіздердің назарларыңызды аударғым келеді! Орнымда кез келген адам болуы мүмкін еді. Мені маскүнем деп атап, күлкіге айналдыратынына етім үйреніп кетті. Бірақ бәрібір де барлық клубтың әкімшілігіне назар аударуға шақырамын", — деп жазды Камилла өзінің Facebook парақшасында.

Камилла билегенді жақсы көретінін және шетелдегі түнгі клубтарда сал ауруына шалдыққан қонақтарды бөліп-жармайтынын айтып өтті.
Астана қаласындағы барлардың біріне оны ішімдік ішіп алғансың деп кіргізбей қойған.

"Маған "Бүгін сізге біздің ғимаратқа кіруге тыйым салынды" деп айтты. Мен "Неге?" деп сұрадым. Маған "Сіз массыз" деп жауап берді. Кейін өзімнің ішімдік ішпегенімді, сал ауруына шалдыққанымды түсіндіруге тырыстым. Иә, сайтан алғыр! Мен де тірі адаммын және билегім келеді! Сал ауруына шалдықтым, биік өкшелі аяқ киімдер кимеймін. Маған биік өкшелі аяқ киімдер ұнайды. Бірақ оларды киіп би билеу мүмкін емес. (…) Бар болғаны барлық клубтың әкімшілігі қонақтарға дұрыс қарым-қатынас танытқанын қалаймын. Лос-Анджелестің және әлемнің ең үздік клубтарында болдым. Ол жақтарда ешкім сенің қандай аяқ киім кигеніңе қарамайды. Жігіттер, 12 сантиметрлік өкшесі бар туфли киіп, билеп көріңіздерші. Қиын ба? Біз ге де", — деп бөлісті Камилла.

Ол өзінің мүгедек екендігі туралы анықтаманы түнгі клуб қызметкерлеріне көрсеткен кезде олардың күлгенін айтады. Сондай-ақ, Камилла түнгі клуб әкімшіліктерін дресс-кодтан бас тартуға шақырды.

Автор желідегі жазбасымен қоса өзінің суретін бөлісіп, тұсына "мүсәпір" емес, бар болғаны белгілі бір ерекшеліктері бар адам екенін және ел қатарлы би билегісі келетінін жазды.

432
Кілт сөздер:
Астана, бойжеткен, сал ауруы, түнгі клуб, әлеуметтік желілер, би билеу
Тақырып бойынша
Қазір адамдар жанымнан дұға оқымай өтеді – сал ауруын жеңген қыздың әңгімесі
"Жүрегім езіліп кетті": Малкович Астанада онкологиялық ауру балалармен кездесу туралы
Атыраудағы кісі өлтіру: психикалық ауру адам күдікті болып отыр
Танымал әзілкеш көшеде би биледі – видео
Оралда ер адам жол үстіндегі биікке шығып, би биледі
Майк Тайсон Алматыдағы түнгі клубта болды
Қанды түн: Шымкентте түнгі клубта жас жігітті атып кетті
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

5
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

5
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

21
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

21
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0