Алматы

"Нұршашқан", "Нұр Алатау": Алматыда 27 ауданның атауы өзгертілді

425
(Жаңартылды 13:07 10.01.2019)
Алматыдағы бірқатар ауданның атауын өзгертер кезде қала тұрғындарының пікірі ескерілген

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласында 27 шағын ауданның атауы өзгертілді. Тиісті қаулы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық жүйесінде жарияланды. Құжат былтыр 28 желтоқсанда қабылданып, әділет департаментінде келесі күні тіркелген. 

Алматыдағы бірқатар ауданның атауын өзгерту туралы шешімді әкімдік пен мәслихат қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, ономастика комиссиясының қорытындыларының негізінде қабылдаған.  

Сонымен, Алатау ауданы бойынша:

"Алғабас-1" шағын ауданы — "Нұркент" шағын ауданы;

"Алғабас-2" шағын ауданы — "Ботакөз" шағын ауданы;

"Алғабас-3" шағын ауданы — "Ақмаржан" шағын ауданы;

"Алғабас-4" шағын ауданы — "Ғажайып" шағын ауданы;

"Алғабас-5" шағын ауданы — "Дарабоз" шағын ауданы;

"Алғабас-6" шағын ауданы — "Зерделі" шағын ауданы;

"Заря востока" шағын ауданы — "Шапағат" шағын ауданы;

"Құрылысшы" шағын ауданы — "Самғау" шағын ауданы;

"Трудовик" шағын ауданы — "Томирис" шағын ауданы;

Әуезов ауданы бойынша:

"Дубок" шағын ауданы — "Шабыт" шағын ауданы;

"Дубок-2" шағын ауданы — "Атамекен" шағын ауданы;

"Школьный" шағын ауданы — "Жазира" шағын ауданы;

"Школьный-2" шағын ауданы — "Алмас" шағын ауданы;

"Тепличный" шағын ауданы — "Қуаныш" шағын ауданы;

Бостандық ауданы бойынша:

"Алатау" шағын ауданы — "Нұр Алатау" шағын ауданы;

"Алмаарасан" шағын ауданы — "Архат" шағын ауданы;

Бостандық, Наурызбай аудандары бойынша:

"Жайлау" шағын ауданы — "Ғаламат" шағын ауданы;

Бостандық, Медеу аудандары бойынша:

"Ремизовка" шағын ауданы — "Асқартау" шағын ауданы;

Жетісу ауданы бойынша:

"Дорожник" шағын ауданы — "Көкмайса" шағын ауданы;

"Первомайский" шағын ауданы — "Кемел" шағын ауданы;

Медеу ауданы бойынша:

"Родник" бағбандық серіктестігінің шығысы мен "Қорғаушы-Защитник" бағбандық серіктестігінің оңтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы — "Шарапат" шағын ауданы;

"Горный садовод" бағбандық серіктестігінің солтүстігінде орналасқан "Ақтөбе" шағын ауданы — "Алтын" шағын ауданы;

"Бутаковка" шағын ауданы — "Мұзтау" шағын ауданы;

Наурызбай ауданы бойынша:

"Алатау" шағын ауданы — "Байтақ" шағын ауданы;

"Каменка-3" шағын ауданы — "Мейрам" шағын ауданы;

"Қарағайлы-2" шағын ауданы — "Дария" шағын ауданы;

Түрксіб ауданы бойынша:

"Колхозшы" шағын ауданы — "Нұршашқан" шағын ауданы деп қайта атау берілсін.

425
Кілт сөздер:
Алматы, аудан, ономастика, қазақша атау
Тақырып бойынша
Қазақстанда екі аудан мен бір қаланың атауы өзгерді
Зырян қаласы мен ауданының атауы өзгертілді
ОҚО-да Түлкібас ауданының тарихи атауы қайтарылады
Астанада төртінші ауданның атауы бекітілді
Назарбаев даңғылының ескі атауы жазылған тақтайшалар қоқыста жатыр
Шымкентте 400-ге жуық көшенің атауы жоқ
Қарағанды облысының әкімі Октябрь атауы неге қазақшаланбай отырғанын айтты
Нұрлы жол, Нұр әлем, Хан шатыр: Алматыда 100-ден астам көшенің атауы өзгертіледі
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

11
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

11
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

22
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

22
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Есеп комитетінің басшысы 2022 жылы шығындарды төрттен бірге қысқартуды ұсынды

0
Келесі жылдың бюджет жобасында басым бағыттар бойынша 1,2 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады.

Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баяндалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.  

Наталья Годунованың мәліметіне сәйкес 9 басым бағыт бойынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Есеп комитеті жұмсалатын 1,16 триллион теңгені, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюджетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кемшілік айтылды. Тиісті органдарға оларды жою жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар Есеп комитетінің төрағасы жекелеген аудиторлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз:

0