Олжас Сүлейменов

"Діннен жұбаныш табады" Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады

1143
(Жаңартылды 14:52 14.01.2019)
Ақын соттан Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрап, өз қызын сотталушыны кешіруге шақырды

АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Бүгін Астанада Малика Мұхитованың аппеляциялық шағымы қаралған сотта белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің тағы бір хаты оқылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Олжас Сүлейменовтің хаты Астана қалалық сотына 9 қаңтар күні түсті. Ақынның мұның алдында жазған хаты 26 желтоқсанда оқылған еді. 

Жаңа хатында Сүлейменов соттан Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетуді тағы бір мәрте сұрады. 

"Ескендірдің ата-анасы мен әжесінің жағдайын менен артық ешкім түсінбейді. Қабырғаны қайыстыратын ауыр қаза кезінде адамдар діннен жұбаныш табады. Құран мен Библия рақымшылдық пен кешірімге шақырады. Осыған сүйене отырып, отбасының үлкені ретінде, сотқа Мұхитованы салғырттығы үшін соттап, бірақ бас бостандығынан айырмау туралы хат жолдадым", — деп оқып берді ақынның хатын судья Әсем Рамазанова. 

Олжас Сүлейменов қызы Лейланың Маликаны уақыт өте кешіретініне сенім білдірді. 

Ақынның хаты жеке адамның пікірі ретінде іс материалдарына қосылды. Дегенмен, зардап шеккен тараптың ресми өкілдерінің позициясы өзгерген жоқ. Олар соттан Малика Мұхитоваға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады. Бұл позицияны мемлекеттік айыптаушы да қолдады. 

Тағы оқыңыз:

Сотталушы Малика Мұхитова марқұмның ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, Олжас Сүлейменовке алғысын білдірді. 

Апелляциялық соттың төртінші отырысы 14 қаңтарда өтеді. 

Жол апаты қалай болды?

Жол апаты осы жылдың 22 маусымында Астанадағы Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болды. Белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменовтің жиені мотоцикл жүргізіп келе жатқан. 27 жастағы Ескендір Сүлейменовтің мотоциклі Hyundai жеңіл көлігімен соқтығысады. Көлік рөлінде Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова отырған. 29 жастағы қыз солға бұрылу кезінде мотоциклшіге жол бермей, салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Малика Мұхитоваға  ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-тармағы бойынша (Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерінің бұзылуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) айып тағылды. 

Сотта сөйлеген соңғы сөзінде Малика Мұхитова Ескендір Сүлейменовтің ата-анасынан тағы бір мәрте кешірім сұрап, бас бостандығынан айырмауды өтініп жылап жіберді.

Сот үкімімен айыпталушы кінəлі деп танылып, қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс колониясы — Sputnik) жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ бес жыл көлік тізгіндеуге тыйым салынды. Маликаның туысқандары сот үкіміне шағым түсірді. 

Тағы оқыңыз: 

20 желтоқсан күні отандық БАҚ-қа берген сұқбатында Олжас Сүлейменов отбасының үлкені ретінде өзіне жауапкершілік ала отырып, Маликаны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Алайда 26 желтоқсанда Астана сотында Малика Мұхитованың апелляциялық шағымын қарау кезінде ақынның жаңа хаты оқылды. Бұл хатында ақын марқұм Ескендір Сүлейменовтің ата-анасына бұрынғы хатты (Малика Мұхитованың жазасын жеңілдетуді сұрап жазған хаты) көрсетпегеніне өкінгені туралы жазған. 

Сүлейменовтің айтуынша, бұл жазба жақындарының арасында үлкен резонанс тудырған. Жазушы Мұхитованың туыстары бірнеше мәрте кешірім беруді өтінгендіктен, бұл әрекетке жанашырлықтан барып отырғанын айтқан.

"Хатты жібермес бұрын оны қызым мен Сергейге көрсетіп, ақылдасып алуым керек болатын. Бұл менің қателігім", — деген еді Олжас Сүлейменов.

Ол өзінің айтқандары Ескендірдің ата-анасының позициясын білдірмейтінін атап өтті. 

Ал марқұмның анасы Ләйлә Сүлейменова мен әкесі Сергей Хан соттан кесілген жазаны сол күйінде қалдыруды сұрады.

1143
Кілт сөздер:
хат, сот, жол апаты, Малика Мұхитова, Ескендір Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Астана
Тақырып:
Ескендір Сүлейменовтің қазасы (24)
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы қанша жылға сотталуы мүмкін?
Желіде Ескендір Сүлейменов ажал құшқан жол апатының видеосы жарияланды
Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасы: Мұхитова марқұмның зиратына барып кешірім сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: марқұмның анасы мәлімдеме жасады
"Жалғыз немерем". Адвокат сотта Олжас Сүлейменовтің хатын оқып берді
Олжас Сүлейменовтің немересінің қазасы: полковниктің қызы жылап кешірім сұрады
Олжас Сүлейменовтің немересін қаққан полковниктің қызы сот алдына келді
Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қаққаны белгілі болды
Алматыда Олжас Сүлейменовтің немересін ақтық сапарға шығарып салды
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
Ескендір Сүлейменов қаза тапқан жол апаты: танымал тілші жазалануы мүмкін
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында

Тоқаев қазақстандық еріктілерге алғыс айтты

6
Мемлекет басшысы 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланғанын еске салып, волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де еріктілерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы осы жылды Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жариялағанын еске салды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деп жазды президент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

Тоқаев еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын атап өтті.

Президент волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

6
Кілт сөздер:
еріктілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
Сарымсақ, архивтегі сурет

Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті болады

925
(Жаңартылды 12:12 05.12.2020)
Дәрігер-диетолог түрлі дерттерден сақтану үшін сарымсақты қалай жеу керек екенін айтты. Тиісті мөлшерде ғана пайдалану панкреатит, асқазан жарасы сияқты аурулардан сақтануға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Сарымсақ пайдалы, алайда оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Асқазан жарасы, панкреатит, өттегі тас сынды ауруларға әкеліп соғуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Дәрігер-диетолог Инна Заикина сарымсақты мөлшерден артық жеу салдарынан асқазан сөлі бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде түрлі дерттердің белгілерін ушықтырады. 

Алайда бұл оны жемеу керек деген сөз емес. Бастысы, тиісті мөлшерден асып кетпеу қажет.

Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді.

Тағы оқыңыз: Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

925
Кілт сөздер:
адам ағзасы
Тақырып бойынша
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
Илья Ильин Sputnik студиясында өткен баспасөз мәслихатында

Илья Ильин сүйінші жаңалығын бөлісті

0
Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде жазды

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильин Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Ауыр атлет сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Тағайындау! Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Биыл 10 қыркүйекте Ильин Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқаратынын мәлімдеген еді. Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін жеткізді.

Ал 8 қазанда ауыр атлет "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

0
Кілт сөздер:
жаңа қызмет, спортшы, Илья Ильин
Тақырып бойынша
Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады
Илья Ильин алтын медаль ұтып алды - видео
Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды