Денис Тен

Денис Тен қашуды ойлаған да жоқ: күдікті спортшыны қалай өлтіргенін айтып берді

789
(Жаңартылды 21:12 16.01.2019)
Нұралы Қиясов көлік айнасын ұрлауға не итермелегенін түсіндірді

АЛМАТЫ, 14 қаңтар — Sputnik. Жамбыл облысының тумасы Нұралы Қиясов Денис Тенді өлтіргенін мойындап, қалай қылмыс жасағанын айтып берді, деп хабарлайды тілшісі сот залынан.

Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов Теннің көлігінің айнасын ұрлап, оны өлтірді деген күдікке ілініп отыр.
Қиясов Құдайбергеновпен 2018 жылдың ақпан айында Рысқұлов пен Петров көшесінің қиылысында танысқанын айтты. Сотталушы Толыбаеваны мәнерлеп сырғанаушының өлімінен бірнеше күн бұрын құрбысы арқылы білген.

Қиясов өзінен жүкті Мансура есімді қызбен романтикалық қарым-қатынаста болған. Ер адамға оған көмектесу үшін ақша іздеген.

"18 шілде күні шамамен 17:00-де үйге келдім. Үйде Жанар, Арман және ағам мен жеңгем болды. Сағат 18:00-ге жақын уақытта Жанар моншаға кетті. Арманмен жеке қалған кезде одан ақша сұрадым. Маған Мансураның дәрісі мен коммуналдық қызметке ақша керек болды. Бірақ Арманда ақша болмады", — деді Қиясов.

Шілденің 18-нен 19-на қараған түні Құдайбергенов, Қиясов және Толыбаева үшеуі дүкенге барады. Қиясов пен Толыбаева көліктің маңында қалып, Құдайбергенов сауда жасауға кетеді.

Тағы оқыңыз: 

Құдайбергенов достарына пышақ сатып алғанын хабарлайды.

"19 шілде күні жалдап тұрып жатқан пәтерден шықтық. Мен қаланы білмегендіктен, Арман маған қайда бару керектігін айтып отырды. Тұрақта тұрған үш көлікті көрдік. Арман солардың айнасын шешіп алуға болатынын айтты. Ол бастапқыда маған көлік ішінде қалуды ұсынды, бірақ мен өзім соңынан шықтым. Мен де көргім келетінін айттым. Жанар да бізбен бірге шықты", — деп жауап берді Қиясов.

Айтуынша, жолдың жиегінде ақ көлік тұрды. Құдайбергенов Қиясовқа сөмкесін беріп, өзі қолғап киеді.

"Біз көлікке жақындадық, ол көліктің сол жақ айнасын шешіп сөмкеге салды. Сол сәтте адамдар көп болғандықтан, біз тоқтадық", — деді сотталушы.

Қиясов жиектасқа отырып шылым шеккенін, көлік жаққа қараған кезде төбелестің басталып кеткенін көргенін айтады.

"Арман екінші айнаны шешіп алды. Шамамен жеті метрдей жерде болдым. Кейін көліктің иесі келіп қалғанын түсіндім, бірақ оны байқамадым. Мен көліктің арт жағында отырдым, ал төбелес алдында болып жатқан еді. Төбелесті Денис Тен бастап, Арман оны белдігін шешіп алып ұра бастады", — деп еске алды қайғылы оқиға болған күнді Нұралы Қиясов.

Қиясов Құдайбергеновтің жаттығу алаңына қарай жүгіргенін көрген. Денис Тен оны қуып жетеді. Құдайбергенов оның уысынан шығып қашқанымен, Тен соңынан қуа береді.

Тағы оқыңыз: 

"Куәгерлер айтқандай мен оның соңынан жүгірген жоқпын. Арман қаша алады деген үмітпен жиектаста отыра бердім", — деді сотталушы.

Арман Құдайбергенов тордың маңында құлап, Денис Тен оны ұрады.

"Мен соңынан жүгіріп барып Денисті қолынан тартып қалдым. Қолымда Арманның сөмкесінен алған пышақ болды. Сол сәтте ол қашып кетер деген оймен қорқытпақ болдым. Бірақ Тен қашпады және қорықпады. Артынан келіп қалай пышақ сұғып алғанымды өзім де түсінбей қалдым. Денис Тен тоқтады, мен Арманға қарадым — ол торға сүйеніп отырды. Ол тұрып жүгірген кезде мен де жүгірдім. Пышақты оқиға болған жерден 20 метр қашықтықта тастадым", — деді Қиясов.

789
Кілт сөздер:
пышақ жарақаты, күдікті, сотталушы, мәнерлеп сырғанаушы, сот, Денис Тен
Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)
Тақырып бойынша
Денис Тен армандаған академия қайда ашылатыны белгілі болды
Жарқ етіп сөнген бір ғұмыр: Денис Тен туралы не білеміз?
Денис Тен қаза тапқан күні күдікті Астанада сотқа келуі тиіс болған
Денис Тен ажал аузынан қалуы мүмкін бе еді?
Геннадий Головкин Денис Тен туралы: "Мәңгі жадымызда қаласың"
Денис Тен әлеуметтік желіде соңғы рет не жариялады?
Димаш Құдайберген мен Денис Тен мұз айдынында бірге өнер көрсетеді
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

20
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

20
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

1035
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

1035
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын