Қоғам

Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасы: Мұхитова екі жыл түрмеде отыратын болды

© Sputnik / Владислав ВодневМалика Мұхитова сот залында
Малика Мұхитова сот залында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот бұған дейін шығарылған үкімді өзгеріссіз қалдырды

АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Астана қалалық сотында 26 жастағы Ескендір Сүлейменов көз жұмған жол апатына қатысты іс бойынша апелляциялық алқаның шешімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Олжас Сүлейменов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Діннен жұбаныш табады" Олжас Сүлейменов сотқа тағы бір хат жолдады
"Іс материалдарын зерделей келе, сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдыруды шешті", — деп мәлімдеді апеллциялық шешімді оқыған судья Әсем Рамазанова. 

Судья аудандық соттың шешімі әділдіктің барлық қағидатына толығымен жауап беретінін атап өтті. 

Еске сала кетсек, жол апаты 2018 жылдың 22 маусымында Астанадағы Мәңгілік ел – Керей Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында болды. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Мұхитовтің қызы Малика Мұхитова мотоциклмен келе жатқан Ескендір Сүлейменовті қағып кетті. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы жиені оқиға орнында көз жұмды. 

Малика Мұхитова сот залында жылап кешірім сұрады - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Олжас Сүлейменовтің жиенінің қазасы: Мұхитова марқұмның зиратына барып кешірім сұрады
Қараша айының ортасында 29 жастағы Малика Мұхитова ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-тармағы бойынша (Жол қозғалысы немесе көлікті пайдалану ережелерінің бұзылуынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) кінәлі деп танылды. Сот үкімімен ол қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Кейінірек сотталушының адвокаты Дмитрий Куряченко сот үкіміне шағым түсірді. Апелляциялық шағым бойынша судья Әсем Рамазанованың төрағалығымен үш сот отырысы өтті. 

Марқұмның атасы, белгілі ақын Олжас Сүлейменов отбасының үлкені ретінде Мұхитованың жазасын жеңілдету туралы өтінішпен сотқа екі рет жүгінді. Алайда Сүлейменовтің екі хаты да іс материалдарына жеке адамның пікірі ретінде қосылды. Жас жігіттің ата-анасы соттан үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.

Жаңалықтар
0