БалМузDay фестивалі

"Бәрін уси-пуси құртады": мамандар бала тілінің неге кеш шығатынын түсіндірді

6119
(Жаңартылды 14:48 19.01.2019)
Мамандар үш жасқа толған бала анық сөйлей алмаған жағдайда дабыл қағу керектігін ескертті

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. Көптеген ата-ана баласының тілі шықпағанына қарамастан, бірден логопед немесе психолог, психоаналитик мамандарға баруға асықпайды. Уақыт өте келе өзі сөйлейді деген үмітпен емді кейінге қалдырады. Бірақ мамандар мұның балаға кері әсері мол екенін айтып, дабыл қағып жатыр. Сондай-ақ, олар баламен қай жаста болсын, тең дәрежеде сөйлесу керектігін ескертті. 

Логопед әрі психолог Дана Жұмаділова бала тілінің кеш шығуының негізгі үш себебі бар екенін айтты. Осы үш себеп те баланың ата-анасымен тікелей байланысты.

"Олар — физиологиялық, генетикалық және психологиялық себеп. Біріншіден, баланың ауыз қуысы, жақ сүйегі, тісі мен тілінде қандай да бір кемістік бар ма, жоқ па соны анықтап алуымыз қажет. Мысалы, бала кішкентай кезінде құлап қалып, жақ сүйегі орнынан қозғалып кеткен болуы мүмкін", — дейді Дана Жұмаділова.

"Тұқым қуалайтын кемістіктерден арылуға болады"

Екіншіден, баланың ата-анасының тілі кеш шыққан болса, бұл өз кезегінде перзентінде қайталануы мүмкін. Яғни бұл — заңды құбылыс. Бірақ, осы генетикалық себептің ДНҚ деңгейінде болатынына қарамастан, тұқым қуалайтын ауру мен кемістіктерді емдеп жазуға болады. Логопед бұл үшін әдеттерді өзгертудің жеткілікті екенін айтады. Ал ескі әдеттерді жаңасымен алмастыру үшін маман көмектеседі.

Тағы оқыңыз: 

"Бала бір нәрседен қатты қорқып қалса немесе күнделікті тұрмыста ата-анасының жанжалдасатынын көріп өссе, мұның барлығы тілдің шығуына кері әсерін тигізеді. Ал осы психологиялық себептен арылу үшін мықты мамандардың көмегіне жүгіну қажет. Бірақ, тілдің шықпауына психологиялық себеп бар дегеннің өзінде логопед маманға қосымша қаралу артықтық етпейді. Себебі, логопед емделу процесін жеделдетуге көмектеседі", — дейді Жұмаділова.

Сондай-ақ, ол психолог маман ретінде үш жасқа дейінгі балалардың анасымен бірге жұмыс істейтінін айтты. Себебі, екі жасқа дейін бала уақытының 85%-ін анасымен бірге өткізеді. Яғни баланың тілінің шықпауына әсер етіп отырған психологиялық себепті анықтауға анасы көмектеседі. Бұдан өзге үш жасқа толған баланың тілі анық шықпаса, дабыл қағу керектігін ескертті.

Ал психоаналитик Гүлжан Амангелдинова бүгінгі таңда адам жасының жасарып келе жатқанына назар аударуды ұсынды. Яғни психикалық дамуының ерекшеліктеріне байланысты кей жағдайда бала тілінің кеш шығуы қалыпты нәрсе.

"Ондаған жыл бұрын жазылған әдебиеттерге көз жүгіртсек, 25 жастағы аруды "кәрі қыз" деп сипаттағанын көреміз. Ал қазір 25-30 жастағы қыздарды жас деп атайды. Яғни, адамның психикалық тұрғыдан дамуы өзгеріске ұшырап отыр. Бірақ осы даму уақытының өзгеріске ұшырағанына қарамастан, әрдайым бала тілінің қалай шығып жатқанына назар аудару артық болмайды. Мысалы, кейде 3-4 жастағы балалар "қарапайым" сөзбен айтпасаң, түсінбей жатады. Мұндай кезде маманға жолығу қажет", — дейді балалар психоаналитигі Гүлжан Амангелдинова.

"Ата-анасының үмітін ақтау үшін сөйлемейді"

Бұдан өзге психоаналитик балаға ата-анасының оны жоспарлаған сәттен бастап болған оқиғалардың тікелей әсер ететініне назар аударды. Генетикалық және экологиялық факторлар жүктілікке тікелей әсер етеді. Сондай-ақ, белгілі бір деңгейде жүйке жүйесінің өзгеріске ұшырауына себеп.

"Бала тәрбиесі құрсақта жатқан кезінен емес, ата-анасының ойында пайда болған сәттен басталады. Сол себепті жүктілік кезінде әке-шешесінің көңіл-күйінің жақсы болуы, таза сөйлеуі тілдің уақытылы шығуына әсер етеді. Мұнымен қатар, әйел адамның балалы болуға эмоционалдық тұрғыдан қаншалықты дайын екенін ескеруіміз керек. Яғни, сәбиді дүниеге әкелу бір бөлек, оған жақсы тәрбие беру екінші дүние. Мысалы, баламен бес айлық болсын, екі жаста болсын, тең дәрежеде сөйлесіп, кітап оқып беру маңызды. Әрине, адам баласы болғандықтан, арасында уси-пусилер кетіп қалады. Бірақ осы еркелетіп айтатын сөздер балаға кері әсерін тигізеді", — дейді маман.

Тағы оқыңыз:

Әрі қарай Гүлжан Амангелдинова балалар үшін тілінің шықпауының өзі үшін пайдалы себебі болуы мүмкін екенін айтты. Психоаналитик қандай жағдай болмасын, баланы өзге құрдасымен салыстырмауға кеңес берді. Сондай-ақ, үйде бірнеше тілде сөйлеудің балаға айтарлықтай әсер ететінін жеткізді.

"Ата-ана үшін бала әрдайым кішкентай болып қала береді. Осыны бейсаналы деңгейде сезген бала сөзсіз әке-шешесінің үмітін ақтауға тырысады. Екіншіден, тұңғыш балалардың өзінен кейінгі іні-қарындасын қатты қызғануы себеп. "Бұл кішкентай сәби сөйлей алмайды. Бәрі оның айналасынан табылып жүр. Олай болса мен де соған еліктеймін" деп ойлауы мүмкін. Мұндайда логопед мамандардың да көмегі мол. Мысалы, анасы немесе маман ернін қызыл далаппен бояп баламен сөйлесетін болса, бұл тілдің ертерек шығуына әсер етеді. Себебі қызыл түске боялған еріннің қалай қозғалып жатқанын оңай көруге болады", — дейді психоаналитик.

Бұдан өзге маман баланың экстроверт немесе интроверт екеніне назар аударуды ұсынды. Өйткені интроверттер табиғатынан тұйық келетіндіктен, олардың тілінің кеш шығуы заңды құбылыс. Ал экстроверттер керісінше көбірек сөйлеп, ширақ келеді.

Қай кезде дабыл қағу керек?

Астана қаласындағы балаларды оңалту орталығының маманы Ардақ Әкібаева ата-аналардың маманға жолығуға уақыты немесе ақшасы жоқ болса, интернеттің көмегіне жүгінуге кеңес берді. Сондай-ақ, ол жүкті әйелдердің денсаулығын күтуі керектігін ескертті. Себебі суық тигізіп алу, тұмау сынды аурулардың өзі бала тілінің кеш шығуына әсер ететінін айтады.

"Бала бір жасқа толғанда сөздік қорының тым аз екенін байқасаңыз, бірінші невропатолог маманға жолығу қажет. Ал егер маманға жолығуға қаражатыңыз болмаса, интернеттен саусақтың көмегімен жасалатын артикуляциялық жаттығулардың видеосын тауып алып қарауға болады. Сондай-ақ, балаға айналасындағы кез келген заттың атын атауға тырысыңыз. "Қазір үстіңдегі сұр жемпірді кигізейін. Оның орнына қызылын кигізейін. Аюдың суреті қандай әдемі. Мынау су, оны ағызып, беті-қолыңды жуайық" дегендей. Сондай-ақ, анасы тілімен жаттығу жасап көрсетсе, бала оны міндетті түрде қайталайды", — дейді логопед Ардақ Әкібаева.

Десе де, маман қазіргі жас аналардың өте сауатты екенін айтады. Тіпті, бір-бір жарым жасқа толмаған балаларының денсаулығына байланысты кеңестер алып кетіп жатады.

Тағы оқыңыз:

Ал Атырау облыстық перинаталдық орталықтың реабилитация бөлімінің жоғары санаттағы логопед-дефектологы Танзиля Омарова бала тілінің кеш шығуына асфиксия әсер етуі мүмкін екенін айтты. Бұл — ағзада көміртегі газының молайып, қанға оттегінің жетіспеуі. Маманның айтуынша, ол ауыр жүктілік немесе босану кезінде пайда болады. Оған жатырдағы нәрестенің мойнына кіндіктің оралып, босанғанда көп қан кету себеп.

Асфиксия дегеніміз не?

"Асфиксиямен туған балалар бірден дауыс шығармайды. Оның ауыр және жеңіл түрі болады. Бірақ қай түрі болмасын, нәрестенің жүйке жүйесі қызметінің әлсіреуіне әкеліп соғады. Мысалы, асфиксияның жеңіл түріне шалдыққан баланың мектепке дейінгі жаста жүйкесі мен психикалық дамуы жақсы болғанымен, кейін басы айналып, тез шаршап, ашуланшақ болып, есте сақтау қабілеті мен зейіні нашарлайды. Сондай-ақ, мектеп бағдарламасын меңгере алмай қиналады. Бұл жағдайда баланы, алдымен, невропатолог маманға көрсету қажет", — деді логопед маман.

Әрі қарай Танзиля Омарова мұндайда миға қан құйылып, қан айналымы жүйесі қызметінің бұзылатынын айтты. Жарақат көбінесе әйел адамның жүктілік кезінде қиындықтарға тап болуымен байланысты. Дәрігерлердің кесарь тілігі әдісімен босануды ұсынуының да себебі осы. Бірақ бұл әдістің де жағымсыз тұстары бар.

"Тәжірибемізден кесарь тілігінің көмегімен дүниеге келген балалардың зейіні тұрақсыз келіп, әртүрлі кемістігі болатыны белгілі. Сондай-ақ, бас сүйегі ішіндегі жарақатпен дүниеге келген нәресте арасында жүйке жүйесінің, психикасының кеш дамуы, сал ауруына шалдығу жиі кездеседі. Невропатолог дәрігерлер психомоторлы дамуында ауытқушылығы бар балаларға "перинаталды энцефалопатия" деген диагноз қойып жатады. Бұл да баланың сөйлеу функциясының дамуына кері ықпалын тигізеді", — дейді маман.

Ал, Сіз құрметті оқырман, балаңыздың тілі кеш шыққан кезде не істедіңіз? Бірінші қай маманның көмегіне жүгіндіңіз?

6119
Кілт сөздер:
тілдің кеш шығуы, маман, психоаналитик, ана мен бала, дәрігер
Тақырып бойынша
13 тастанды балаға қамқор болған отбасы қандай қиындыққа тап болғанын айтты - фото
Қазақстанда балаға екпе салдырудан бас тартқан ата-аналарға айыппұл салынуы мүмкін
Астаналық "қарт балаға" пластикалық ота жасалды
Балаға берілетін жәрдемақы: кімге, қалай және қанша төленеді?
Шымкентте бір балаға зар болып жүрген әйелдер емшіге алданып қалды
Психотерапевтер балаға айтуға болмайтын сөздерді атады
Бір құлағы бетінде орналасқан балаға алматылық кәсіпкер көмектеспек
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

31
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

31
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады
Темір тор мен кісен, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты видео

934
(Жаңартылды 19:33 19.01.2021)
Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. "Ақ Жайық" порталында сот залында түсірілген видео да жарияланды.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтіргені үшін айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты үкім шыққан болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Ал неонатолог-дәрігер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Судья үкімді жариялағанда дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан "үкіммен келіспеймін!" деп, сотталушыларға арналған кабинаның терезесін ұра бастады. Осыдан кейін қарауыл оны сот залынан алып кетті.

Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты. Ал Қуаныш Нысанбаевтың өзі ештеңе түсінбегенін жеткізді. Содан кейін әділ сот болмады деп айқайлады.

"Неге бұл жерде Әлімбаева (кезекші неонатолог-дәрігер) жоқ. Ол бірінші болып баланы қараған", – деді ол. Оны да сот залынан алып кетуге тура келді.

Акушер Жәмилә Құлбатырова да сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.

"Мен дәрігерлердің айтқанын ғана істедім. Басқа еш кінәм жоқ!", – деп айқайлады Құлбатырова.

Судья Гүлмира Дәулетова үкімді аяғына дейін оқып, 15 күннің ішінде қарсы шағым түсіруге болатынын айтты.

Жаңа туған нәрестенің өлімі

2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқаннан кейін дәрігерлер оны өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған. Сотта тергеуші Асқарбек Ермұқашев дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен стенограммасы бар екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео

Филологиялық сараптаманың қорытындысы да жасалды. Сонда дәрігерлердің бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкені анық байқалады. Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар.

934
Кілт сөздер:
Атырау, бала өлімі
Тақырып бойынша
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті: оқиғаның мән-жайы
Қызыл қаласында анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді
"Алты айлық нәресте бар": үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды