Димаш Құдайберген

"Дәрігерлер аң-таң": Димашпен кездескен соң жаңазеландиялық әжейдің өмірі өзгерді

4803
(Жаңартылды 16:40 20.01.2019)
Анита Рай Уорд Димаштың шаңырағына жету үшін бірнеше ай бойы арықтауға мәжбүр болған. Бүйрегі ауыратындықтан, қатты ісініп ұшаққа отыра алмай қалған

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Жаңа Зеландия елінде тұрып жатқан қарт әжей рак ауруына шалдығып, тынымсыз тіршіліктен қол үзеді. Дәрігерлер өмірінің санаулы күні қалғанын айтқандықтан, басты арманы — Димашпен кездесуді жоспарлайды. Арманына қол жеткізген Анита Уордтың денсаулығы жақсарып, бүгінде қазақстандық әншіге алғыс айтып жүр. 

Анита Рай Уордты Димаштың ата-анасы күтіп алып, қазақ халқының қонақжайлылығы қандай болатынын көрсеткен. Таңғажайыптың басы қалай басталғанын журналист Бибігүл Дәулетбекқызы айтып берді.

"Әжей соңғы кездері өмірден түңіліп кеткен еді. Аты жаман ауруға шалдыққалы өмірдің құны көк тиын болып кетті. Достары, туған-туыстарымен бұрынғыдай жарқылдап сөйлесуден қалды. Күнін санап отырады. "Бүгін бе менің жанымды алатын күн?" деп сағатқа да қарауды ұмытпады", — деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы әжейдің басынан өткен оқиғаны.

Осылайша өмірден баз кешіп жүріп әже youtube каналынан Димаштың әнін кездейсоқ тыңдайды. Кейін Қазақстан деген мемлекетті картадан тауып, Димаштың туған жері Ақтөбені өз көзімен көруге алыс сапарға дайындалады.

Тағы оқыңыз:

"О, Құдайым-ау, не деген дауыс?! Мына баланың таланты ерекше ғой. Жоқ, мен осы бала үшін өмір сүріп, Димашты қайтсем де көруім керек. Жолға дайындалайын" деп, бір күнде шешімге келді. Қалай дайындалды дейсіз ғой? Қазір айтамын. Асықпаңыз. Анита әжейдің бүйрегіндегі рак ауруы асқынып, соның салдарынан денесі ісіне бастайды. Толық болғаннан соң, ұшаққа отыра да алмайды. Содан тез арықтаудың жолын іздеп, жүзуді қолға алады. Әрине, бастапқыда оңай болмайды. Алайда, Димашқа деген әжейдің сүйіспеншілігі арманына жеткізу де осы жол екенін түсінеді", — дейді Бибігүл Дәулетбекқызы.

Бірер ай ішінде жатпай-тұрмай жаттығу жасап, Анита әжей семіздіктен арылады. Жаңа Зеландиядан қазақ еліне алпыстан асқан әжей ұшақпен алты мемлекет арқылы қиналып жетеді. Бірден ұшып келуіне де болатын еді. Бірақ денсаулығы жарамағандықтан, әр мемлекетке тоқтаған сайын ем-домын жасап отырады.

"Мына бейнежазбада Анита Рай Уорд әжей Димаштың ата-анасының шаңырағына келіп, мәз болып отыр. Бір қызығын айтайын ба? Димаштың туған жерін, әкесі мен анасын, әжесі мен атасын, туған-туысқандарын көрген әжей, еліне барғанында рак ауруының анализі жақсы болып шығады. Бұрынғыдай ауырмайды. "Бұл қалай болғаны?" деп дәрігерлер де аң-таң. Әжей Димашқа деген ризашылығын еліне келгенде білдіреді", — дейді тележурналист.

Анита Уорд мұнымен тоқтап қалмай, Димаштың фан-клубын ашып, әрі қарай жұмысқа кірісіп кетеді. Әрдайым "Өмірімді өзгерткен Димашқа ризамын" деп айтып жүреді.

Естеріңізге сала кетсек, "Бақытты бала" байқауы финалының алдында Ақтөбеге 12 мемлекеттен Димаштың тыңдармандары ұшып келді. Олардың арасында 64 жастағы Анита Рай Уорд та болып, сүйікті әншісімен жолықты. Аталған шараға Димаш Құдайберген фестиваль ұйымдастырушысы ретінде қатысқан болатын.

4803
Кілт сөздер:
қазақ шаңырағы, әже, әнші, Димаш Құдайберген, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қырғыздың халық әртісі Димаш Құдайберген туралы не ойлайтынын айтты
"Дәуірдің үздік әншісі": Димаш Құдайберген нешінші орын алды
Димаш Құдайберген: алдарыңызда басымды иемін...
Димаш Құдайберген Қытайдағы сән апталығын әнмен ашты – видео
Димаш Құдайбергеннің әні Ресейде тағы да топ жарды – видео
Димаш дәуір әншісі атағы үшін дауыс беру қорытындысына түсініктеме берді
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Димаш туралы не ойлайтынын айтты
Жұмыс, қызмет

Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқартуға қатысты тапсырма берді

3
Өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. Қазақстан президенті мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде мемлекет басшысына агенттіктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының негізгі қорытындылары туралы егжей-тегжейлі есеп берілді.

Анар Жайылғанова ведомствоның мемлекеттік қызметке орналасу рәсімдерін жетілдіруге, саяси қызметті кәсібилендіруге, қызметкерлерді ынталандыруға және дамытуға бағытталған жұмыстар туралы айтты. Президенттік жастар кадрлық резерві, сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ұйымдастыру мәдениетін өзгертуге қатысты атқарылған шара жайлы ақпарат берді.

Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметті цифрландыру, оның ішінде, "Е-қызмет" жүйесінің интеграция аясын кеңейту және i-Qyzmet жүйесін әзірлеу барысына да тоқталды.

Жайылғанованың айтуынша, өткен жылы агенттіктің штаты 10 процентке қысқарған, ал биыл ақпан айының соңына дейін тағы да 15 процентке оңтайландырылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар президент мемлекеттік басқару тұжырымдамасын әзірлеу және жүзеге асыру аясында ведомствоның жұмысын жандандыруға нұсқау берді. 

3
Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметші, президент
Тақырып бойынша
Тоқаев биыл кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Мамин екі министрді не себепті ауыстырды – сарапшылар пікірі
2021 жылы мемлекеттік қызметшілер қандай декларация тапсырады
Президенттің төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы қашан өтеді
Мемлекет басшысы Ахметжан Есімовті қабылдады
Темір тор мен кісен, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты видео

727
(Жаңартылды 19:33 19.01.2021)
Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. "Ақ Жайық" порталында сот залында түсірілген видео да жарияланды.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Атырауда жаңа туған баланы алдын ала сөз байласу арқылы өлтіргені үшін айыпталған облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне қатысты үкім шыққан болатын. Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталдық орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанды 16 жылға, акушер Жәмилә Құлбатырованы 15 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады. Ал неонатолог-дәрігер Руслан Нұрмұхамбетов пен Дариға Жұмабаева қылмыс туралы хабарламағаны үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Судья үкімді жариялағанда дәрігерлер өз эмоциясын ұстай алмады. Акушер-гинеколог Асқар Қайыржан "үкіммен келіспеймін!" деп, сотталушыларға арналған кабинаның терезесін ұра бастады. Осыдан кейін қарауыл оны сот залынан алып кетті.

Бұрынғы бас дәрігердің жұбайы сот үкімін естігеннен кейін судьяға дөрекі сөйлеп, "олардың бәрін антикор басқарып отыр" деп шықты. Ал Қуаныш Нысанбаевтың өзі ештеңе түсінбегенін жеткізді. Содан кейін әділ сот болмады деп айқайлады.

"Неге бұл жерде Әлімбаева (кезекші неонатолог-дәрігер) жоқ. Ол бірінші болып баланы қараған", – деді ол. Оны да сот залынан алып кетуге тура келді.

Акушер Жәмилә Құлбатырова да сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеді.

"Мен дәрігерлердің айтқанын ғана істедім. Басқа еш кінәм жоқ!", – деп айқайлады Құлбатырова.

Судья Гүлмира Дәулетова үкімді аяғына дейін оқып, 15 күннің ішінде қарсы шағым түсіруге болатынын айтты.

Жаңа туған нәрестенің өлімі

2019 жылдың 29 қыркүйегінде Атырау перинаталдық орталығында дүниеге келген нәресте қимылсыз жатқаннан кейін дәрігерлер оны өлі туды деп тіркеген. Алайда сәбиді тоңазытқыш камераға апарған кезде аяғы қимылдай бастаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, дәрігерлер құжатты түзетпеу үшін оны тоңазытқышта қалдыруға шешім қабылдаған. Сотта тергеуші Асқарбек Ермұқашев дәрігерлердің телефон арқылы сөйлескен стенограммасы бар екенін айтқан.

Оқи отырыңыз: Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео

Филологиялық сараптаманың қорытындысы да жасалды. Сонда дәрігерлердің бір-бірімен кеңесіп, баланың тағдырын шешкені анық байқалады. Әңгіменің стенограммасында "Құдай бізді кешірсін" деген сөздер бар.

727
Кілт сөздер:
Атырау, бала өлімі
Тақырып бойынша
Атырауда 108 нәресте шетінеді: дәрігерлер жас босанған әйелдердің өзін кінәлайды
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Алматыда он жыл күткен нәресте он күнде шетінеп кетті: оқиғаның мән-жайы
Қызыл қаласында анасы көшеде ұмытып кеткен нәресте үсіп өлді
"Алты айлық нәресте бар": үш облыста коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды