Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Челахтың ісі бойынша шешім шығарды

Жоғарғы сот Челахтың ісіне қатысты шешім шығарды

2797
(Жаңартылды 15:23 23.01.2019)
Жоғарғы сот бүгін Челахтың үкімді қайта қарау және 30 миллион теңге өтемақы төлеу туралы өтінішін қарады

АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша кассациялық алқасы Владислав Челахтың үкімді қайта қарау және 30 миллион теңге өтемақы төлеу туралы өтінішіне қатысты қаулы шығарды, деп хабарлайдды тілшісі сот залынан. 

"Сотталушы Владислав Челахқа қатысты Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сотының 2012 жылдың 11 желтоқсанындағы үкімін, Әскери соттың қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот алқасының 2013 жылдың 6 ақпанындағы қаулысын, Жоғарғы Соттың кассациялық сот алқасының 2013 жылдың 21 маусымындағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, Челахтың өтініші қанағаттандырылмасын", — деп оқыды шешімді алқа төрағасы Абай Рахметулин.

Сотқа судья Абай Рахметулин төрағалық етті, сондай-ақ судьялар Айдан Нұрбеков пен Лариса Шепелева қатысты. 

2017 жылы қарашада БҰҰ комитеті Қазақстан Челахтың ісін қарау кезінде халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісін бұзды деген шешім шығарды. БҰҰ комитеті өз шешімі туралы Қазақстанның Бас прокуратурасын хабардар етті. 

Бас прокуратураның ұсынысы бойынша Челах Жоғарғы сотқа жүгінді. Отырысқа Челах қатысқан жоқ.

Арқанкергендегі қанды қырғын қалай болды?

2012 жылдың 28 мамырында қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Арқанкерген" шекара бекетінде қайғылы оқиға болды. Мамыр айының соңғы күндерінде Арқанкергендегі шекарашылармен байланыс кенеттен үзіледі. Екі күннен кейін – 30 мамырда Арқанкергенге жіберілген жасақ шекара бекетінің түгі қалмай жанып кеткенін көреді.

Бір күннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметі өртеніп кеткен ғимараттан 12 адамның сүйегі, ал келесі күні тағы екі шекарашының мүрдесі табылғанын мәлімдеді. Бұған қоса, бір қорықшының мәйіті табылған. 4 маусымда шекара бекетінен 24 шақырымда орналасқан қыстаулардың бірінде 15-ші шекарашы Владислав Челах ұсталды. Ол кезде қарағандылық жігіт 19 жаста болған. 

Тергеу нұсқасы бойынша, шекара бекеті жеке құрамының қатардағы сарбазы болған Владислав Челах өз қызметтестерін атып өлтіріп, қылмысын жасыру үшін казарманы өртеп, қорықшының көзін құртқан. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот Челахты 15 адамды өлтіріп, мемлекеттік құпияны жария етіп, таратқаны үшін, сондай-ақ қару ұрлап, әскери мүлікті жойып, әскерден қашқаны үшін айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 

Тағы оқыңыз:

Ең алғаш ұсталған кезде қарағандылық жігіт бірнеше адамды бір өзі жайратып салғанын мойындады. Бірақ кейін сотта барлығын жоққа шығарды. Ол оған қысым жасалғанын, кінәні мойындауға мәжбүр болғанын мәлімдеді. 

2797
Кілт сөздер:
Арқанкерген, шекарашылар, қанды қырғын, үкім, Жоғарғы сот, Владислав Челах
Тақырып бойынша
Арқанкергендегі қырғын: Челах 30 миллион теңге өтемақы талап етті
Өзінің ақшасын алды: Жоғарғы сот бөтеннің мүлкін иеленген әйелді ақтап шықты
Жоғарғы сот өз-өзін өртемек болған әйелге қатысты мәлімет берді
Жоғарғы сот төрағасы: біз ешқандай реформа ұсынбаймыз
Спрей

Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады видео

807
Ер адам тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде егде жастағы ер  адамның полицейлермен ашулы кейіпте тілдесіп, бұрышты баллон спрейін шашып, шабуыл жасаған видеосы тарады.

Видеода ол тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды. Нәтижесінде, бірнеше полиция қызметкері зардап шеккен. 

Әлеуметтік желідегі жазбаларда екі жыл бойы анасын көрмеген төрт жасар қызға қатысты қақтығыс туындағаны айтылады. Ал шабуылдаушы зейнеткер – қыздың атасы. Полицейлер бала мен анасын табыстыру үшін келгенімен, жағдай мүлдем басқаша сипат алған.

Алматы полициясы бұл видео Наурызбай ауданында 2020 жылдың 7 желтоқсанында түсірілгенін мәлімдеді.

"Учаскелік инспектор мен ювеналды полиция, жеке сот орындаушысы және қамқоршылық органның өкілі 2016 жылы туған қызды анасына тапсыру үшін зейнеткердің үйіне келген. Осы кезде бүлдіршіннің атасы – 1954 жылы туған ер адам өзін ашулы кейіпте көрсетіп, полиция қызметкерлері мен сот орындаушысына бұрышты спрей қолданды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі кезгде зейнеткердің ісі "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қаралуда. Оған 3 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (8 751 000 теңге шамасында) салынып, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Зейнеткер қауіпсіздік жабдықтарынсыз тік жартастарға шығады – экстремалды видео

807
Кілт сөздер:
полицейлер, зейнеткер
Тақырып бойынша
Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Зейнеткер үйде күтіп отырған 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты
Қазақстанда 216 мың зейнеткер бір реттік төлем алады
Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр
Оралда зейнеткер мен мүгедек ұлын өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты
WhatsApp қосымшасы

Қолданушылар сынынан кейін WhatsApp жаңартуды кейінге қалдырды

41
(Жаңартылды 11:04 16.01.2021)
8 ақпанға дейін де, одан кейін желі қолданушылары ешқандай қиындық, кедергіге ұшырамайды. Ал жаңарту процесі 15 мамырда басталады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. WhatsApp қосымшасының қолданушылары арасында резонанс тудырған қолданушы келісімінің орындалуын кейінге қалдыру туралы шешімін жариялады, деп жазады РИА Новости.

"Біз қолданушы келісімін жаңарту шарттарын жүзеге асыратын күнді кейінге қалдырамыз", – делінген компания хабарламасында.

Сонымен қатар, 8 ақпанға дейін де, одан кейін желі қолданушылары ешқандай қиындық, кедергіге ұшырамайды. Ал жаңарту процесі 15 мамырда басталады деп жоспарланған.

Компания осы уақыт ішінде енгізілген жаңашылдықтарға адамдар тез бейімделіп, оларды қарқынды қолданатын болады деп болжайды.

Сондай-ақ, желідегі жеке әңгімелердің барлығы да өтпелі шифрлаудан қорғалатын болады және WhatsApp та, Facebook те жеке хабарламаларды көре алмайды.

Жаңарту енгізу нәтижесінде пайдаланушының орналасқан жері де қорғалады. Оған қоса, бұл деректер Facebook-ке берілмейді. WhatsApp мұндай әрекеттерді "жалған ақпаратпен күресу" мақсатында жасап жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшасы әзірленеді

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp әкімшілігі қолданушы келісімін жаңартып, жеке ақпаратты Facebook-ке беретін болып келіскен. Осыған орай, WhatsApp бүкіл Facebook-тегі "қосымшалар отбасына" қолданушылардың талғамын талдау үшін пайдаланушылар туралы қажетті деректерді бөлісуі тиіс еді.

41
Кілт сөздер:
мобильдік қосымша, қосымша
Тақырып бойынша
Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды - видео
"Ұлы дала елі" қосымшасы әзірленді
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Алматыда iAzamat интерактивті қосымшасы іске қосылды
Миллионнан астам адам жүктеген WhatsApp қосымшасы жалған болып шықты
Дәрігер, архивтегі фото

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды

0
Нұрлан Құлсейітов сенбі, 16 қаңтарда өмірден өтті. Ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов коронавирустан қайтыс болды, оның өкпесі 90-95 процентке зақымданды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс барысында ол өзін жауапты басшы ретінде танытты. Оның бай тәжірибесі мен кең теориялық және практикалық білімі болды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Онда сондай-ақ шамамен тоғыз жыл бұрын Құлсейітов жол апатына ұшырап, бір ажалдан аман қалғаны айтылған. Бұл жағдай оның денсаулығына әсер еткен. Ол инфекциямен 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бері күресіп келген.  

Нұрлан Құлсейітов желіде тараған видеодан кейін қайтыс болардан біраз уақыт бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Роликтен кездесуге қатысушылардың бірі дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туралы сұраққа жауап алуға тырысып жатқанын көруге болады.

Бірақ оның сөзі медициналық мекеме басшысының ашуын келтіреді, ол айқайлап, үстелді жұдырығымен бір ұрған. Содан кейін ол жиналыстан кетіп қалады. Осыдан кейін оған тәртіптік жаза тағайындалды.   

0
Кілт сөздер:
коронавирус, бас дәрігер
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменов әйелімен бірге Алматыда ауруханада жатыр
Теңізде коронавирустан емделіп жатқандар саны 700-ден асты
Ер адам коронавирустан емделемін деп өліп кете жаздады
Алматының бас дәрігері тұрғындарға үйден көп шықпауға кеңес берді   
Министрлік коронавирус пен пневмониядан неше адам қайтыс болғанын жариялады