Адвокат Гүлмира Шалдықова

Арқанкергендегі қырғын: Челах 30 миллион теңге өтемақы талап етті

2363
(Жаңартылды 13:55 23.01.2019)
Владислав Челах өмір бойына соттау туралы үкімнің күшін жойып, өзіне өтемақы төлеуды сұрады. Оның адвокаты - астаналық Гүлмира Шалдықова

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша кассациялық алқасы Владислав Челахтың қылмыстық ісіне қатысты Қазақстанның әскери сот алқасы қабылдаған қаулысы мен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әсери сотының үкіміне қатысты түсірілген өтінішхатын қарастырып жатыр.

Владислав Челахтың жоғарғы сотқа жазған өтінішхаты

Сот төрағасы — Абай Рахметулин, судьялар — Айдан Нұрбеков пен Лариса Шепелева.

27 жастағы Челахтың өтінішін оның адвокаты Гүлмира Шалдықова оқыды.

2017 жылдың қараша айында БҰҰ комитеті Қазақстан Челахқа қатысты "Азаматтық және саяси құқықтар туралы" халықаралық пактінің 14-бабын бұзды деген шешім шығарды. Аталған пактіні Қазақстан ратификациялаған болатын. БҰҰ комитеті өз шешімінде бас прокуратураға Қазақстанның Владислав Челахқа тиімді құқық қорғау тәсілін ұсынуға міндетті екенін хабарлаған.

Бас прокуратураның ұсынысымен Челах сотқа жүгінді. Сотталған азамат өзінің үндеуінде жоғарғы соттан бірінші инстанция соты үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі қосымша тергеуге бағыттауды және тергеу органдарын құқықты бұзу арқылы алған құжаттарды алып тастауға міндеттеуді өтінді. Себебі, ол соттың әділ өту мүмкіндігінен айырылған.

"Сондай-ақ, Владислав Челахқа құқықтардың бұзылғаны үшін 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді сұраймын. Челах қол қойып сотқа жіберген өтінішхатты толықтай қолдаймын. Оны қанағаттандыруыңызды өтінемін", — деп оқыды Шалдықова.

  • Владислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы
    Владислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова
    Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Владислав Челахтың ісін қарап жатқан судьялар мен прокурор
    Владислав Челахтың ісін қарап жатқан судьялар мен прокурор
    © Sputnik / Владислав Челах
  • Марат Нұрмұхамедов, Челахтың ісі бойынша прокурор
    Марат Нұрмұхамедов, Челахтың ісі бойынша прокурор
    © Sputnik / Владислав Воднев
  • Абай Рахметулин, Челах ісі бойынша сот төрағасы
    Абай Рахметулин, Челах ісі бойынша сот төрағасы
    © Sputnik / Владислав Воднев
1 / 5
© Sputnik / Владислав Воднев
Владислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы

Прокурордың Челах ісіне қатысты жасаған мәлімдемесі

Қорғаушыдан кейін прокурор Марат Нұрмұхамедов сөз сөйледі. Ол Челахтың пайымдауларын БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комитетінің 2017 жылдың 7 қарашада заң бұзушылықтарға қатысты шығарған қорытындысына негіздеп отырғанын айтып өтті.

Тағы оқыңыз: 15 адамды өлтірген Челахтың ісі қайта қаралып жатыр

"Қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін заңды күшіне енген Челахқа қатысты сот актілері заңды әрі дәлелді деп есептеймін. Мұндай шешім 2012 жылдың 11 желтоқсанында қылмыстық іс жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот шығарған үкімде детальді түрде келтірілген дәлелдерге негізделген. Бұл — Қазақстан мен Германия мамандары жүргізген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, заттай дәлелдер, оқиға болған жерді тексергеннен кейін жасалған хаттама. Челахтың жасаған қылмысы туралы анасы мен камераластарына айтқан кездегі заңды жазбалар", — деді прокурор.

Сондай-ақ, Нұрмұхамедов жүргізілген психологиялық-криминалистикалық сараптаманың 2012 жылы 28 мамырда Арқанкергенде болған оқиғаға қатысты жауап бергенде қандай да бір қысымның болмағанын көрсетті.

Бірінші инстанция сотының заңдылығы, Челахтың кінәсін дәлелдейтін айғақтардың дұрыс және қолдануға болатындығы жоғарғы соттардың актілерімен мақұлданған.

"Заңнамаға сәйкес, БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комитетінің қылмыстық іске қатысты шешімі заңды күшіне енген сот актілерінің өз күшін жоюына әсер ете алмайды. Осы айтылғандарды ескеріп Челах Владислав Валерьевичтің кассациялық шағымын қанағаттандырмаған жөн", — деп қорытты прокурор.

Сот үкім шығару үшін ақылдасу бөлмесіне барды.

Арқанкергенде болған қырғын

Тергеу нұсқасы бойынша, шекара бекеті жеке құрамының қатардағы сарбазы болған Владислав Челах өз қызметтестерін атып өлтіріп, қылмысын жасыру үшін казарманы өртеп, қорықшының көзін құртқан.

Тағы оқыңыз:

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот Челахты 15 адамды өлтіріп, мемлекеттік құпияны жария етіп, таратқаны үшін, сондай-ақ қару ұрлап, әскери мүлікті жойып, әскерден қашқаны үшін айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Ең алғаш ұсталған кезде қарағандылық жігіт бірнеше адамды бір өзі жайратып салғанын мойындады. Бірақ кейін сотта барлығын жоққа шығарды. Ол оған қысым жасалғанын, кінәні мойындауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

2013 жылдың 21 маусымында Қазақстанның Әскери сотында Челахтың адвокаты Серік Сәрсеновтің кассациялық шағымы қаралды. Алайда айыптау үкімі өзгеріссіз қалды.

2016 жылы Сәрсенов БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінді. Кейінірек БҰҰ комитетіндегілер Челахтың ісін қарау кезінде халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісі бұзылды деген шешім шығарды.

2018 жылдың 23 наурызында адвокат Серік Сәрсенов ұзаққа созылған дерттен көз жұмды.

2363
Кілт сөздер:
адвокат, өтемақы, прокурор, қылмыстық іс, сот, БҰҰ, Владислав Челах
Тақырып бойынша
Челахтың адвокаты Серік Сәрсенов өмірден озды
Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт "не үшін?" деп жылап жіберді
Қазақстанда сотталған дөкейлер жазасын қайда өтеп жатыр?
Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай немен айналысып жатыр?
Қытай 15 сотталған қазақстандықты еліне қайтарды
Асанов сотталған құдағи мен мал бағу құқығынан айырылған бақташы туралы айтты
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Малаховтың шоуына қатысты
Қарағанды фармацевтика кешені

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасы Ресейде тексерістен өтті

35
Қарағанды ​​фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының сапасына қатысты жауап алды. 6000 дозадан тұратын тәжірибелік партия желтоқсанда тексеріске жіберілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды ​​фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.   

"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.

Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.     

"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.

Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.   

"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр 

Бұған дейін Қарағанды ​​фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 ​​қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын  жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.    

35
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Үшінші ұлттық карантин енгізіледі: Ұлыбританияда жаңа шаралар қабылданбақ
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Вакцина әсері ме: желіде арқасы тұтас қызарған сәбидің суреті талқыланып жатыр
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
COVID-19 он жылдан кейін қалай өзгеретіні белгілі болды
Қуат Хамитов

Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды

736
(Жаңартылды 17:44 18.01.2021)
Спортшы қыркүйекте дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.

"Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады 

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.

Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

"Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамитов.

736
Тақырып бойынша
Қуат "Найман" Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Спутник V вакцинасы

Еуропалық басылым "Спутник V" вакцинасына қолдау білдірді

0
АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ, деп жазды "Monde diplomatique"француз газеті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясын бәсеңдетуге қабілетті препарат әзірледі. Батыс ресейлік ғылымды қаралаудан танар емес, деп жазды "Monde diplomatique"француз газетінің Испаниядағы өкілдігі.  

Мақала авторы Федерико Кусконың пікірінше, Батыс орыстың ғылыми дәстүрін білмегендіктен, "Спутник V" вакцинасына немқұрайлы қарап, сенбеді.

"Тілдік, мәдени пен саяси айырмашылықтан туындаған бұл білімсіздік ресейлік бастамаға күдікпен қарауға себеп болып отыр", - деді журналист.  

Ол препаратты әзірлеу Ресейдегі ғылыми дамудың бүкіл тарихи тізбегінің нәтижесі екенін баса айтты. Алайда, оның пікірінше, батыстықтар көп жыл бойы Ресейдің ғылыми жетістіктерін жоққа шығарып келді де, енді вакцина ойлап табу туралы хабарландыруға таңғалуда.

"Фармацевтикалық зертханалары дәрі-дәрмекке удай қымбат баға белгілейтін АҚШ пен Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда Ресей ақша табуды көздеп отырған жоқ", - деді Куско.

Кусконың пікірінше, шамамен 50 жыл өткен соң қазір әлемнің түрлі еліне таралып жатқан "Спутник V" вакцинасына қатысты күдік ешкімнің есіне түспейді.

 

0
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
2021 жылы коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр
Ресейде коронавирустан жаппай вакцинациялау басталғалы жатыр