Қоғам

Астролог ақпан айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

CC0 / / В 2017 году овны будут достигать поставленных целей, львы делать успехи в карьере, а стрельцам астрологи советуют не терять чувства юмора
В 2017 году овны будут достигать поставленных целей, львы делать успехи в карьере, а стрельцам астрологи советуют не терять чувства юмора - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астролог Ирина Абдраимова басқа айларға қарағанда ақпанда атышулы оқиғалардың аз болатынын айтады

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik, Қарлыға Бүйенбай. 5 ақпан күні Шығыс күнтізбесі бойынша Доңыз жылы басталады. Жаңа басталған жылда, әсіресе екінші жартысында адамзатты көптеген өзгеріс күтіп тұр. Бірақ ақпан бірқалыпты ай болғандықтан, 2019 жылы атышулы оқиғалар аз болады. Осылай дейді танымал астролог Ирина Абдраимова. Сондай-ақ, ол тілшісіне қазақстандықтарды бұл айда тағы қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді.

Құралай Бақытқызы, қазақстандық нумеролог - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нумеролог жаңа 2019 жыл қазақстандықтар үшін қандай болатынын болжады
"Айдың басында бойыңызды жағымсыз сезім кернеп, кейде ашуға бой алдырасыз. Түбегейлі шешімдер қабылдауға құлшынысыңыз артып тұрса да, өміріңізге өзгеріс енгізуге асықпағаныңыз жөн. Алайда 3 ақпанға дейін осындай сезімде жүретін болсаңыз, онда іске сәт. Мұнымен қатар, келер айда жаныңыз жайсызданып, іштей қынжылып, кез келген жерде асығып жүретін боласыз. Бұлардың арты ақырында ауыр жарақатқа алып келеді. Сол себепті рөлде отырғанда барынша абай болуға тырысыңыз", — деді астролог.

Бұдан өзге Ирина Абдраимова айтқан сөзіңіз бағыттаған адамға мүлдем жетпеуі мүмкін болғандықтан, сөз таластырмауға кеңес берді. Айтуынша, ақпан айының алғашқы бөлігінде тәуелсіз болып, адамдармен достық қарым-қатынас орнатып, өмірлік серігіңізді табуға талпынасыз.

Біреулер кішкене болсын жеке кеңістігіңізге өтіп, рухани тәуелсіздігіңізді шектемек болғанда қатты қарсыласуыңыз мүмкін. Бұл бір шетінен жақсы — анда-санда мінез көрсетіп қойған артық болмайды. Есесіне осы кезде тың идеялар айтып, оны жұртқа жария етесіз. Сондай-ақ, айтқан идеяларыңыз көпшілік тарапынан оң бағаға ие болады.

© жеке архивИрина Абдраимова, қазақстандық астролог
Ирина Абдраимова, қазақстандық астролог - Sputnik Қазақстан
Ирина Абдраимова, қазақстандық астролог

 

Жұмыста қызметіңіз өсіп, қалтаңыз қалыңдайды

"Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың барынша жолы болады. Жұмыста қызметіңіз өсіп, қосымша табыс табуыңыз ғажап емес. Бұдан өзге жаңа ұсыныстарды қуана қабыл алып, ұяңдық дегеннің не екенін ұмытасыз. Тіпті, бастық алдында бұрынғыдай қорықпайтын боласыз. Ойлау қабілетіңіз де әдеттегі шекарадан асып, жаңа қызықты ақпарат пен білім аласыз. Эзотериялық білімге деген қызығушылығыңыз артып қана қоймай, жан-дүниесі мен ой-өрісі бай адамдармен танысасыз", — дейді маман.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаевтың туған күні президент жайлы не дейді? Нумеролог сандарды "сөйлетті"
Әрі қарай ол ақпан айының алғашқы бөлігінде рухани құндылықтар, өмірге келген миссияңыз, дініңіз бен діліңіз туралы ойлана бастайтыныңызды айтады. Ең бастысы, өміріңізде дінге бет бұруыңызға септігін тигізетін бір оқиға болады. Өзіңізді тануға көмектесетін дүниелерге де қызығушылығыңыз арта түседі. Махаббатқа келгенде барлығы ойдағыдай жүзеге асады. Серігіңізге қатты ғашық болып, оның жанын жылытасыз. Қуантатын көптеген әрекет жасап, сыйлық беруден жалықпайсыз. Ал сүрбойдақ болсаңыз, жуырда бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, Ирина Абдраимова 4 қаңтардан бастап сезімге деген қарым-қатынасыңыз өзгеріп, бір-біріңізге қаншалықты сай келетініңіз туралы ойлана бастайтыныңызды да жасырмады.

Нағыз отбасын құратын уақыт

"Бұл кезде ақылыңыз бен жүрегіңіз қатар жұмыс істейтіндіктен, нағыз отбасын құратын уақыт. Әрине, егер сүйіктіңізге сенімді болсаңыз. Қызмет көрсету саласы мен жылжымайтын мүлікке қатысты бизнестер өте жақсы жүреді. Барлық дерлік келісімшартқа ойланбастан қол қоюыңызға болады. 12-14 ақпан күндері кенеттен ашуланшақ болып, айналамыздағылармен ұрыса бастаймыз. Тіпті, осы кезде шектен тыс әрекеттерге баруыңыз мүмкін. Сол себепті отпен ойнамағаныңыз, уақытша ұшақпен ұшпағаныңыз жөн. Бір іске ақша салуға да асықпаңыз. Бұрынғыдай айналаңыздағыларға ашыла алмай қиналасыз", — дейді зерттеушісі.

Тағы оқыңыз:

Бұдан өзге ол 16-19 ақпанда жұмыста қиындықтар пайда болатынын жеткізді. Ұмытшақтық пен алаңғасарлықтың себебінен қателердің саны арта түседі. Ұрлық саны көбейіп, сатқындықтың әсерінен көп адаммен қарым-қатынасыңыз бұзылады. Осы күндері дәрігер мамандарға, бастықтың алдына бармауға тырысыңыз. Бұл екеуінің де сізге тек кері әсері тиеді. Дизайн, сайтты дамыту, журналист, жазушы, сазгер, музыкашы сынды шығармашылық адамдарының барлығының бірдей жолы болады.

Керісінше ақпанның үшінші бөлігінде барынша еңбектеніп, жұмысыңызға лайық ақша алуға тырысасыз. Бұл кезде басталған жұмыстар баяу жүргенімен, сізге тұрақты түрде пайда әкеліп отырады.

айдың тұтылуы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ертең ай тұтылады: астролог оның адамдардың өміріне қалай әсер ететінін айтты
Ерлі-зайыптылар арасында опасыздық көп болады

"Жұмысқа шығармашылық есебінде қарап, ашу-ыза секілді сезімдерден арыласыз. Бар күш-жігеріңізді қаржылай жағдайыңызды жақсартуға жұмсайсыз. Ақпанның үшінші тоқсанында сүйіктіңізден көңіліңіз қалып, қатты ұрысып қаласыз. Өкінішке орай, бұдан кейін татуласуыңыз қиынға соғады. Себебі, сіз де, ол да өзінікін дұрыс деп ойлайды, қатты ренжиді", — дейді Ирина Абдраимова.

Сондай-ақ, ол кикілжіңнің арты ашық айқасқа ұласып кетуі де ғажап еместігін сөз етті. Қызғаныш, сексуалдық энергияны бақылауда ұстай алмайтындықтан, осы кезде ерлі-зайыпты арасында опасыздық көбейеді. Қаржы мәселесіне келгенде қиындық туындауы мүмкін.

22-23 ақпан күндері әйел адамдарға сақ болған жөн. Себебі, қиын жағдайда қалып, бейтаныс ер адамдар тарапынан қорлық көреді.

Ақпан айындағы жайсыз күндер: 1,2,13,18,21,23.

Ақпан айындағы қуаныш сыйлайтын күндер: 4,7,17,20,24,27.

Айдың 1-нен бастап 12-сі аралығында дүниеге келген Тауешкі, Тоқты, Шаян және Таразылардың жолы болады. Мақсатқа жету үшін көп еңбектену қажет. Ең бастысы, жаңбырдан кейін әрдайым кемпірқосақ шығатынын ұмытпаңыздар!

Жаңалықтар
0