Дәрі

Қазақстанда оқушыларға дәрілік есірткі сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылды

427
(Жаңартылды 18:45 31.01.2019)
Қазіргі таңда республикада есірткі қолданатын 128 жасөспірім тіркеуде тұр

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Өткен жылы Қазақстанда жасөспірімдерге дәрілік есірткі заттарын сатқан 101 дәріхананың басшысы жауапқа тартылды, деп хабарлайды тілшісі.

ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Берікхан Нұрғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша есірткі қолданатын 128 жасөспірім тіркеуде тұр. Олардың ең кішісі — 14 жаста. Есірткі қолданатын оқушылардың дені Астана, Алматы секілді ірі қалаларда тіркелген.

"Бұрындары героин, көкнәр секілді есірткі түрлері көп сатылған. Себебі шекара жабық, есірткі Түркия, Сирия, Ирак жақпен айналып кетіп жатыр. Бірақ бүгінде синтетикалық есірткі деген үлкен проблема бар. Оның пайда болғанына үш жылдай уақыт болды. Былтыр елімізде есірткіні жарнамалаған 4,5 мың сайт анықталып, жабылды", — деді Нұрғалиев Астанадағы мектепте синтетикалық есірткілер мен дәрілік есірткі заттарымен күрес жөнінде өткен шарада.

Тағы оқыңыз:

Оның айтуынша, әлемде бір минутта есірткі жарнамалап, тарататын 3 мың сайт пайда болады. Ал олардың артында кім тұрғанын анықтау өте қиын.

"Есірткі сататын интернет дүкендер бір ғана Қазақстанда құрылмайды. Бұл бүкіл әлемге ортақ проблема бүгінде. Сондықтан ішкі істер органдары есірткіге қарсы күресті әлемдік қауымдастықпен бірлесіп жүргізеді", — дейді басқарма басшысы.

Тағы оқыңыз: 

Нұрғалиев қазіргі таңда кең тараған дәрілік есірткі заттарды сату мәселесіне тоқталды.

"Бүгінгі күні "трамадол нашақорлығы" деген өте өзекті мәселе бар. Сіздер білесіздер, трамадол дәріханаларда рецепт бойынша сатылады. Бірақ оны жасөспірімдер де алуы мүмкін. Сондықтан ішкі істер министрлігі трамадол сияқты дәрілік есірткі заттарын бақылауға алмақшы.

Айтуынша, былтыр Қазақстанда дәрілік есірткі заттарын жасөспірімдерге сатқан 101 дәріхана басшысы жауапқа тартылған.

"Мектепте есірткі сатып, ұсталған директорлар жоқ", — деді басқарма басшысы.

Нұрғалиев биылдан бастап есірткі туралы заң күшейтілгенін, тиісінше есірткі сататындардың жазасы қатаңдағанын атап өтті.

"Осы жылдан бастап синтетикалық есірткіні таратқандар қылмыстық жазаға тартылады. Тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Есірткіні қолданғандар үшін де әкімшілік және қылмыстық жаза қарастырылған", — деді ол.

Тағы оқыңыз:

Бұған қоса, ол есірткі сайттарының атауы көрсетілген графити жазбалар үшін 50 мың теңге айыппұл салынатынын айтты.

427
Кілт сөздер:
мектеп, есірткі, дәріхана, дәрі-дәрмек, жасөспірім, Қазақстан
Тақырып бойынша
Махаббат дерті: дәрігерлер сүйіктісі тастап кеткен әйелге өлтіретін дәрі екті
Головкиннің сөзі расталды: "Канело" дәрі ішіп жатқаны видеоға түсіп қалған
Сағынтаев министрден өңірлерге дәрі жеткізу неге кешеуілдеп жатқанын сұрады
Қазақстанда дәрі-дәрмек арзандайды
Он үш қабырғасы сынған: Есірткі "шеккен" 2 жасар бала әкесінің қолынан өлді
"Есірткі шегіп алғансың!". Танымал сарапшы Головкинге қандай баға берді?
Шымкенттік қария үйінің ауласында есірткі өсірген
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

764
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

764
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

4305
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

4305
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты
Всего в Алматы планируют высадить 250 тысяч деревьев до конца текущего года

Алматыда журналистер аллеясы пайда болды

1 / 2
0
(Жаңартылды 17:46 25.10.2020)
Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған. Алдағы үш жылда қалада миллион түп ағаш отырғызудың жоспары жасалған

АЛМАТЫ, 25 қазан – Sputnik. Алматыда журналистер аллеясы пайда болды. Бүгін тілшілер Абай даңғылында Жароков пен Гагарин көшесінің ортасындағы алаңға ағаш отырғызды. Іс-шараны қала әкімдігінің жасыл экономика басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналисты Sputnik Казахстан Айгерим Таубай, Тимур Ниталиев, Ольга Тонконог
© Sputnik / Тимур Батыршин
Алматылық тілшілер қала орталығында 200 түп талшын ағашын отырғызды

Алматылық тілшілер қала орталығына 200 түп талшын ағашын отырғызды. Шараға түрлі баспа және электронды ақпарат агенттіктерінің тілшілері үлес қосты. Sputnik Қазақстан тілшілері де тыс қалмады.

"Көптен бері ағаш отырғызғым келген еді. Бүгін сондай мүмкіндік туды. Оның үстіне аллея қаланың дәл ортасында орналасқан. Бір жылдан кейін бұл жер жайқалып тұрады деп үміттенемін. Сол үшін ағаштарға күтім жасап, суарып отыратын боламын", - деді Sputnik Қазақстан тілшісі Ольга Тонконог.

Журналист Sputnik Казахстан Ольга Тонконог
© Sputnik / Тимур Батыршин
Журналист Sputnik Казахстан Ольга Тонконог

Ал жасыл экономика басқармасы не себепті талшын ағашы таңдалғанын түсіндірді. Ең алдымен бұл маңды мамандар зерттеген, жел болатынын ескеріп, таңдау талшын ағашына түскен.

"Сонымен қатар талшын ағашының тамыры тереңге жайылмайды. Ағаштар өскен соң жердің астында орналасқан жүйелерге зиян келтірмейді. Оның үстіне талшын Алматымен тығыз байланысты ағаш болып саналады. Бұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, ішінен шірімейді. Ағаш зақымдала бастаса, бірден байқалады. Ондай жағдайда біздің мамандар қажетті шараларды уақытында қабылдайды", - деді басқарма басшысы Наталья Ливинская.

Глава Управления зеленой экономики акимата Алматы Наталья Ливинская
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бұл ағаш елу жылдан астам уақыт өмір сүреді, діңгегі де мықты болады, дейді Наталья Ливинская

Айта кетейік, Алматыда жыл соңына дейін 250 мың түп ағаш отырғызу жоспарланған.

Наталья Ливинскаяның айтуынша, жыл сайын қалада 40 мың көшет отырғызылған. 20 жыл ішінде алғаш рет осынша ағаш егу жоспарланды.

Журналист Sputnik Казахстан Тимур Ниталиев
© Sputnik / Тимур Батыршин
Енді журналистер отырғызған ағашқа күтім жасауы қажет

"Ағашты отырғызуға әрбір қала тұрғынының атсалысқаны маңызды. Сол себепті бірқатар іс-шара жоспарланды. Соның бірі – журналистер аллеясы", - деді Наталья Ливинская.

Бұған дейін басқарма басшысы Наталья Ливинская алдағы үш жылда қалада миллион түп ағаш отырғызудың жоспары жасалғанын хабарлады. Ол қарағай, қайың, күл, үйеңкі, талшын, долана, алма, шие, өрік ағашы отырғызылатынын айтты.

Айта кетейік, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында журналистер аллеясы пайда болды.

0
Тақырып бойынша
Жеңілмеген қазақстандық боксшы журналистің бетіне су шашып жіберді – видео
Екі боксшы да журналистер алдына шықпады: жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты
Президент блогерлер мен журналистерге ескерту жасады  
Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс
Журналистер арасында Бейсен Құранбек атындағы "Жігер" сыйлығы жарияланды