Қоғам

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНаурыз 2018
Наурыз 2018 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар наурыз айының жартысында демалады

АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Биылғы күнтізбеге сай қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады.

2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі - Sputnik Қазақстан
Инфографика
2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі

Наурыз айында 2 мереке тойланады. Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз – 2019 жылы жұма күніне түсіп тұр, мейрамды атап өткен қазақстандықтар тағы екі күн демалады: сенбі және жексенбі.

Көктемнің алғашқы айында тағы бір ұзақ демалыс бар. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар бес күн демалады – 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін. 23 наурыз мереке күні сенбіге сәйкес келгендіктен, дүйсенбі 25 наурызға ауыстырылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың өндірістік күнтізбесіне сәйкес биыл 120 демалыс және мереке күні бар. Ақпан, сәуір, қазаннан басқа барлық айда қазақстандықтарда қосымша демалыс болады.

Жаңалықтар
0