Мадина Әбілқасымова

"Кеше барып көңіл айтты": министр Әбілқасымова үкіметке неге келмеді?

9625
(Жаңартылды 13:14 05.02.2019)
Жақыпова көп балалы аналарға мемлекеттен төленетін жәрдемақының түрлері көп екенін айтты

АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Астанадағы жойқын өрттен кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көпбалалы отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмекті жетілдіруді көздеп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек жеткіліксіз екенін мойындады. Министрлік әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсетуді қосымша жетілдіруді көздеп отыр.

"Тиісінше, бүгінгі таңда біз үлкен бір жобаны жүзеге асырмақпыз. Бұл әлеуметтік қызметтер порталы. Енді ата-аналарға мемлекеттік органдарға жүгінудің қажеті болмайды, барлық әлеуметтік кепілдіктер порталға шығарылады", - деді вице-министр үкімет кулуарында.

Назарбаев әлеуметтік төлемдерді өсіруге тапсырма берді

Жақыпова көпбалалы аналарға мемлекеттен төленетін жәрдемақының түрлері көп екенін атап өтті.

"Қазақстанда төрт және одан көп баласы бар отбасылар көпбалалы саналады. Бүгінде көпбалалы аналар мемлекеттік жәдемқы алады, оған қоса, егер отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болса, оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалады. "Күміс алқа", "Алтын алқа" иегерлеріне мемлекеттік жәрдемақы төленеді", - деді ол.

Жақыпова министрлік қазіргі таңда көпбалалы отбасыларды қолдауды жетілдіруді көздеп отырғанын айтты.

"Бұған дейін ешқандай шара қабылданбады деп ойламаңыздар. Министрдің тапсырмасымен былтыр әлеуметтік қолдаудың тиімділігі бойынша социологиялық зерттеу жүргізілді. Себебі кез келген жаңашылдық міндетті түрде нақты мәліметтермен негізделген болуы тиіс", - деді ол.

Журналистер Светлана Жақыповадан бүгінгі үкімет отырысына министр Мадина Әбілқасымованың неге келмегенін сұрады.

Жәрдемақы табыс емес - министр Әбілқасымова әділеттік орнатпақ

"Министр өткен аптадан бері ауырып жүр. Кеше өзі барып ата-анасына көңіл айтты", - деді орынбасары.

Ал ата-аналар неге түнгі ауысымда жұмыс істеуі керек деген сауалға "бұл олардың таңдауы" деп қысқа қайырды.

9625
Кілт сөздер:
Мадина Әбілқасымова, әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасы
Тақырып:
Бес баланың қазасы (22)
Тақырып бойынша
Жеті баласы бар 27 жастағы келіншек Назарбаевқа аналық арманын айтты
Еңбек министрлігі: көпбалалы аналарды жұмыс істеуге мәжбүрлемейміз
Астанада көпбалалы отбасыларға қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалады
Министр Әбілқасымова кімдер зейнетке 53 жасында шығатынын айтты
Алматылық әйел жаны қысылғанда үш баласын тастап кеткісі келгенін айтып жылады
"Мазақ қылды!". Он баланың анасы мерекеге 8 бөлке нан сыйлаған әкімдікке ренішін айтты
Кітапхана, архивтегі сурет

Бес жыл ішінде Қазақстандағы мектеп кітапханалары қалай өзгереді

25
(Жаңартылды 17:06 30.10.2020)
Бүгінде білім саласындағы мектеп кітапханалары қорында 200 миллионнан астам әдебиет бар. Оның ішінде 38 миллионы – көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдар

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Алдағы бес жылда мектеп кітапханалары көркем әдебиеттермен жүз пайыз қамтылып, материалдық-техникалық базасы жақсарады. Бұдан бөлек, кітапханашылар жалақысы өседі. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, бүгінде білім саласындағы мектеп кітапханаларының қорында 200 миллионнан астам әдебиет бар. Оның ішінде 38 миллионы – көркем әдебиеттер мен мерзімді басылымдардың тізімі. 

"Дей тұрғанмен бұл басылымдардың сапасы көңіл көншітпейді. 80-90 жылдардың аяғында шыққан көркем әдебиеттер және олардың өзі 20-30 пайызы жарамсыз екені анықталып отыр. Соған байланысты мектеп кітапханаларын шұғыл түрде көркем әдебиетпен толықтыру мәселесі қолға алынып отыр", - деді Бейсембаев "Оқуға құштар мектеп" жобасының тұсаукесерінде. 

Ол мектеп кітапханаларын көркем әдебиетпен қамтуға 5 жыл уақыт қажет екенін атап өтті.  Әр жыл сайын кітапханалардың 20 проценті төрт бағыттағы көркем әдебиеттермен толықтырылып отырмақ. 
Олар: отандық классиктердің ең үздік шығармалары, қазақ тіліне аударылған әлем әдебиеттері, қазіргі замандағы ақын-жазушылардың шығармалары, анықтамалықтар, ғылыми-танымдық және оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі. 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында тек қана көркем әдебиеттермен  толықтыру жеткіліксіз екені түсінікті. Сондықтан да жол картасындағы екінші бағыт – мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту. Бүгінгі күні ол сын көтермейтін жағдайда. Тіпті жаңа мектептердің өзінде кітапханаға жеткілікті орынның бөлінбейтіні көрініп отыр. Сондықтан бұдан былай балалардың кітап оқуға құштарлығын дамыту үшін міндетті түрде арнайы оқу залдарының безендірілуіне мән беріледі", - деді орталық директоры. 

Сонымен қатар, айтуынша, мектеп кітапханаларын жаңа компьютерлермен қамтамасыз ету қажет.
Мектеп кітапханашылары да назардан тыс қалмайды. 

"Үшінші бағытта осы жұмысты үйлестіретін мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге мән беріліп отыр. Бұл – мектеп кітапханашыларын жалпы аттестациядан өткізу, оларды арнайы курстардан, оқытудан өткізумен қатар, педагогикалық жоғары оқу орындарында дайындалатын кітапханашы мамандығын педагог-кітапханашы деген мамандыққа алмастыру, сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының айлығын көтеру мәселесі де жол картасында нақтыланған", - деді Бейсембаев. 

Ол жоба аясында мектеп кітапханалары толығымен цифрланатынын айтты. Биылдан бастап оқулықтардың барлығы дерлік ұлттық деректер базасына енгізілген, болашақта көркем әдебиеттер де осы базаға енеді. 

"Осы мәселелердің барлығы қолға алынған жағдайда, бес жылдың ішінде мектеп кітапханалары түгелдей дерлік көркем әдебиеттермен қамтылады.  Кітапханашылардың әлеуеті көтеріліп, жалақысы көбейеді. Материалдық-техникалық база үш жылдың ішінде жеткілікті әлемдік деңгейге көтеріледі", - деді орталық директоры. 

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бес жыл ішінде PISA оқу сауаттылығы деңгейі бірнеше есе артады деп күтілуде, деді ол.

25
Тақырып бойынша
"Бес мың кітап оқыдым": қырық жылдан бері қару-жарақ жасаған ұста кәсібінің құпиясын ашты
Қазақ қызы туралы дау тудырған кітап авторы тағы бір мәселені көтерді
"Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты
Депутаттар мен министрлер ұсынған кітаптардан онлайн-кітапхана жасақталады
Қорғаныс министрлігі

Түркі елдерінің "Тұран армиясы" құрыла ма қорғаныс министрлігі жауап берді

54
Сарапшылардың пікірінше, Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты түркітілдес мемлекеттердің бірыңғай әскери блогын құру тақырыбы қайта басталды

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Қазақстан қорғаныс министрлігі жақында Түркия қорғаныс министрінің елге сапары кезінде түркі мемлекеттерінің бірыңғай армиясын құру тақырыбы талқыланбағанын мәлімдеді. Кейбір түрік бұқаралық ақпарат құралдары Түркия қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қазақстанға сапарын түркітілдес елдерді біріктіретін әскери блок – "Тұран армиясын" құру идеясымен байланыстырды. Ал Қазақстанның қорғаныс министрлігі түрік БАҚ болжамын жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сонымен қатар министрлік Қазақстан қорғаныс ведомствосына түркі мемлекеттерінің бірыңғай армиясына қатысу туралы ұсыныстар түспегенін хабарлады. Қазақстанның халықаралық әскери ынтымақтастығының күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ.

"Екі елдің қорғаныс ведомстволары басшысының кездесуі барысында Қазақстан мен Түркия қарулы күштерінің қатысуымен қандай да бір бірлескен әскери құрамалар құру мәселелері қарастырылмағанын ресми түрде хабарлаймыз", – деді Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның қорғаныс министрлігі.

"Тұран армиясы" құрылуына қатысты сарапшылар не дейді

Әскери ғылымдар кандидаты Георгий Дубовцевтің ойынша, Таулы Қарабақтағы қақтығысқа байланысты түркітілдес мемлекеттердің бірыңғай әскери блогын құру тақырыбы қайта басталды. Түрік сарапшыларының пікірінше, оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан кіруі мүмкін. Алайда бұл бастаманың қолға алынуы күмән туғызады.

"Бұл сарапшылар өте маңызды жағдайды ескерусіз қалдырды. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқа елдерде пантюркизм идеялары Әзербайжандағыдай кең таралмаған. Ол халық арасында жаппай қолдауға ие болмаған, ал сараптамалық деңгейде оны даму векторының бірі ретінде қабылдайды. Сондықтан Қазақстан мен басқа да Орталық Азия елдерінің "Тұран армиясына" мүше болу болжамы – жаңа османдық бағытты жандандыру идеясын қолдайтын жекелеген түрік сарапшылары алға тартатын декларативті ұран", – деді отставкадағы полковник, әскери ғылымдар кандидаты, доцент, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Георгий Дубовцев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазақстан мен Түркияның әскери ынтымақтастығы

Сонымен қатар Дубовцев Қазақстан үшін Түркиямен қарым-қатынасты әр түрлі салаларда дамыту маңызды екенін, бірақ сыртқы саясатта бұл бағытқа басымдық берілмейтінін айтып өтті. Жақын орналасқан түркітілдес көршілер сияқты біздің еліміз де көпвекторлы сыртқы саясат жүргізіп отыр. Осы бағытта, егемендікті нығайту және ұлттық қауіпсіздікті қамтасамасыз ету маңызды саналатын Ресей, Қытай, ЕО елдері және АҚШ-пен ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілетінін айтты.

Ал әскери саладағы қазақ-түрік ынтымақтастығы туралы сөз етілгенде, сарапшы бұл ең алдымен кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік дайындықтың бірлескен іс-шаралары, әскери қызметшілердің түрлі оқу-жаттығуларына қатысуы туралы сөз болып отырған деп есептейді.

"Әскери-техникалық салада қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту және қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдарын техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін Түрік компанияларының бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруы маңызды", – деп санайды Дубовцев.

Оқи отырыңыз: Оңтүстік өңірін "Тұран" облысы деп өзгерту ұсынылды

Алайда бұл Қазақстанның Ресей, Қытай, ЕО елдері және АҚШ-пен ынтымақтастықтан бас тартатынын білдірмейді. Сонымен қатар Қазақстанның Ресеймен ЕАЭО және ҰҚШҰ шеңберінде өзара одақтастық міндеттемесі бар.

54
Кілт сөздер:
Қазақстан, Түркия, түркітілдес халықтар
Тақырып бойынша
Қорғаныс министрі әскерилердің коронавирустың екінші кезеңіне дайындығы туралы айтты
Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды
Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Ресей арасындағы жаңартылған шарт туралы айтты
Түркияның қорғаныс министрі Қазақстанға не үшін келгенін айтты
Астанада Тұран даңғылында екі аптаға көлік қозғалысы шектеледі
Медицина қызметкері

Бас санитар дәрігер елдегі жағдай туралы ақпаратты бөлісті

531
(Жаңартылды 19:25 30.10.2020)
Бас санитарлық дәрігер блок бекеттерді орнату мәселесіне тоқталды. Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер орнатуға шешім қабылданған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, республика бойынша ауру өршіп кеткен аймақтар жоқ. Дегенмен, "сары зонаға" кіретін облыстар бар. Ол – Солтүстік Қазақстан. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы енген болатын", - деді Қиясов арнайы онлайн брифингте.

Оның айтуынша, әзірше коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығып кету қаупі жоқ. 

"Қолға алынған күшейтілген шаралар өз нәтижесін береді деп сенеміз. Негізі, шекаралас елдермен салыстырғанда бізде жалпы жағдай тұрақты", - деп атап көрсетті Қиясов.

Осы орайда бас санитарлық дәрігер блок бекеттерді орнату мәселесіне де тоқталды. Шығыс Қазақстанда санитарлық бекеттер орнатуға шешім қабылданған болатын. Бұдан бөлек, Қарағанды облысында санитарлық бекеттерді қою жоспарланып отыр.  

"Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алдын алу шарасы ретінде қолға алынып отыр. Бұл – жергілікті биліктің бастамасы. Себебі облыстың кейбір аудандарында аурудың өршіп кеткені байқалды. Мәселен, Ақтоғай ауданындағы "Алтын Алмаз" кәсіпорнында жұмысшылар арасында науқастар көбейген", - деді Қиясов.

Ол қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жақын арада республика бойынша блок бекеттер орнату жоспарда жоқ екенін айтты. Мұндай шара жағдай нашарлаған кезде ғана қолға алынады.

531
Кілт сөздер:
коронавирус, облыс, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Қазақстанда қала жабылады – бас санитар дәрігердің шешімі шықты
Шығыс Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілді
Мырзахметов пандемия туралы: келесі жылдың аяғына дейін жалғасуы мүмкін
Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды