Мадина Әбілқасымова

"Ол үкіметте отырған ойыншық емес" Перуашев министрді отставкаға жіберу туралы айтты

17902
(Жаңартылды 20:23 11.02.2019)
Депутат әрбір министр саясаткер ретінде өз сөзіне жауап беруі керектігін атап өтті

АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Астанада бес баланың өмірін қиған жойқын өрт пен оған кінәлілер туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат кінәлі адамды іздеу дұрыс екенін, мұндай дүниені бей-жай қалдыруға болмайтынын айтты.

"Астанадағы трагедиямен қатар Қызылордада үш бала, екі күннен кейін Павлодарда бүтіндей бір отбасы қаза болды, содан кейін Шымкенттегі қайғылы оқиға. Көптеген миллиардтаған бюджеті бар қызметтер болса да, өкінішке қарай, өрт қауіпсіздігі, адамдардың қауіпсіздігі мәселесі бізде екінші орынға сырғып кетіп жатыр", - деді Перуашев Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Астанада бір отбасыны бес баласынан айырған өрт орнында түсірілген видео

Перуашев әрбір министр саясаткер ретінде өз сөзіне жауап беруі керектігін атап өтті.

"Әрбір шенеунік өз жұмысы үшін жауапкершіліктен бас тартпауы керек. Әбілқасымова (еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Sputnik Қазақстан) 16 мың теңге көп деді. Меніңше, бұл үлкен қателік. Бірақ, бұл қателіктің жуырдағы трагедияға тікелей қатысы жоқ...Ол үй бұл сөзден кейін жанып кеткен жоқ, біз осыны түсінуіміз керек", - деді мәжілісмен.

Десе де, депутат Әбілқасымова министр ретінде әлеуметтік салаға жауапты екенін, сондықтан халықты мазалаған проблемаларды үкімет алдына қою қажеттігін қадап айтты.

"Ол үкіметте отырған ойыншық емес. Мен Әбілқасымова ханымды құрметтеймін, бірақ министр ретінде ол әлеуметтік салаға жауапты. Сондықтан халықтың талабы орынды деп санаймын. Министрді отставкаға кетіру керек пе? Жұртшылық министрден қандай да бір әрекеті үшін жауапкершілікті талап етуге құқылы. Әрбір министр өз саласына жауап беруі тиіс", - деді Перуашев.

Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың "ата-аналардың түнде жұмыс істеуі – олардың таңдауы" дегеніне қатысты да пікірін білдірді.

Бес баланың қазасы: үй иесі қанша жылға сотталуы мүмкін?

"Ата-ана шарасыздықтан барып отыр мұндай қадамға. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неге көп балалы ата-аналарды түнде жұмыс істеуге жібереді?", - деп ашуланды депутат.

Оның айтуынша, мәжілістің жалпы отырысында "Ақ жол" фракциясы көп балалы отбасыларға төленетін әлеуметтік жәрдемақы, баспана мәселесін тағы да көтереді.

Перуашев өрт қауіпсіздігі мәселесі аймақтық емес, барлық өңірде кездесетін жүйелі проблема екенін атап өтті.

"Өртке қатысты айтар болсақ, бұл төтеншге жағдайлар комитетінің тікелей жауапкершілігі. Отставка туралы сөз қозғасақ, ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің отставкасы туралы айтуымыз керек. Бұл олардың тікелей жұмысы", - деді депутат.

Естеріңізге сала кетейік, бір отбасындағы бес баланың өмірін жалмаған өрт Астанада Көктал-1 ауданында болды. Апалы-сіңлілі бес қыз түнде үйде жалғыз қалған, ата-анасы жұмыста болыпты. Өрт салдарынан 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туған бес бала көз жұмды.

Өрттен қаза болған бес қызды жерлеуге мыңдаған адам келді - видео

17902
Кілт сөздер:
Азат Перуашев, Мадина Әбілқасымова, өрт, құрбандар, отставка
Тақырып:
Бес баланың қазасы (22)
Тақырып бойынша
"Туыстары түнде тексеріп кеткен": бес баланың өмірін қиған өрттің мән-жайы
Астанадағы 5 қыздың қазасынан ақша тапқысы келетін алаяқтар пайда болды
Астанада көп балалы аналар көшеге шығып, әкіммен кездесуді талап етті
Астанадағы қайғылы оқиға: кәсіпкер тұрмысы нашар отбасыға пәтер алып бермек
Көп балалы аналар Қызылорда әкімдігіне жиналды – видео
Астанада жатақханада өрт шығып, бір отбасының төрт баласы уланып қалды
Астанада бір отбасының 4 баласы уланып қалды: дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты
"Мәселенің бәрі содан басталып отыр" Сағынтаев әкімдерге тапсырма берді
Каспий

Тоқаев Каспий теңізін ластанудан қорғау хаттамасына қол қойды

37
(Жаңартылды 14:56 23.10.2021)
Жуықта сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорда. 

Естеріңізге сала кетейік, сенат Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Осы құжат Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенцияға кіреді.

Хаттаманың негізгі мақсаты - жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде теңіз ортасының ластануын болдырмау, салдарын азайту, бақылау және ондай салдарды барынша жою.

Осы құжат негізінде бірқатар шаралар қолға алынады.

Олар:

  • ең озық қолжетімді технологиялар мен табиғатты қорғау практикасын пайдалану;
  • Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде жерүсті көздерінен теңіз акваториясына ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы дерекқорды құру және жүргізу;
  • Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне тұрақты бағалау, оның жағалау сызығы бойындағы теңіздің ластану деңгейіне бағалау жүргізу.

Айта кетері, Каспийдің теңіз ортасын қорғау туралы негіздемелік конвенция 2003 жылы қараша айында рәсімделген болатын. Оған Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей мен Түрікменстан қосылды.

Ал Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттамаға 2012 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Оқи отырыңыз: 

37
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Каспий теңізі, ластану, хаттама
Әлеуметтік желілер

Instagram-да жаңа функция іске қосылды

349
Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде дыбыстық хабарлама жиі жіберетіндер үшін ыңғайлы опция іске қосылады. Соған сәйкес, енді қолданушылар дыбыстық хабарлама жолдап жатқан кезде кідіріс жасай алады

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде фото және видео жүктеудің жаңа тәсілі пайда болды.

"Біз бұл функцияны іске қосқанымызға қуаныштымыз. Енді сіздер ұзақтығы бір минутқа дейінгі фото және видеоны браузер арқылы тікелей Instagram-ға жүктей аласыз", - деп хабарлады әлеуметтік желінің баспасөз қызметі Twitter-де.

Бұған дейін компьютер арқылы тек жаңа фотоларды көріп, лүпіл басуға болатын. Сондай-ақ stories көріп, пікір қалдыратын. Өзге де мүмкіндіктер тек мобильді қосымшада қолжетімді болды.

Бүгіннен бастап жаңа функцияға арнайы белгі пайда болды. Ол да жаңа фотолар, хабарламалар мен лүпіл қойған қолданушылар тізімі көрсетілген қатарға орналасты.

Айта кетері, бұған дейін WhatsApp мессенджерінде дыбыстық хабарлама жиі жіберетіндер үшін ыңғайлы опция іске қосылады. Соған сәйкес, енді қолданушылар дыбыстық хабарлама жолдап жатқан кезде кідіріс жасай алады.

Бұл функция хабарламаны бір хат түрінде жолдауға мүмкіндік береді, яғни ойды аяқтау үшін жаңа хабарлама жолдап әуре болмайды. Бұл екінші тарапқа да тиімді болып отыр, себебі екінші адам да бір ғана хабарлама алады.

349
Кілт сөздер:
Instagram, жаңа функция
Тақырып бойынша
Instagram-да хат жазған: бейтаныс адамның айтқанын істеген ақтөбелік опық жеді
"Бақытты бола алмайды": Instagram несімен қауіпті
Instagram-да масқараңды шығарамын деп танысын бопсалаған қыздың өзі ұятқа қалды
Instagram желісінде үкіметтің атынан ашылған фейк аккаунт пайда болды
Instagram пайғамбарды келемеждегендерге жауап берген басылым жазбасын өшіріп тастады
Архивтегі сурет

Дәрігер адам денсаулығына қауіпті тағамдарды атады

7
Маман ұннан жасалған тағамдарды көп жеу қант диабетіне әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қайта өңделген ет өнімдерін, кондитерлік,  ұн және нан-тоқаш өнімдерін, тәтті алкогольсіз сусындар, майлы сүт өнімдерін жиі жеу адам денсаулығына қауіп төндіреді. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне терапевт, гастроэнтеролог Дмитрий Карпенко айтты.

Егер бұл тағамдарды нормамен жесе, олар "шартты түрде зиянды" саналады, деді маман.

"Дұрыс тамақтануды насихаттауға қарамастан, қазіргі таңда статистика сол қалпы: адамдар қант, ас тұзы қосылған майлы тағамдарды шамадан тыс көп жейді, ал дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді аз тұтынады", - деді Карпенко.

Дәрігер зиянды тағамдарды көп жеу қант диабеті, жүрек-қан тамырлары (инфаркт, инсульт), асқазан-ішек жолдары ауруларына әкеп соғатынын ескертті.

Маман тәтті әрі майлы тағамдарды тұтыну жиілігі мен мөлшерін бақылауға кеңес берді. Мәселен, етті аптасына екі реттен көп жемеу керек, ал тұздың нормасы — тәулігіне бес грамм (йодталған).

Жалпы, Карпенконың айтуынша, рационда құнарлы майлар жалпы калорияның он процентінен, ал қант бес-он проценттен аспауға тиіс.

Оқи отырыңыз: 

7
Кілт сөздер:
тәтті тағам, зиянды тағамдар, дәрігер, денсаулық