Бейбіт Шүменов

Қазақстандық әлем чемпионы хан сарайындай зәулім үйін сатқалы жатыр видео

5646
(Жаңартылды 10:25 15.02.2019)
Риэлтор үй туралы айтты: мұнда алты жатын бөлме, тоғыз жуынатын бөлме, кинотеатр, шарап сақтайтын қойма және лифт бар

АСТАНА, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов АҚШ-тағы зәулім үйін сатқалы жатыр.

Қазақстандық әлем чемпионы Лас-Вегастағы үйін бес миллион доллардай сомаға сатуды жоспарлады, деп жазады Sports.kz.

Ауданы 1,5 мың шаршы метр үш қабатты үй мен жер учаскесі 4,75 миллион доллар деп бағаланған.

Зәулім үйдің ауданы 880 шаршы метрді құрайды. Бөлмелердің кеңдігі сонша – тіпті танымал баскетболшы, "дәу" Шакил О"Нил өзін кішкентай сезінер еді, деді Шеннон Смита.

Үйде алты жатын бөлме, тоғыз жуынатын бөлме, кинотеатр, шарап сақтайтын қойма және лифт бар.

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов – WBA бойынша бірінші ауыр салмақ дәрежесінде "тұрақты" әлем чемпионы. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылы шілдеде өтті, ол кезде қазақ жігіті Хизни Алтункайды жеңген болатын.

5646
Кілт сөздер:
Бейбіт Шүменов, зәулім сарай, сату
Тақырып бойынша
Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белдігінен айырылып қалды
Бейбіт Шүменов кәсіпқой боксқа қайта оралмақ
Шүменов Қанат Исламның промоутері болды деген ақпарат жалған
Шүменовтің салмағында қос чемпион жекпе-жек өткізді: жойқын нокауттың видеосы
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

105
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

105
QazVac вакцинасы

Бас санитар дәрігер QazVac вакцинасына қатысты қаулыға қол қойды

58
(Жаңартылды 20:06 31.07.2021)
Енді QazVac вакцинасының құтысы үш немесе бес адам екпе алуға ниет еткенде ашылады, бұл вакцинаны сақтау талабын орындау үшін қажет

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов қаулы шығарып, QazCovid-in (QazVac) вакцинасын шығару формасын өзгертті.

"QazCovid-in вакцинасын шығару формасы: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты түссіз шыныдан жасалған құтыға құйылады", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Денсаулық министрлігінің ақпаратына сүйенсек, вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Сондықтан вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 адам болғанда ғана көп дозалы құтыны ашу ұсынылып отыр.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны сақтау тәртібінің бұзылмауын бақылауды күшейткені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салдыруға бола ма

 

58
Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина