Достық

Министрлік ерікті студенттерге сағатына 1000 теңге төлеуді жоспарлап отыр

286
(Жаңартылды 12:45 15.02.2019)
Жастар жылы аясында "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы іске аспақ

АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Әлеуметке пайдасы бар қызметпен айналысатын ерікті студенттерге сағатына 1000 теңге төленеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

"2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Осыған байланысты "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы іске асады. Жалпы идея ретінде жоба дайын. Қазіргі уақытта оны жоғары оқу орындарымен бірге талқылап жатырмыз", - деді ол.

Министрдің айтуынша, осы жоба аясында студенттер волонтерлік қызметке тартылады.

"Қысқаша айтар болсақ, студенттерге бір семестрде 2 және 5 академиялық кредитке екі түрлі ваучер ұсынылады. Бұл 20 және 50 сағат, тиісінше сағатына мың теңгеден төленіп отырады", - деді Сағадиев.

Үш жыл ішінде жобаға қатысатын студенттер санын жылына 20 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

"Жас маман" бағдарламасы әзірленеді

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметті студенттік ваучер әлеуметтік пайдасы бар қызметпен айналысатын студенттерге беріледі. Яғни, олар инклюзивті білім; репетиторлық (қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютердік сауаттылық); девианттық мінез-құлықты кәлеметке толмаған балалармен жұмыс жасау; аулаішілік және спорттық клубтарды ұйымдастыру; егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс.

Жастар үшін бөлек тұрғын үй салынады

286
Кілт сөздер:
табыс, студенттер, еріктілер
Тақырып бойынша
Елбасы үкіметке олигархтармен бірлесіп арнайы қор құруды тапсырды
70-80 жылдардағы Қазақстан жастары қандай болды – ескі суреттер
"Неге бермеске?" Танымал қазақстандық жас әнші атақтан дәмелі екенін жасырмады
"Қиын болды": ұлттық экономика министрі 10 жыл бойы ипотека төлегенін айтты
Назарбаев: осынша жұмыс тұрғанда, өз тәнін ақшаға сату – ұят
"Қазақта ондай бәле болған жоқ" Назарбаев жастарға ақыл-кеңес берді
Бердібек Сапарбаев

Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па әкім жауабы

152
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

152
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады
Нұржан Әлтаев

"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды

462
(Жаңартылды 13:40 02.12.2020)
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты.

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

462
Кілт сөздер:
сын, Нұржан Әлтаев, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев