Баспана

Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды

1744
Мәжілістегі үкімет сағатында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қаралды

АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанова жалға берілетін баспананы алу үшін қазақстандық жастардың жасын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, "Нұрлы жер" бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері 19 мың пәтердің 34 проценті 28 жасқа дейінгі қатысушыларға берілген.

"Жастардың немесе жас отбасылардың баспанаға қажеттілігі және онымен қамтамасыз ету бойынша толық мәлімет жоқ. Ал бұл ақпарат проблеманы шешудегі әдістерді жоспарлау үшін қажет. Бұған қоса, баспананың түрлі нұсқасын қарастыратын уақыт жетті. Бұл қолжетімді ипотека, әлеуметтік баспана, тұрғын үй кооперативтері, жеке құрылыс", - деді ол мәжілісте жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері туралы өткен үкімет сағатында.

Ипотека алу үшін қандай құжаттар керек

Сонымен қатар, депутат Қазақстанның миллион халқы бар үш қаласында жастарға тұрғын үй бөлу мәселесіне тоқталды. Осы орайда ол жастардың жасын 35-ке дейін көтеруді ұсынды.

"Жастар жасының жоғарғы шегі ретінде 29 жасты емес, 35 жасты алу керек шығар. Өйткені басқа бағдарламалар бойынша, кейде адамдар келісімшартты рәсімдегеннен кейін үш жылдан соң баспананы сатып алу құқығын жүзеге асыра алмай қалып жатады. Себебі жасы 29-дан асып кеткен", - деді Иксанова.

Бұған дейін қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев Астана, Алматы, Шымкент қаласында жастарға айына 12 мың теңгеге жалдамалы пәтерлер ұсынылатынын мәлімдеген болатын. Жалға берілетін үйлерге 29 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады.

Министр Сүлейменов он жыл бойы ипотека төлегегін айтты

1744
Кілт сөздер:
баспана, жастар жылы
Тақырып бойынша
"Жігіттер арба сүйреп, қыздар жеңіл жүріске салынады" Депутат жастардың мәселесін айтты
Назарбаев: осынша жұмыс тұрғанда, өз тәнін ақшаға сату – ұят
Министрлік ерікті студенттерге сағатына 1000 теңге төлеуді жоспарлап отыр
2019 жыл – Жастар жылы
Қазақстанда жастар үшін бөлек тұрғын үйлер салынады
  Электронды үкімет мобильді қосымшасы

Электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану фактілері  жиіледі

15
Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілген және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) заңсыз пайдалану фактілері  жиілеп кетті, деп хабарлады цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

2015-2018 жылдар аралығында 640-бабы "Қазақстан Республикасының электронды құжаттар және электронды цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын бұзу" бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылы мұндай істердің саны күрт өсті – 52 іс қозғалды.  

Оқи отырыңыз: Енді электронды цифрлық қолтаңбаны компьютерде сақтау қажет емес 

"Осы жылдың 9 айында электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз берудің 30-дан астам фактісі және оны қорғау шараларын сақтамаудың бестен астам жағдайы анықталды. Бұл фактілер бойынша 10-нан 150 АЕК-ке (27 780-нен 416 700 теңгеге дейін – Sputnik) дейін айыппұл салынды", - деп нақтылады ведомство.

Соңғы кездері министрлікке жеке тұлғалардан және лауазымды адамдардан электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруге қатысты көптеген шағым түсіп жатыр.

"Электронды цифрлық қолтаңба қолмен қойылған қолтаңбаға теңестірілгенін және заңдық тұрғыда салдары онымен бірдей болатынын ұмытпау керек", - деп атап өтті ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.

Өткен кезеңмен салыстырғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары өздерінің ЭЦҚ-сын басқа қызметкерлерге беру жағдайлары, сондай-ақ жұмыс берушілер жұмыстан шығып кеткен қызметкерлердің ЭЦҚ-сын қайтарып алмайтын жағдайлар көбейді. Мұндай әрекеттер электронды цифрлық қолтаңбаны заңсыз қолдануға жол ашады, ал ол әкімшілік және тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады.

ЭЦҚ-ны қалай қорғауға болады

Өзіңді қорғау және алаяқтықтың құрбаны немесе керісінше заң бұзушы атанбау үшін министрлік мынадай кеңес береді:

  • ЭЦҚ-ны үшінші тұлғаларға беруге болмайды. Ұйымдарда құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭСҚ беру керек;     
  • ЭСҚ-сы бар қызметкерлерді жұмыстан шығару фактілерін қадағалап, олардың ЭСҚ-сын дер кезінде қайтарып алған жөн;
  • ЭСҚ жоғалған жағдайда бұрынғысынан бас тарту арқылы дереу қайта шығарып, стандартты парольді күрделілеуіне ауыстыру қажет.

Айта кетейік, электронды цифрлық қолтаңбаны үйден шықпай-ақ алуға болады.  

15
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы, қолтаңба
Тақырып бойынша
Қазақстан премьері ЕАЭО үшін маңызды ұсыныс жасады
Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін қалай ұзартуға болады – министр жауабы
Боран

Бұрқасын соғып, көктайғақ болады синоптиктер жұмаға болжам жасады

843
Қазақстанның тоғыз өңірінде дабылды ескерту жарияланды, бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Синоптиктер жұмада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Қазгидрометтің мамандары Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады деген болжам жасады, тек шығыста және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігінде және орталық бөлігінде жаяу бұрқасын соғады.  

Дабылды ескерту

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жұма күні Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын соғады, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жұма күні Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қараша айының жиырма жетісінде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасындатады.

Оқи отырыңыз: Биылғы қыс қандай болады – синоптиктер болжам жасады 

28 қарашада таңертең және күндіз Жамбыл облысында жауын-шашын қатты жауады (жаңбыр, қар), 27-29 қарашада кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, 28 қарашада кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады. 27 қарашада күндіз, 28 қарашада тәулік бойы секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, 28 қарашада екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды ​​облысында кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

Батыс Қазақстанда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында тұман түседі.

Алматы облысында, Жалаңашкөл маңында жел секундына 17-22 метрге күшейеді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 14-16, күндіз 5-7 градус суық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы минус 5-7 градусқа дейін төмендейді, күндіз плюс 4-6 градус болады.

Шымкентте дабылды ескерту жарияланды. 27 қарашада күндіз мұнда жел тұрып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде минус 1 - плюс 1, күндіз 7-9 градус жылы болады.

843
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы, көктайғақ, бұрқасын