Қоғам

"25 жылға 5%-пен" Министр екі бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемін есептеп берді

© Sputnik / Владислав ВодневНовоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салымшылар "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 25 жылға жылдық ставкасы 5%-пен жеңілдікпен несие ала алады

АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Биыл Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 миллиард теңге бюджеттік кредит бөлінеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 660 миллиард теңге жинағы бар 1 миллион 300 мың салымшы тіркелген. Бұл салымшылар мемлекеттік қолдау шаралары есебінен баспаналы болуға үміттенген, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының әлеуетті қатысушылары.

Баспана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды
"Былтыр банк 38 300 займ берді. Бұл 2017 жылдың деңгейінен 48 процентке артық. Жалпы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана алудың ең тиімді инструменттерінің бірі болып отыр", - деді Қасымбек үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 28 миллиард теңге бюджеттік кредит бөлінеді.

"Бюджеттік кредит Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 20 жылға беріледі", -деді министр.

Салымшылар "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бастапқы жарнасы 20% болған жағдайда 25 жылға жылдық ставкасы 5%-пен жеңілдікпен несие ала алады.

"Мәселен,  құны 8,5 миллион теңге болатын аумағы 60 шаршы метр екі бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемі 60 мың теңгені құрайтын болады. Бөлінген қаржы бір жылдың ішінде 3111 салымшының қолжетімді займ алуына мүмкіндік береді", - деді Қасымбек.

Айтуынша, қаржы алдағы 15 жылда үш рет айналымда болады, яғни тағы 6 мың салымшыға займ беріледі.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары 5%-пен несие ала алады

Жаңалықтар
0