Қыз

Он тоғыз жыл бұрын жоғалып, Тәжікстанда табылған қыздың адам сенгісіз тағдыры

18936
(Жаңартылды 19:27 26.02.2019)
Қазақстандық қыз құжаты болмаса да, күйеуге шығып, кейін ажырасып, осы күнге дейін даяшы болып жұмыс істеп жүрген

АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Әсел Дүйсенбаева 1984 жылдың 13 қаңтарында  Атырау облысында дүниеге келген.

2000 жылы 7 cәуірде сүйіктісі - тәжікстандық жігітпен Саратов-Душанбе бағытындағы пойызға отырып, Атыраудан Тәжікстанға кетіп қалады. Қолында туу туралы куәлігі ғана болған, кейін оны да жоғалтып алыпты.

Душанбе қаласының вокзалына келгеннен кейін тәжік жігіті Әселді алдап, тастап кеткен. Вокзалда жүргенде жергілікті бір әйелмен танысып, соның үйінде 10 жыл тұрған екен.

Қостанайда жас жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

2011 жылы басқа бір тәжікстандықпен азаматтық некеге тұрып, 2013 жылы ажырасып кетеді, екеуінің балалары болмаған. Осы уақытқа дейін Душанбе қаласындағы дәмханада даяшы болып жұмыс істепті.

Тағдыры шешілген сәт

Биыл қаңтарда Әсел Душанбе қаласына келген Қазақстан азаматымен танысып, оған өз суретін және жеке деректерін береді. Ол WhatsApp желісі арқылы Әсел туралы ақпаратты таратып, нәтижесінде әйелдің анасы Мұстақима Дүйсенбаева қызын танып, Қазақстанның Тәжікстандағы елшілігіне өтініш жолдаған екен.

Сонымен бірге, Әсел туралы естіген атыраулық депутат Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтан қазақстандық қызды табуға көмектесуді өтінеді. Атамқұлов еліміздің Душанбедегі елшісіне телефон соғып, Әселді іздеуге тапсырма береді.

Елшілік әйелді табу үшін Тәжікстанның құзырлы органдарына сауал жіберген. Қазақстандық дипломаттар мен Тәжікстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-іздестіру басқармасы үйсіз-күйсіздерді қабылдайтын орындарды аралап, сондай-ақ тіркеуде тұрған немесе құжатсыз жүрген адамдар арасында іздеу жұмыстарын жүргізеді. Бұдан бөлек, елдегі түрлі дәмханалар, мейрамханалар, түнгі клубтар тексерілген екен.

Астанада ұшты-күйлі жоғалған қыздың тағдыры белгілі болды

Алайда іздеу жұмыстарынан еш нәтиже болмайды. Қолдарында фотосы ғана бар, қыздың есімін ғана білетін дипломаттар үшін бірнеше жүз мың xалқы бар Душанбеден Әселді іздеп табу оңай емес еді.

Күтпеген кездесу

19 ақпан Әсел үшін қуаныш пен шаттыққа толы күн болды. Сол күні Қазақстан елшілігінің консулы Асылхан Бекбосыновқа Душанбе қаласының полиция қызметкері телефон соғып, Әселге ұқсайтын әйелді көргенін хабарлайды. Бекбосынов сол жерге дереу барса, ол әйел Әсел емес болып шығыпты.

Жоғалған қазақстандықты табамыз деген үміті үзілген Асылхан Бекбосынов жұмысқа қайтып бара жатқанда, жол шетінде Әселге ұқсайтын әйелді байқады. Дереу тоқтап, қасына барып, "Сіздің есіміңіз Әсел емес пе?" деп сұрайды. Әсел бұл сұрақты қазақша түсінбей, оған тәжікше сөйле бастайды. Консул сұрағын орысша қайталағаннан кейін ғана, "ия, есімім Әсел" деп жауап берді.

Бекбосынов Әселге туыстары іздеп жүргенін айтып, анасының видеосын көрсетеді. Оны көрген әйелдің көңілі босап, жарты сағат көз жасын тыя алмаған.

Алматыда жоғалып кеткен музыкантқа қатысты суыт хабар жетті

Әселдің қолында ешқандай құжаты болмағандықтан, консул Атырау қалалық АХАЖ бөлімінен туу туралы актілік жазбаның көшірмесін шұғыл түрде сұратады. Сол көшірменің негізінде Қазақстанға қайтып оралуға арналған куәлік рәсімделді.

Елшілік қызметкерлерінің көрсеткен қаржылай көмегімен 22 ақпанда Душанбе-Алматы-Атырау бағыты бойынша отанына аттанған Әсел Атырау қаласына аман-есен жетіп, анасы және туыстарымен 19 жылдан соң қайта қосылды.

18936
Кілт сөздер:
қазақстандық қыз, Тәжікстан, жоғалып кету
Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек Тоқаев

26
Қазақстан президенті мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуда, мемлекеттік саясаттарды іске асырудың сапасын арттыруда ақпараттық технологияларды қолдануға мүдделі екенін білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Artificial Intelligence Journey" атты онлайн конференцияда сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және деректерге талдау жасаудың өзекті мәселелеріне арналған "Artificial Intelligence Journey" атты онлайн конференцияда сөз сөйледі. 90 елден 28 мыңнан астам адам қатысқан бұл шара әлем бойынша биылғы ең ірі конференция болды.

"Master event" Жасанды интеллект: болашаққа жауапкершілікпен қарау" тақырыбында өткен пленарлық талқылауға Мемлекет басшысымен қатар Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин қатысты. Жиынға "Сбербанк" БАҚ президенті, басқарма төрағасы Герман Греф модераторлық етті.

Қазақстан президенті өз сөзінде әлем экономика, қауіпсіздік, медицина, саясат сияқты адам қызметінің бағыттарын қамтитын жасанды интеллект, машина арқылы оқыту және нейрондық желілер дәуірінде өмір сүріп жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл өзгерістерді COVID-19 пандемиясы кезінде қарапайым адамдар да сезінді. 

"Бұл бізге мойын бұруға мұрша бермей, заманауи технологиялар жетектеп апара жатқан мүлдем жаңа әлем. Ол жарқын келешек пе, бұлыңғыр болашақ па? Келешек ұрпаққа не қалдыратынымыз? Бұл біздің – инженерлердің, IT- мамандарының, экономистердің, әсіресе, саясаткерлердің жұмылған күш-жігеріне байланысты", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жасанды интеллектінің кескініне қарап-ақ, ауруды анықтап, диагноз қоюға, адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін айтты.

Президент сарапшылардың болжамдарынан мысал келтірді. Олардың айтуынша, жасанды интеллектінің қолданылуы қауіпті инфекциялары бар аурулардың келесі толқынын 18 ай бұрын анықтауға мүмкіндік жасайды. Бұл күрделі жағдайға дайындалу үшін айтарлықтай уақыт береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жасанды интеллект технологиясын өркендетуді және үлкен деректерге талдау жасауды дамудың негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықтағанын жеткізді. Оның пікірінше, географиялық тұрғыдан үлкен мемлекеттерге ел ішінде "цифрлық теңсіздікті" төмендету және "цифрлық агломерация" маңызды болмақ.

Мемлекет басшысы жиын қатысушыларына Қазақстанда цифрлық технологияларды енгізу жөнінде қабылданған шаралар және пандемия кезінде олардың атқарған маңызды рөлі туралы айтты. Мәселен, бұл – мемлекеттік қызметтерді қашықтан ұсыну, қашықтан бірегейлендіру және әлеуметтік жәрдемақы алу үшін шоттарды ашу сияқты қызметтерге қатысты.

Сонымен қатар Қазақстан президенті мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуда, мемлекеттік саясаттарды іске асырудың сапасын арттыруда ақпараттық технологияларды қолдануға мүдделі екенін білдірді. Сондай-ақ фактілерге негізделген саясатты қалыптастыруда және оны тиімді іске асыруда ауқымды деректерді цифрландыру мен оларды талдаудың рөлін атап өтті.

Президент өз сөзінде нақты уақыт тәртібінде деректердің болуы, сондай-ақ толық емес немесе анық емес ақпаратқа негізделген болжам жасау кезінде жасанды интеллектінің көмегі қабылданатын шешімдердің сапасын түбегейлі өзгертуі мүмкін екенін айтты.

Мемлекет басшысы мәлімдегендей, Қазақстанда қазіргі уақытта үлкен деректерді жинақтауға және іріктеуге арналған жаңа тәсілдердің "Data-Driven Government" тұжырымдамасын енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті экожүйені жоспарлы енгізудің қажеттігі туралы мәлімдеді. Оның ақпаратына сәйкес, Назарбаев Университетінің базасында Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институты құрылды. Аталған Институт Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, жеке зертханасы, деректерді өңдеудің зерттеу орталығы және жасанды интеллектіні дамытудың ғылыми паркі бар ұлттық кластер құруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Президент Қазақстан Үкіметі, "Астана" халықаралық қаржы орталығы және Дүниежүзілік экономикалық форум арасында "Астана" ХҚО платформасындағы және құзыретіндегі Төртінші өнеркәсіп революциясының үлестес орталығын ашу туралы келісімнің бар екенін айтты. Аталған орталық  инновациялық жобаларды іске асыру саласы бойынша реттеушілік нормаларды дамыту мақсатында Орталық Азияның мемлекеттік құрылымдарын, бизнесі мен индустриялық әріптестерін біріктіреді.

Қазақстандағы цифрландыру үдерісі тақырыбын жалғастыра отырып, Президент еліміз үшін жаңа технологияларды қолдану – мақсат еместігін,  азаматтардың өмірін және бизнесті жақсартудың тәсілі екенін атап өтті. Оның пікірінше, цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын дамыту сән қуу емес, ұлттық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізудің басты құралы.

"Мемлекет машина сияқты жұмыс істеуі тиіс, бұл дұрыс. Алайда, шын мәнінде, халық үніне құлақ асатын мемлекет және мемлекеттік қызметшілердің бойында эмпатия, уайымдау сезімі болуы керек. Олар азаматтармен өзара іс-қимылға ресурстарды көбірек жұмсауы тиіс",  – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар президент конференция қатысушыларының назарын жасанды интеллектіні дамыту және енгізу кезінде ескерілуі тиіс сын-қатерлерге аударды. Оның айтуынша, өңделетін ақпараттың үлкен бөлігі құпия болған жағдайда жеке мәліметтердің қауіпсіздігі мен оларды қорғау мәселесі туындайды. Мемлекет басшысының пікірінше, аталған мәселені шешу үшін оның теңгерімін табу қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін жалғастыра келе, жасанды интеллектіні қақтығыстар, геосаяси текетірестер кезінде "қару" ретінде қолдану мүмкіндігін айтты. Қауіпсіздіктің қалыптасқан құрылымындағы және қарулануды бақылаудағы сын-тегеуріндер кибертехнологиялардағы және жасанды интеллект саласындағы текетірестер нәтижесінде шиеленісе түсуі мүмкін.

Осыған байланысты күшті дамыған технологиялары бар кейбір мемлекеттер, саяси одақтар және тіпті, жеке корпорациялар ерекше мәртебеге үміткер болып, өзге мемлекеттерді өз шарттарын қабылдатуға мәжбүрлеуі мүмкін деген болжам айтты.

Президент әлемнің саяси басшыларына жасанды интеллект технологияларын адамға және оның құқықтарын бұзуға қарсы қолданбау туралы Меморандумды қабылдау мүмкіндігін ойластыруды ұсынды. Мемлекет басшысы айтқандай, мұндай құжат адамзат үшін моральдық-этикалық пакт және жасанды интеллект пен оны әзірлеушілер үшін үзілді-кесілді императив болуы мүмкін.

"Біздің міндетіміз осындай сипаттағы кері әсерлерді болдырмау шараларын қалыптастыру. Жаңа заманның табысы біздің жаңа технологияларға енгізетін адамгершілік деңгейіне тәуелді болмақ. Машиналар мен роботтардың ойлау процестері сындарлы бағытта ғана дамуы тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сөзін қорытындылай келе, жасанды интеллекті дұрыс қолданған кезде бізге барынша үйлесімді әрі байсалды дамуға мүмкіндік беретін құрал болатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы пленарлық пікір алмасу аясында модератор мен сарапшылар қойған бірқатар сауалдарға жауап берді.

26
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Цой "Спутник V" вакцинасын өндіру үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды    

17
(Жаңартылды 22:33 04.12.2020)
Қазақстан аумағында "Спутник V" вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізіп, Қазақстан аумағында "Спутник V" вакцинасының кемінде 2 миллион дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ол үшін Қазақстанның реттеуші органдары қажетті рәсімдерді жүргізеді.

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаның өндірісі басталатыны хабарланды.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен Бас директоры Кирилл Дмитриев коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.        

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен Қазақстан Республикасының аумағында "Спутник V" вакцинасын шығаратын зауыт салу туралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қарым-қатынасқа серпін береді, сондай-ақ коронавирус инфекциясы пандемиясымен тезірек күресуге мүмкіндік туады деп сенемін", - деді Цой.

"РФТИҚ  мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімнің арқасында  халыққа адамның аденовирустық векторларының тексерілген және жақсы зерттелген платформасында құрылған тиімділігі 91% асатын коронавирусқа қарсы вакцина қолжетімді болады. Қазақстан аумағында "Спутник V" вакцинасын шығару логистикалық шығындарды азайтуға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасында технологиялық, ғылыми және медициналық тәжірибе алмасу кеңейеді", - деп атап өтті Дмитриев.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтарға келесі жылдан бастап жаппай вакцина егіледі 

Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында, БАӘ, Венесуэлада және бірқатар басқа елде "Спутник V" вакцинасының III клиникалық зерттеу фазасы, сондай-ақ Үндістанда II-III фаза мақұлданып, жүргізіліп жатыр. 50-ден астам елден 1,2 миллиардтан астам доза сатып алу туралы өтінім түсті. Шетелдік нарыққа арналған вакцинаны РФТИҚ  халықаралық серіктестері Үндістан, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Корея және тағы төрт ел шығарады.

17
Кілт сөздер:
келісім, вакцина
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
COVID-ке қарсы ресейлік вакцина Қарағандыда өндірілуі мүмкін
БҰҰ-да ресейлік вакцина таныстырылады
"Екпеден қорықпаймын": медбике COVID-ке қарсы вакцинаны сынап көрді – видео
QazCoVac-P деп аталатын қазақстандық вакцина адамдарға сыналады
Бір аптада коронавирустан 44 қазақстандық қайтыс болды
 Қазақстан мен Ресейдің тулары

Көкшетауда өтетін өңіраралық ынтымақтастық форумына Тоқаев пен Путин қатысады

0
Қазақстан-Ресей форумын осы жылдың жылдың қараша айында өткізу жоспарланған болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Кейінге қалдырылған Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы келесі жылы өтеді, деп хабарлады экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин қатысатын жиын кейінге шегерілді 

Жұма күні Мәскеуде Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресей Федерациясының табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козловпен кездесті. 

"Кездесу аясында 2021 жылы Көкшетау қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелері де талқыланды", - делінген хабарламада. 

Форум 2021 жылдың қараша айында өтуі керек болатын, коронавирус пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Көкшетаудағы өңіраралық ынтымақтастық форумы

Қазақстан мен Ресейдің ХVII өңіраралық ынтымақтастық форумына экология және "жасыл" өсу тақырыбы арқау болады.

Алғашқы өңіраралық форум 2003 жылы Омбыда өтті, оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері Қазақстан мен Ресей басшыларының шекаралас облыстардың бірінде кездесуі дәстүрге айналды. Алайда бұл жолы форум Ресей Федерациясымен шектеспейтін облыста ұйымдастырылып отыр.   

0
Тақырып бойынша
Тоқаев пен Путин Көкшетауда кездеседі
Путин Тоқаевқа ерекше құрмет көрсетті – видео
Путин мен Тоқаев Омбыда форум өткізіп, сыйлық алмасты – видео
Нұрсұлтан Назарбаев батыл ұсыныс жасады