Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясының съезінде

"Ақылға қонымды болуы тиіс" Назарбаев білім министрлігінің олқылықтары туралы айтты

6680
(Жаңартылды 14:02 27.02.2019)
Нұрсұлтан Назарбаев үштілділік саясатын жүзеге асыру кезінде ақылға қонымсыз істерге жол бермеу қажеттігін айтты

АСТАНА, 27 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының сьезінде үштілділік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Білім саласындағы реформаларды да логикалық нәтижелерге дейін жеткізу керек. Қазіргі заман балаларымыздан жаңа дағдыларды дамытуды талап етеді. Үштілділік қалыпты жағдайға айналуы тиіс екенін айтқан едім. Біздің балаларымыз – жаһан балалары. Олар бүкіл әлемдік кеңістікте, үздік жоғары оқу орындарында білім алады, біз бармаған жерлерге барады. Сондықтан қазақ және орыс тілімен қатар ағылшын тілін де меңгеруі керек. Бұл маңызды", - деді президент "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Бірақ, Назарбаевтың айтуынша, мұны дұрыс бағытта жүргізу керек. Осы орайда мемлекет басшысы білім және ғылым министрлігінің қателіктерін атап өтті.

"Физика, математика, химиядан сабақ беретін мұғалімдерге ағылшын тілін үйренуге қанша уақыт кетеді? Ал біздің министрлік мұғалімдерге ертеңнен бастап ағылшынша оқытуды тапсырды. Жарайды, оларды үш айға шақырады, оқытады, бірақ үш айдың ішінде кім математиканы ағылшынға беріп кете алады? Ал бұған қыруар қаражат бөлініп отыр. Мүмкін, шетелден мұғалімдер шақырып, сабақ берген дұрыс болар ма еді?! Сондықтан бұл міндет қалады. Білім министрлігі дұрыс бағытта келе жатыр, бірақ бәрі ақылға қонымды болуы тиіс", - деді Назарбаев.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Сағадиевті не үшін мақтады?

Сонымен қатар, ол әр өңірде кем дегенде бір үздік жоғары оқу орны жұмыс істеуі керек екенін атап өтті.

6680
Кілт сөздер:
'Нұр Отан' партиясы, үштілділік
Тақырып бойынша
Назарбаев ағылшын тілі туралы: кейбіреулер "тек қазақ тілі керек" деп шулайды
Кенжебай: Кеңес заманында да қазақ тілі дәл бүгінгідей сорлаған жоқ
"Qazkom-ды әдейі таңдаған едім". Оғыз Доған тіл үшін неге күресіп жүргенін айтты
Назарбаев 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың жалақысын көбейтуді тапсырды
Президент көпбалалы және тұрмысы нашар отбасыларды баспанамен қалай қамтитынын айтты
Қазақ тілі туралы орынсыз әзілдеген Азамат Мұсағалиев жұрттың сөзіне қалды
Ақтауда дәптерлер қазақ тілі сабағынан бас тартуға себеп бола жаздады
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

2
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

2
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

19
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

19
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол