Архивтегі фото

21 мың теңгені кімдер алады: Қаржы министрлігі түсіндірді

47832
(Жаңартылды 16:38 27.02.2019)
Тұрмысы төмен отбасыларға жиынтық табысты әр адамға бөлген кезде 15 мың теңгеден аз тиетін отбасы жатады

АСТАНА, 27 ақпан  – Sputnik. "Нұр Отан" партиясының съезінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырды. Қаржы министрі Әлихан Смайылов аталған көмекті кімдер алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Елбасы айтқандай, тұрмысы нашар отбасылардағы әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і немесе шамамен 20 800 теңге төленеді. Көпбалалы отбасы болып 4 немесе одан да көп бала тәрбиеленіп жатқан отбасылар есептеледі", - деді ол.

Ал тұрмысы төмен отбасыға ондағы жиынтық табысты әр мүшеге бөлген кезде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-інен аспайтын, яғни әр адамға 15 мың теңгеден аз тиетін отбасы жатады. 

"Осындай отбасылардың жиынтық табысын есептей келгенде, олар  жәрдемақының 3 түрінен қағылады. Мұндай жәрдемақыны алатындарды көбірек қамту үшін ертең үкімет отырысында аталған мәселені кеңірек талқыға саламыз. Сондықтан мұны сол кезде толығырақ айтып беремін",- деді Әлихан Смайылов "Нұр Отан" партиясының съзінен соң журналистерге.

Сонымен қатар қаржы министрі президент халықтың тұрмысын көтеру мақсатында оларға берілетін әлеуметтік көмекті күшейтуді тапсырғанын атап өтті.

"Жалпы бюджеттен бөлінетін қаржыны әлеуметтік салаға бағыттау жайлы кеше-бүгін ғана айтылып жатқан жоқ. Әсіресе, бұл мәселе соңғы жылдары көп көтерілді. Біздің халықтың әлеуметтік көңіл күйіне әсер ететін жағымсыз жайттардың күшеюіне байланысты әлеуметтік қолдау күшейтілді.

Айтап айтқанда, соңғы екі жылда республикалық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінетін шығындар 34%-тен 45%-ке өсті. Алдағы 3 жылда аталған көрсеткіш 49%-ке артады. Әлеуметтік салаға басымдық берілгені анық көрініп тұр", - деді ведомство басшысы.

47832
Кілт сөздер:
Әлихан Смайылов, көпбалалы отбасы, жәрдемақы
Тақырып:
Жәрдемақы қалай төленеді (61)
Тақырып бойынша
Депутат әр балаға ең төменгі жалақының 50% көлемінде жәрдемақы төлеуді ұсынды
Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?
Мүгедектерге берілетін жәрдемақы: қазақстандықтар нені білуі тиіс?
Бірінші қаңтардан жәрдемақы мен зейнетақы өседі: кімге және қанша төленеді?
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

824
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

824
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

1837
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
1837
кісен, архив

Қарағандылық полицейлер қауіпті банда ұсталған сәттің видеосын жариялады

11
(Жаңартылды 13:36 29.11.2020)
Банда мүшелерінен қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша — Sputnik. Қарағанды облысының полицейлері адам өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасаған төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы Теміртау тұрғыны полицейлерге қарақшылық шабуыл туралы хабарлаған.

Әйелдің айтуынша, 20 қараша күні белгісіз екі  адам пистолетпен қорқытып, Момышұлы көшесіндегі пәтеріне кіреді. Үйде бірге тұрып жатқан 50 жастағы ер адам екеуі болған. Қаскөйлер екеуін байлап тастап, ұрып-соққан. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмады. Бандиттер үйдегі ақша мен мүлікті алып кеткен.

Бұл фактілер қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі "Адам өлтіру" және 192-бабының 3-бөлімі "Қарақшылық" бойынша тіркелді.

"Қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оның құрамына департамент аппараты, Теміртау қаласы полиция басқармасының тәжірибелі мамандары кірді", - деді полициядағылар.

Тәртіп сақшылары төрт күдіктіні анықтады. Олар - 25, 29, 34 және 39-жастағы Жезқазған, Сәтбаев және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Полиция қаскөйлерді 26 және 28 қарашада Нұр-Сұлтан мен Жезқазғанда ұстады.

Күдіктілердің пәтерін тінту кезінде түрлі қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың басқа қылмыстарға қатысы анықталады.

11