Медбике

Министр 76 мың теңге алатын медбикенің жалақысы қаншаға өсетінін айтты

4216
Жалпы алғанда, 225 мыңнан аса медициналық қызметкердің жалақысын өсіру жоспарланып отыр

АСТАНА, 28 ақпан – Sputnik. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап айлығы төмен медбикелер мен кіші медициналық персоналдың жалақысы 30%-ке өседі. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы жылдың 1 шілдесінен бастап жалақысы төмен барлық медбике мен кіші медициналық персоналдың жалақысы 30%-ке көтеріледі. Мәселен, мейірбекенің айлығы 76 мыңнан 100 мың теңгеге дейін, ал кіші медперсоналдарда 48 мыңнан 64 мың теңгеге дейін өседі", - деді Біртанов үкімет отырысында.

Бұған қоса, оның айтуынша, жоғары сұранысқа ие дәрігерлердің де жалақысы ұлғаяды. Жалпы алғанда, 225 мыңнан аса медициналық қызметкердің жалақысын өсіру жоспарланып отыр.

"Осыған орай республикалық бюджеттен 2019 жылы 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді", - деді министр.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2021 жылға дейін 595 амбулаториялық мекеме салу жоспарлануда. Оның 577-сі – ауылдық елді мекендерде, ал 18-і – қалаларда бой көтереді.

Айта кетсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30 процентке көбейтуді тапсырған еді.

 

4216
Кілт сөздер:
жалақы, медбике, Біртанов
Тақырып бойынша
Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды
Қазақстанда ең жоғары 13 миллион теңге жалақыны кім алатыны белгілі болды
Әскери қызметкерлердің қанша жалақы алатыны белгілі болды
Досаев Назарбаевқа 2 миллион қазақстандықтың жалақысы өскенін баяндады
Мұғалімнің орташа жалақысы кем дегенде 300 мың теңге болуы тиіс – жұмыс тобы
Архивтегі фото

Жоғары балл жинаған 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

23
ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалка қолданғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. 19 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері 100-ден жоғары балл жинаған талапкерлердің бейнежазбасын тексереді.

Биыл ҰБТ бейнежазбаларының бір бөлігін егжей-тегжейлі қарап шыққаннан кейін, 19 талапкердің шпаргалка қолданғаны және ережені бұзғаны анықталды. Осыған байланысты олардың нәтижесі жойылды.

"Түлектеріміз өз біліміне ғана сенуі үшін осындай мұқият тексеріс жүргізіп жатырмыз. Өйткені бүгін тест тапсырып, ережені бұзған талапкердің ертең полиция қызметкері, дәрігер, мұғалім немесе судья ретінде адал маман болатынына кепілдік жоқ. Сондықтан комиссия 19 талапкердің нәтижесін жоюға шешім қабылдады", – деп атап өтті БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Наужан Дидарбекова.

Оның айтуынша, енді олар білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алмайды. Бірақ мұндай әрекет балалар тарапынан жасалғаны ескеріліп, оларға жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқу мүмкіндігі беріледі.

"Бейнежазбаларды тексеруді жалғастырамыз. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда нәтижелер, тіпті берілген гранттардың да күші жойылады", – деп түйіндеді Дидарбекова.

Оқи отырыңыз: Биылғы ҰБТ-да бір түлек қана ең жоғары ұпай жинады 

Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері өткен жылдағыдай, 145 мың талапкердің бейнежазбасын қарап шығады.  

Өткен жылы бақылау камераларынан бейнежазбаларды қарау туралы ереже енгізілген болатын. ҰБТ аяқталғаннан кейін 152 талапкердің тестілеу ережесін бұзғаны анықталып, нәтижесі жойылды. Олардың 91-і білім грантынан айырылды.

23
Ақорда, архивтегі фото

Тоқаев ішкі істер министріне карантиндік шараларға қатысты тапсырма берді

33
Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.      

Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елдегі криминогендік ахуал туралы баяндап берді. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының жұмысы бойынша есеп берді.  

Министрдің айтуынша, бүгінде қылмысты ашу көрсеткіштері жақсарып отыр. Соның нәтижесінде кісі өлтіру, тонау, бұзақылық, ұрлық, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған құқық бұзушылықтардың саны азайды.

"Қоғамдық орындар мен көшедегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады. Алайда интернет желісін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар көбейген. Бұған пандемия кезіндегі онлайн-қызметтердің өсуі ықпал етті", - дейді Тұрғымбаев.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысына жалған вакциналау паспорттарын таратудың жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шараларға қатысты ақпарат берілді. Жыл басынан бері 50 жалған вакциналау паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ, Тұрғымбаев жеке құрамның 96 проценті екпе алғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, карантиндік шараларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуді, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

33