Ақша

Онлайн калькулятор: болашақта қанша зейнетақы алатыныңызды білгіңіз келе ме?

5873
Болашақта қанша зейнетақы алатыныңызды enpf.kz сайтында орналасқан "Зейнетақы калькуляторының" көмегімен есептеп алыңыз

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтындағы "Электронды қызмет көрсету" бөлімінде "Зейнетақы калькуляторы" орналасқан. Болжамды зейнетақы мөлшері қалай есептелетінін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

enpf.kz сайтында екі калькулятор бар: "Ағымдағы зейнетақы калькуляторы" және "Болжамдық зейнетақы калькуляторы".

"Ағымдағы" калькулятор таяу жылдары зейнетке шығатын азаматтарға арналған. Бұл калькулятордың көмегімен ай сайын берілетін зейнетақының болжамды мөлшерін анықтауға болады.

Тағы оқыңыз: Балаға берілетін жәрдемақы 2019: кімге, қалай және қанша төленеді?

"Болжамды" калькулятор зейнетақының болжамды мөлшерін есептеп қана қоймай, оның неден құралатынын және табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда қандай болатынын көрсетеді. Бұл калькулятордың көмегімен қазіргі жас мамандар да болашақта қанша зейнетақы алатынын есептеп шығара алады.

Зейнетақыны қалай есептеу керек

Болжамды калькуляторда болашақ зейнетақының мөлшерін есептеу үшін:

  • туған күні;
  • жынысы;
  • еңбек өтілі;
  • жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі;
  • қазіргі жинақ сомасы;
  • орташа жалақы сомасын енгізу қажет.

Барлық деректі енгізгеннен кейін "Есептеу" батырмасын басыңыз.

Ескерту: егер сіз калькуляторға жеке кабинетіңіз арқылы кірсеңіз, онда деректер бағаны автоматты түрде толтырылады.

Онлайн калькулятор жеке кабинетке тіркелмегендерден зейнетақы шотында жиналған ақшаның сомасын сұрайды.

Шотыңызда қанша ақша барын бірнеше әдіспен білуге болады:

  • БЖЗҚ сайты немесе қордың мобильді қосымшасы;
  • электронды үкімет порталы;
  • электронды пошта арқылы.

Сондай-ақ, салымшы зейнетақы қорының кез келген кеңсесіне барып біле алады. Кеңсеге барарда жеке куәлік пен электронды сандық қолтаңбаңызды ұмытпаңыз.

"Болжамды" калькулятор болашақ зейнетақыны "Пессимистік", "Реалистік" және "Оптимистік" деп аталатын үш сценарий бойынша есептейді. Әрбір сценарийде жинақтардың инфляциямен салыстырғандағы табыстылық деңгейі көрсетіледі.

Тағы оқыңыз: Атаулы әлеуметтік көмек: кімге және қанша төленеді?

Бұған қоса, онлайн калькулятор шотыңыздағы ақшаның қанша жылға жететінін, зейнетке шығар алдында қанша жалақы алатыныңызды есептеп береді.

Зейнетақы аннуитеті арқылы зейнетке ерте шыққысы келетіндер үшін

Зейнетақы калькуляторында "Зейнетақы жинақтарын ӨСК-ге (өмірді сақтандыру компаниясына) аудару" функциясы қарастырылған. Оның көмегімен зейнетақы аннуитеті келісімшартын бекіту үшін қажетті ең төменгі зейнетақы жинағын есептеп алуға мүмкіндік бар.

Зейнетақы аннуитеті ерлер мен әйелдерге зейнетке ерте шығуға мүмкіндік береді. Зейнетақы аннуитетін сатып алу үшін сақтандыру компаниясымен келісімшартқа отырасыз. Бірақ, ең алдымен шотыңызда зейнетақы аннуитеті келісімшартын бекітуге жеткілікті ақша болуы керек.

Оны қалай есептейсіз?

Бірінші, тиісті бағанға жынысыңызды белгілейсіз, сол кезде шарт жасасуға қажетті жас мөлшері автоматты түрде шығады. Ерлер үшін – 55 жас, әйелдер үшін 2019 жылы – 51 жас.

Екінші, кепілді мерзімді белгілейсіз. Яғни, сақтандыру компаниясынан ай сайынғы төлемдерді қай кезең аралығында алып тұрғыңыз келетінін көрсетесіз. Осыдан кейін калькулятор осы жылдағы ең төменгі зейнетақыны ескере отырып, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін зейнетақы жинағы қанша болу керектігін есептейді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда мұғалімдер 48 жасында зейнетке шығуы мүмкін

Қазір зейнетақы аннуитеті үшін әйелдердің шотында кемінде 13 миллион 580 мың теңге, ал ерлерде 9 миллион  710 мың теңге болуы шарт.

Деректер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметінен алынды

5873
Кілт сөздер:
ақша, салымшы, БЖЗҚ, зейнетақы, зейнетақы жинағы
Тақырып:
Зейнетақы мөлшері қалай өзгерді (66)
Тақырып бойынша
Зейнетақы қорындағы қаржы бес жылдан соң таусыла ма? Ұлттық банк жауап берді
Зейнетақы қорындағы ақша "Сарыарқа" газ құбырының құрылысына жұмсалады
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жалақы мен зейнетақы көбейді
Зейнетақы - 2019: қазақстандықтар енді қанша алады
Енді зейнетақы жинағын SMS арқылы тексеруге болады
Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?
Қазақстандықтар зейнетақы қорында қанша қаражат жинады?
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың бір бөлігі зейнетақы жарнасын төлеуден босатылды
Спрей

Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады видео

813
Ер адам тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде егде жастағы ер  адамның полицейлермен ашулы кейіпте тілдесіп, бұрышты баллон спрейін шашып, шабуыл жасаған видеосы тарады.

Видеода ол тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды. Нәтижесінде, бірнеше полиция қызметкері зардап шеккен. 

Әлеуметтік желідегі жазбаларда екі жыл бойы анасын көрмеген төрт жасар қызға қатысты қақтығыс туындағаны айтылады. Ал шабуылдаушы зейнеткер – қыздың атасы. Полицейлер бала мен анасын табыстыру үшін келгенімен, жағдай мүлдем басқаша сипат алған.

Алматы полициясы бұл видео Наурызбай ауданында 2020 жылдың 7 желтоқсанында түсірілгенін мәлімдеді.

"Учаскелік инспектор мен ювеналды полиция, жеке сот орындаушысы және қамқоршылық органның өкілі 2016 жылы туған қызды анасына тапсыру үшін зейнеткердің үйіне келген. Осы кезде бүлдіршіннің атасы – 1954 жылы туған ер адам өзін ашулы кейіпте көрсетіп, полиция қызметкерлері мен сот орындаушысына бұрышты спрей қолданды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі кезгде зейнеткердің ісі "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қаралуда. Оған 3 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (8 751 000 теңге шамасында) салынып, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Зейнеткер қауіпсіздік жабдықтарынсыз тік жартастарға шығады – экстремалды видео

813
Кілт сөздер:
полицейлер, зейнеткер
Тақырып бойынша
Шыбын өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жіберді
Зейнеткер үйде күтіп отырған 101 жастағы анасы үшін COVID-тен жазылып шықты
Қазақстанда 216 мың зейнеткер бір реттік төлем алады
Нұр-Сұлтанда із-түзсіз жоғалып кеткен зейнеткер іздестіріліп жатыр
Оралда зейнеткер мен мүгедек ұлын өлтірген қылмыскерлерге үкім шықты
WhatsApp қосымшасы

Қолданушылар сынынан кейін WhatsApp жаңартуды кейінге қалдырды

42
(Жаңартылды 11:04 16.01.2021)
8 ақпанға дейін де, одан кейін желі қолданушылары ешқандай қиындық, кедергіге ұшырамайды. Ал жаңарту процесі 15 мамырда басталады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. WhatsApp қосымшасының қолданушылары арасында резонанс тудырған қолданушы келісімінің орындалуын кейінге қалдыру туралы шешімін жариялады, деп жазады РИА Новости.

"Біз қолданушы келісімін жаңарту шарттарын жүзеге асыратын күнді кейінге қалдырамыз", – делінген компания хабарламасында.

Сонымен қатар, 8 ақпанға дейін де, одан кейін желі қолданушылары ешқандай қиындық, кедергіге ұшырамайды. Ал жаңарту процесі 15 мамырда басталады деп жоспарланған.

Компания осы уақыт ішінде енгізілген жаңашылдықтарға адамдар тез бейімделіп, оларды қарқынды қолданатын болады деп болжайды.

Сондай-ақ, желідегі жеке әңгімелердің барлығы да өтпелі шифрлаудан қорғалатын болады және WhatsApp та, Facebook те жеке хабарламаларды көре алмайды.

Жаңарту енгізу нәтижесінде пайдаланушының орналасқан жері де қорғалады. Оған қоса, бұл деректер Facebook-ке берілмейді. WhatsApp мұндай әрекеттерді "жалған ақпаратпен күресу" мақсатында жасап жатқанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшасы әзірленеді

Айта кетейік, бұған дейін WhatsApp әкімшілігі қолданушы келісімін жаңартып, жеке ақпаратты Facebook-ке беретін болып келіскен. Осыған орай, WhatsApp бүкіл Facebook-тегі "қосымшалар отбасына" қолданушылардың талғамын талдау үшін пайдаланушылар туралы қажетті деректерді бөлісуі тиіс еді.

42
Кілт сөздер:
мобильдік қосымша, қосымша
Тақырып бойынша
Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды - видео
"Ұлы дала елі" қосымшасы әзірленді
Ақтөбе тұрғыны қонаққа келіп, Kaspi қосымшасы арқылы үй иесін тонап кеткен
Алматыда iAzamat интерактивті қосымшасы іске қосылды
Миллионнан астам адам жүктеген WhatsApp қосымшасы жалған болып шықты
Дәрігер, архивтегі фото

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері коронавирустан қайтыс болды

0
Нұрлан Құлсейітов сенбі, 16 қаңтарда өмірден өтті. Ол коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 16 қаңтар – Sputnik. Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Құлсейітов коронавирустан қайтыс болды, оның өкпесі 90-95 процентке зақымданды, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жұмыс барысында ол өзін жауапты басшы ретінде танытты. Оның бай тәжірибесі мен кең теориялық және практикалық білімі болды. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Онда сондай-ақ шамамен тоғыз жыл бұрын Құлсейітов жол апатына ұшырап, бір ажалдан аман қалғаны айтылған. Бұл жағдай оның денсаулығына әсер еткен. Ол инфекциямен 2020 жылдың 30 желтоқсанынан бері күресіп келген.  

Нұрлан Құлсейітов желіде тараған видеодан кейін қайтыс болардан біраз уақыт бұрын тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Роликтен кездесуге қатысушылардың бірі дәрі-дәрмек жетіспеушілігі туралы сұраққа жауап алуға тырысып жатқанын көруге болады.

Бірақ оның сөзі медициналық мекеме басшысының ашуын келтіреді, ол айқайлап, үстелді жұдырығымен бір ұрған. Содан кейін ол жиналыстан кетіп қалады. Осыдан кейін оған тәртіптік жаза тағайындалды.   

0
Кілт сөздер:
коронавирус, бас дәрігер
Тақырып бойынша
Олжас Сүлейменов әйелімен бірге Алматыда ауруханада жатыр
Теңізде коронавирустан емделіп жатқандар саны 700-ден асты
Ер адам коронавирустан емделемін деп өліп кете жаздады
Алматының бас дәрігері тұрғындарға үйден көп шықпауға кеңес берді   
Министрлік коронавирус пен пневмониядан неше адам қайтыс болғанын жариялады