Иллюстративті фото

Сенат депутаты 50 мың теңге жалақымен пәтер алу мүмкін емес екенін айтты

2523
(Жаңартылды 19:26 12.03.2019)
Депутат "7-20-25" бағдарламасына ауыл тұрғындарының қатыса алмай отырғанын айтты

АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев аудан және ауылдарда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін тұрғындардың 7-20-25" бағдарламасына қатыса алмай отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Қашақов "7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін айлық табыс шамамен 150 мың теңгеден асуы қажет екенін атап өтті.

"Олар еліміздің кез келген өңірінен құны 25 миллион теңгеге дейінгі жаңа салынған пәтерді сатып ала алады", - деді ол.

Алайда депутат Нұрлан Қылышбаев мұнымен келіспейтінін жеткізді.

"Комитет берген ақпаратпен келісе алмаймын.  Өңірлерде 150 мың теңге жалақымен пәтер алатынына күмәнім бар", - деді ол.

Оның айтуынша, екі баласы бар отбасының тек 12 миллион теңгенің пәтерін алуға шамасы жетеді.

"Банктер отбасының таза табысын есептейді. Тұрғындардың екінші деңгейлі банктерде қарызы болмауы керек. Бағдарламада ипотекалық заем деп жазылғанымен, банктер басқа қарыздардың болмауын және кредит тарихының жақсы болғанын талап етеді. Бұл – банктер қоятын негізгі талап", - деді Нұрлан Қылышбаев.

Депутат аудандық балабақшадағы жас тәрбиеші 50 мың теңге, ал категориясы бар тәрбиеші 70 мың теңге, балабақша меңгерушісі 100 мың теңге жалақы алатынын айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша,  аудандық деңгейдегі жетекші әкімдік қызметкерінің жалақысы 55 мың теңге, бас маман 55 мың теңге, еңбек өтілі жоқ бөлім басшысы 125 мың теңге, еңбек өтілі жоғары бөлім басшысы 190 мың теңге көлімінде табыс табады.

"Қарапайым мектептегі категориясы жоқ мұғалімнің жалақысы 50 мың теңге, жоғары категориялы бір ставкада жұмыс істейтін ұстаздың жалақысы 90 мың теңге, жоғары категориялы 1,5 ставкадағы педагог 150 мың теңге алады. Ал категориясы жоқ дәрігер 56 теңге, жоғары категориялы дәрігер 77 мың теңге, кезекшілікті есептегенде категориясы жоқ дәрігер 77 мың теңге, жоғары категориялы дәрігер 119 мың теңге алады", - деп тізіп шықты Нұрлан Қылышбаев.

Сенатор қорытындылай келе, аудан және ауылдардағы қызметкерлердің "7-20-25" бағдарламасына қатыса алмай отырғанын атап өтті.

"Сондықтан ауылдық жерлердегі тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етудің жаңа жолын іздеу керек. Біз аталған бағдарламаға қандай әлеуметтік топтар қатысып жатқанын білгіміз келеді. Өңірлердегі тұрғындардың төлем қабілеті банктердің талабына сәйкес келмей отыр. Көптеген тұрғынның кредит тарихы нашар", - деп түйіндеді сөзін депутат.

2523
Кілт сөздер:
ипотека, баспана
Тақырып бойынша
Депутат баспана алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды
Зейнетақы қорындағы ақша баспана алуға беріле ме?
"7-20-25" бағдарламасы арқылы баспана алуға бес қадам
Қазақстанда енді үйден шықпай-ақ қолжетімді баспана алуға болады
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

41
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

41
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

27
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

27
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

324
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

324
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы