Нұр-Сұлтандағы апат, жедел жәрдем көлігі

"Адамдар қансырап жатты" - автобус апатынан зардап шеккен фельдшердің әңгімесі

1163
Нұр-Сұлтандағы жол-көлік апатында жарақат алған қалалық жедел жәрдем қызметкері Қамар Сәтпағанбетова ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Елордадағы ірі жол-көлік апатына күтпеген жерден тап болған Қамар Сәтпағанбетова оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Elorda Aqparat.

26 наурыз күні елордада болған ірі апатта жедел жәрдем бригадасы да зардап шеккен болатын.  Алайда олар өз жарақатын ұмытып, бірден адамдарға көмек көрсетуге кіріскен.

"Бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанда, кенеттен көліктің артынан қатты соққы болды. Менің басым алдыңғы терезеге ұрылды. Аз уақытқа есімнен танып қалдым. Көмекшім алғашқы медициналық жәрдем көрсеткен соң, өз-өзіме келдім. Жан-жағыма қарасам, бізге автобус соғылыпты. Ал  біздің көлігіміз алдымыздағы жеңіл көлікке ұрылған. Автобустан адамдар у-шу болып түсіп жатты. Бірден есімді жиып, жедел медициналық көмек көрсетуге кірістім. Қансырап жерде жатқан адамдарды көргенде, өз жарақатымды ұмытып кетіппін. Себебі бұл - менің мамандығым", - деді Қамар Сәтпағанбетова.

Фельдшер сол жердегі адамдардан қосымша бірнеше жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметін шақыруды сұраған.

"Жолаушылар жарақаттарының деңгейі әртүрлі болды. Біз басында 20 шақты адам бар деп ойлағанбыз. Кейін одан да көп екенін көрдік. Мен өз басым жиырмаға жуық адамға көмегімді тигіздім. Сондай-ақ, жеңіл көлікпен келе жатқан адамдар да тоқтап, өз көмектерін ұсынды", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: Апатта зардап шеккен жолаушы аяғынан айырылды

Қамар зардап шегуіне қарамастан, бір жарым сағаттай өз міндетін атқарған. Кейін өзіне де жедел жәрдем көмегі қажет екенін түсініпті. Фельдшердің көмекшісі де жарақат алды.

"Ол аяғын жарақаттап алды. Бірақ еш нәрсеге қарамастан, өз жұмысын істеді. Кейін теміржол ауруханасына барып, аяғына гипс салғызып, үйіне қайтты", - деді Қамар Сәтпағанбетова.

Қазір Қамар №1 қалалық ауруханада емделуде. Өзін жақсы сезінетінін айтады.

Еске сала кетсек, 26 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлы Дала көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Үш автобус соқтығысып, бірнеше автокөлікке, соның ішінде жедел жәрдем көлігіне де зақым келді. Апат салдарынан 1966 жылы туған автобус жүргізушісі мен 26 жастағы жолаушы көз жұмды.

1163
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жедел жәрдем, фельдшер, апат
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы үш автобус апатынан 27 адам зардап шекті: төртеуі әл үстінде жатыр
Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік апат: Филиппин азаматы хал үстінде жатыр
Нұр-Сұлтандағы апат: көз жұмған жалғызбасты ананың артында бір баласы қалды
Үш адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік апат видеотіркегішке түсіп қалды
Нұр-Сұлтандағы автобус апаты: дәрігерлер зардап шеккен жолаушының аяғын кесті
Зертхана қызметкері

Пандемияның екінші жылы адам өлімі әлдеқайда көп болуы мүмкін - ДДСҰ 

52
Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Коронавирус пандемиясының екінші жылы кісі өлімі көп болуы мүмкін, деді дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебресиесус. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қазірдің өзінде COVID-19-дан 3,3 миллион адам көз жұмды. Біз пандемияның екінші жылына аяқ бастық, бірінші жылмен салыстырғанда осы жылы адам көп өлуі мүмкін. Адам өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакциналау мен қоғамдық денсаулық сақтау шараларын біріктіру", - деді ДДСҰ бас директоры.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы вакцина вирустан 100% қорғамайтынын тағы да атап өтті. Өйткені вакцина алған адамдар вирус жұқтырып алуы мүмкін, алайда олар жеңіл түрімен ауырады. Сондықтан ұйым басшысы "шектеулерді алып тастау шешімі елде вакцина салдырған адам санына қарай емес, коронавирустың таралуы деңгейіне қарай қабылдану керек", дейді.

Оқи отырыңыз: Елорда әуежайында Ashyq қосымшасы іске қосылды – видео

52
Кілт сөздер:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, қайтыс болды, вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Вакцинаның екі дозасынан кейін коронавирус жұқтырғандардың саны жарияланды
Вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге бола ма – министрлік жауабы
Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың саны күрт көбейді
Өткен тәулікте жиырмадан астам адам коронавирустан қайтыс болды
Министрлік коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады
Бала, ер адам, архивтегі фото

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама таратып жатыр

29
Полиция хабарламаны жоққа шығарып, оның Нұр-Сұлтан қаласына еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде елордада "педофилдер тобы" бар екен деген хабарлама таралып жатыр.

Нұр-Сұлтан тұрғындары педофилдер туралы хабарлама алған. Хабарламада үш ер адамның суреті де жүр.

"Елордада мұндай факт анықталған жоқ. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Нұр-Сұлтан полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді", - деп хабарлады полициядағылар.

Педофилдер тобы туралы дәл осындай хабарлама Шығыс Қазақстан тұрғындарын қорқытқан болатын. Өңірлік полиция ақпараттың Шығыс Қазақстан облысына қатысы жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Педофилдер туралы хабарлама Шығыс Қазақстан полициясын әбігерге салды

29
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, жалған ақпарат, хабарлама, педофил
Ыстық ауа райы

36 градус ыстық және жел: ертең ауа райы қандай болады

674
(Жаңартылды 21:17 15.05.2021)
Қазақстанның бес облысында дабылды ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр - Sputnik. Синоптиктер республиканың басым бөлігінде ауа райы ашық болады деп болжайды. Бес облыста дабылды ескерту жарияланды.

Дабылды ескерту

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түстен кейін 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында секундына 25 метрге дейін жел күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай ойнап, секундына 20 метрге дейін жел күшейеді.

Қостанай облысында 35 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжануда.

Жексенбіде Қызылорда облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі, жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде плюс 10-12, күндіз 27-29 градус ыстық. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 19-21 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді, ауа температурасы түнде плюс 14-16, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

674
Кілт сөздер:
Қазгидромет, ауа райы