Қоғам

"Дардай атыңызға сын": Асхат Садырбай Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын жабуды талап етті

© Sputnik / Владислав ВодневОператор, архивтегі сурет
Оператор, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал журналистің пікірінше, "Өз ойым" бағдарламасының халыққа берері пайдасы жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "Өз ойым" бағдарламасын жауып тастауды ұсынды.

Ақпарат министрлігі атышулы Қалаулым бағдарламасын тексереді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Қалаулымды" ел неге көреді немесе үкіметтің шаруасы жоқ мәселе

Ол ең алдымен Ләйлә Сұлтанқызын ренжітуді, халықтың алдында осылай өз дәрежесін көтеруді мақсат тұтып отырмағанын жеткізді. Садырбайдың пікірінше, "Өз ойым" бағдарламасындағы айтылатын әңгімелер қоғам үшін қауіпті.

"Бірден айтайын, бұл пост біреудің жеке өміріне қолсұғушылық немесе ар-намысына тию мақсатын көздемейді. Бұл жазба арқылы маған пиар да, xайп та, подписчик те керек емес! Мақсат ұрысу, ренжісу, шу шығару да емес. Ләйлә әпкеге адам ретінде сәлемім де, ниетім де түзу. Бұл миллиондаған көрерменнен тұратын қоғам үшін қауіпті нәрсе болғандықтан айтылмақ. Елдің болашағына алаңдайтын кез-келген саналы көрермен менің пікіріммен келіседі деп ойлаймын", - деп жазды журналист Facebook желісіндегі жеке парақшасында.

Сонымен қатар ол шыдамның да шегі бар екенін атап өтті.
Қыз бала шашын ұстап күліп тұр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ қызы тікелей эфирде өзінің көңілдес екенін айтып мақтанды
"Осы уақытқа дейін алдыңғы буын ғой, әріптес қой, өзім телевизия саласында жүріп әріптестердің кемшілігін айтқаным дұрыс болмас, тілектестік сақтайық деп келдім. Бүгін "Өз ойым" бағдарламасында өзінің және құрбысының пәктігін саудаға салып бизнес жасап жүрген бикештің әңгімесін тыңдап, көріп шок болдым. Айналайындар-ау, бұл не масқара? Бұл бағдарламада қаншама арсыз нәрселер ашық насиxатталып келді, қоя ма десек жоқ, керісінше күшейіп барады ғой", - деді тележүргізуші.
Сонымен қатар журналист аталған бағдарламаны жауып тастау қажеттігін айтты. Асхат Садырбайдың айтуынша, бұл теле өнімнің халыққа берер пайдасы аз.
"Редакцияда бағдарламаны дайындап жатқанда бұл кейіпкерлердің әңгімесі жұртқа не береді, жастардың санасына қалай әсер етеді деп ойлайтын маман жоқ па сонда? Әлде рейтинг жинаудың ең арзан тәсілі ме? Сол рейтинг сіздерге қанша теңге табыс әкеледі, айтыңыздаршы? Бір қауым ел боп ақша жинап берейік, сіздер бұл бағдарламаны көрсетпей-ақ қойыңыздар", - деді ол.

Сонымен қатар тележүргізуші қазіргі қазақ телевизиясында дені дұрыс бағдарлама жоқ екенін атап өтті.

"Күндіз жұмыс болғандықтан күндізгі эфирді көрмеймін. Бірақ үйде аналарымыз, әйелдеріміз, жеңгелеріміз, қарындастарымыз түскі прайм таймдағы бұл бағдарламаны тамашалайды. Басқа не істейді, бүгінгі телевизияның сиқы мынау: бұл уақытта бір арнада "Кел келінімнің" кейіпкерлері шаш жұлысып жатады, бір арнада "Қалаулым", ал, бір арнада "Өз ойым". Көрерменде таңдау жоқ. Көрермен осы үшеуінің біреуін көруге мәжбүр", - деп ашынады Асхат Садырбай.

Сонымен қатар ол Ләйлә Сұлтанқызына өз кеңесін беріп, "Өз ойым" бағдарламасын жауып тастауды өтінді.

Телеведущая Ляйля Султанкызы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Ләйлә Сұлтанқызы бір айда қанша ақша табатынын жасырмай айтты

"Ләйлә xаным, мүмкін сізге осы бетіңнен тайма, осы дұрыс деп ақыл айтатындар бар шығар. Мүмкін өзіңізге осы дұрыс көрінетін шығар, білмеймін. Бірақ, мен сізге шынын айтайын, дәл осындай кейіпкерлерге арналған, осындай нәрселерді насиxаттайтын ток шоу бізге қажет емес. Бал арасы гүлге қонады, шыбын-шіркей қоқыс-күлге қонады. Қоғамның қоқысын бықсыта бергеннен не пайда? Неге біз жақсыны айтып, жақсыны насиxаттамаймыз? Бізден басқа ешқандай ел мұндай шоуды көрсетпейді", - деді журналист.

Сөз соңында ол танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының қазіргі әрекеті өте ұят екенін атап өтті.

"Дардай атыңызға, мемлекеттен алған атағыңызға сын. Бұл бағдарламаны эфирге шығармай-ақ қойыңыз. Біз өтеміз, істеген ісіміз қалады. Артымыздан қарғыс емес сауап келетін іске ұмтылайық, әріптестер", - деп жазды ол.

Жаңалықтар
0