Уақытша тіркелу, архивтегі сурет

"Прописка" керек емес: қазақстандықтар үшін құжат рәсімдеу жеңілдейді

2485
(Жаңартылды 14:17 17.04.2019)
Мәжіліс мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Заң жобасы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесінде "бір терезе" қағидатынан "бір өтініш" қағидатына көшу, мемлекеттік қызметтерді толығымен электронды форматқа көшіруді көздейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл электронды форматқа 80 проценті ауысса, келесі жылы тағы 10 проценті көшірілмек. Құжаттың басты жаңалығы – "прописканы" алып тастау.

Мәжіліс депутаты Майра Айсинаның айтуынша, қазір адамдар тіркелген жеріне байланғаннан кейбір қызметтерді өзіне ыңғайлы етіп алмайды.

"Осыған байланысты, азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық жеті түрі бойынша қызмет көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу тұрғысында түзетулер енгізіліп отыр. Бұл қағидатты енгізу арқылы азаматтың өтінішті тұрғылықты жері бойынша беруі міндетті емес. Өз қалауы бойынша Қазақстан аумағындағы кез келген тіркеуші органға бере алады", - деді депутат мәжілістің жалпы отырысында.

Тағы оқыңыз: ХҚКО-да жеке куәліксіз-ақ қызмет алуға болады

Бұл бала туу, неке қию немесе оны бұзуды, адамның қайтыс болуы, атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді, асырап алуды, әке болуды анықтауды тіркеуге байланысты.

Бұған қоса, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді толығымен электронды форматқа көшіру әрі құжаттар тізбесін оңтайландыру көзделіп отыр. Енді электронды өтініштен кейін жеке кәсіпкерлікті тіркеу қазіргідей бір күн емес, бір сағатта іске асырылады.

Сондай-ақ, Айсина заң жобасында әке болуды белгілеу мен асырап алуды мемлекеттік тіркеуді алып тастау көзделгенін атап өтті. Өйткені әке болуды белгілеу және асырап алу туралы шешім шығарған сот осы шешімді тіркеуші органға электрондық түрде жібереді.

"Бұл қағаз құжат айналымын едәуір қысқартып, бланкіге жұмсалатын шығындарды азайтады. Бұған қоса, асырап алу құпиясы сақталады, себебі асырап алу/әке болуды анықтау туралы куәлік қолға берілмейді", - деді депутат.

Мәжіліс депутаттары бұл заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

2485
Кілт сөздер:
Қазақстан, Мәжіліс, рәсімдеу, құжат
Тақырып бойынша
Ипотека алу үшін қандай құжаттар керек
Пәтерге кезекте тұрған ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда не істеу керек?
Жаңа бағдарлама: Алматыда көпбалалы отбасылар арзан ипотекаға өтініш беріп жатыр
Нұрсұлтандықтар құжаттарын қашаннан бастап ауыстыратыны белгілі болды
Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді
Архивтегі фото

Мәжіліс сайлауы: Қазақстанның әскери бөлімдерінде сайлау учаскелері ашылады

45
Әскери қызметшілерге алдағы сайлау кезінде дауыс берудің маңыздылығы түсіндірілді, деп хабарлады қорғаныс министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі сайлау учаскелерін ашуға дайындық жүргізіп жатыр.  

"Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау күні жариялануына байланысты жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, әскери бөлімдерде сайлау учаскелерін құру жоспарланып отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Барлық санаттағы әскери қызметшілермен сайлаудың мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызы туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл ретте жауынгерлік әзірлік пен әскери тәртіп деңгейін төмендетуге жол бермеуге назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Шетелде жүрген қазақстандықтар парламент сайлауында қалай дауыс береді 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді.

Сейсенбі, 27 қазан күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқына үндеу жолдады. ОСК ел азаматтарын құқықтық сауаттылық танытып, өз сайлау құқығын пайдалануға шақырды.

26 желтоқсаннан бастап сайлаушылар тізіміндегі өзіңіз туралы ақпаратты тексеруге болады.  

45
Кілт сөздер:
мәжіліс, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Парламент сайлауы: сайлаушылар тізіміне 11 миллион адам кірді
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды 
Қазақстанда қандай партиялар тіркелген?
"Бос сөз": Имашев онлайн дауыс беруге қатысты түсініктеме берді
Сайлау комиссиясында жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады
Портфель ұстаған шенеунік, архивтегі фото

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерде "мал да тұрмайтынын" айтты

2331
(Жаңартылды 19:42 27.10.2020)
Красный Яр ауылындағы әрбір үйді салуға бюджеттен 56 мың доллар бөлінген. Алайда құрылыстың сапасы сын көтермейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында қандастар үшін салынған "Нұрлы көш" шағын ауданының проблемасы ұлттық комиссияның қарауына шығарылады. Осылайша, 11 жылдық тарихы бар проблема шешілуі керек. Бұл туралы Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Былтыр бір топ сенатор сол ауылды барып көрдік. Шынымен де, көше тартылған, электр қуаты берілген. Ол жағынан бәрі жақсы. 276 үй салынған. Бірақ әңгіме сол үйдің сапасында болып тұр", - дейді Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, ауылдағы әрбір үйді салуға бюджеттен 56 мың доллар бөлінген. Алайда құрылыстың сапасы сын көтермейді. 

"Мен бес үйді көріп шықтым. Қабырғасын гипсокартонмен салған. Төбесі өте жұқа. Фундамент те жоқ. Қыста қандастарымыздың барлығы туған-туысын жағалап кетеді екен. Ондай үйге ақша төлеу үшін жағдай болуы керек қой. Өзім бір тиын да төлемейтін едім. Кешірім сұраймын, біздің оңтүстік жақта ондай үйлерде мал да тұрмайды. Ал олар адам ғой, өз бауырларымыз", - деп ашынды Бақтиярұлы.

Бүгінде "Нұрлы көштің" үйлері қандастарымызға жалға беріліп отыр. Бірақ олар ақысын төлемейді, себебі жағдай жасалмаған. Жерді меншікке берсе, сапалы үйді өзіміз салып аламыз деп отыр.

"Сондықтан бұл мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Ол – барлық жер учаскесін жекеменшікке беру. Бұл шешілетін дүние ғой. Премьер-министр бұл мәселені ұлттық комиссияның қарауына шығарамыз деді. Өйткені қарызын кешіріп, жерді жекеменшікке бермесе болмайды. Үкімет басшысы айтса, шешілуі керек қой. Жерді заңдастырып береді. Ал қарыздарын кешіруі мүмкін", - дейді сенатор.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев барлық үйдің сапасыз салынғанын растады. Жергілікті билік жерді жекеменшікке беруге қарсы емес.

"Мен осы қызметке наурыз айында тағайындалғанмын. Ол жерге бардым, үйлерді көрдім. Иә, сапасы төмен. Үйлерді құмнан жасалған кірпішпен салыпты. Ондай материал суық тартады. Қазір ол жерлерді жекеменшікке беретін болсақ, облыстық бюджет те ақша үнемдейтін еді. Өйткені жыл сайын жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы кетеді", - деді Тәткеев.

"Нұрлы көш" шағын ауданының тарихы

2009 жылы Ақмола облысы Красный Яр ауылында "Нұрлы көш" бағдарламасымен 138 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынған болатын. Оған республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Құрылысқа тапсырыс беруші – "Сарыарқа" компаниясының еншілес кәсіпорны. Ал құрылыс жұмыстарын "Көкшетау өндіріс" компаниясы атқарған.

Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 281 миллион теңге бөлінген. Ол ақшаға электр желілері тартылып, үйлерге жеңіл жөндеу жұмыстары жасалды. Спорт алаңы салынып, жол жөнделді.

"Тұрғын үйлер үш жақты келісімшартпен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қандастарымызға таратылды. Олар пәтер құнының 50 процентін депозитте жинауы тиіс еді. Одан кейін үйді 4,5 проценттік мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік берілді. Алайда көптеген салымшы шарт талаптарын орындамады", - дейді Малғаждар Тәткеев.

2011 жылы "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының балансында болған үйлерді Көкшетау әкімдігіне ауыстырып, жалға берілетін баспананың санатына қосты. Бір шаршы метрін жалға алу құны – 88 теңге. Сонда бір үйдің айлық төлемақысы 6 866 теңгені құрайды. Бірақ оны бірде-бір адам төлемеген. Себебі барлығы құрылыстың сапасына наразы.

"Қазіргі кезде "Нұрлы көш" шағын ауданында 1 057 адам тұрып жатыр. Оның 427-сі жұмыс істейді. 64 адам сәби күтімі бойынша демалысқа шыққан. Бұдан бөлек, 39 зейнеткер, 191 мектеп жасына дейінгі бала, 220 мектеп жасындағы бала, 50 студент пен 6 мүгедек бар", - дейді Тәткеев.

Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның бүгінгі отырысына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері де қатысты. Олардың айтуынша, "Нұрлы көш" шағын ауданында қоғамдық тәртіп дұрыс бақыланбайды. Соның салдарынан қылмыс көбейген. 

"Балабақша саламыз деген. Ол жоқ. Өткенде жарық та болмады. Осы күзде өлім-жітім көбейді. 13 жастағы қыз баланы өлтіріп кетті. 11 жасар баланы көшеге асып кеткен. Ол жерде не бейнебақылау, не жарық жоқ. Жағдай жасалмаған", - дейді олар.

2331
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады

0
Қыз шамамен бір жарым жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз автокөлік рөліне отырған мас қызды ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Peugeot 206 көлігі таңертең ерте – таңғы алты шамасында  Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көзге түскен.

"Тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қыз жүргізуші куәлігі мен құжаттары жоқ екенін мойындады", - делінген полиция хабарламасында.

Медициналық тексеріске сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, 2019 жылдың маусым айында елорда тұрғыны ішімдікке тойып алып көлік жүргізгені үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды 

Заң бұзушы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

0
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жүргізушінің жолдағы бассыздығы видеоға түсіп қалды
"Уақыт созып отырған сияқты": жол апатына ұшыраған алматылықтың жанайқайы
Атырау облысында асфальт төсеу кезінде қайғылы оқиға болды
Қос полицей қазасы: жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты тың деректер жарияланды