Қоғам

Sputnik Қазақстан арнайы сыйлығының иегері Грузияда тағылымдамадан өтіп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневElorda Aqparat қалалық сайтының тілшісі, Sputnik арнайы сыйлығының иегері Sputnik
Elorda Aqparat қалалық сайтының тілшісі, Sputnik арнайы сыйлығының иегері Sputnik - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық журналист Айнұр Шошаева SputnikPro халықаралық жобасына қатысу мүмкіндігіне ие болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстандық басылым тілшісі Айнұр Шошаева Sputnik Қазақстан арнайы сыйлығына ие болып, Тбилисидегі SputnikPro –ның кезекті модуліне қатысып жатыр.

2018 жылдың қараша айында Астанадағы "Шабыт" халықаралық жастар байқауында Sputnik Қазақстан тұңғыш рет арнайы сыйлық табыстады. "Журналистика/"Интернет-басылым" аталымындағы сыйлыққа қазақ тілінде репортаж жасаған Айнұр Шошаева иеленді. Журналист астананың маңындағы орманда жабайы қарақат жинап, қаражат табатын жергілікті тұрғындардың қызықты оқиғасын баяндаған. 

© Sputnik / Владислав Воднев"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов Sputnik арнайы сыйлығын табыстады
Sputnik Қазақстан арнайы сыйлығының иегері Грузияда тағылымдамадан өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
"Россия сегодня" ХАА Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Виктор Панов Sputnik арнайы сыйлығын табыстады

Sputnik арнайы сыйлығы қатысушыға SputnikPro халықаралық жобасына қатысуға мүмкіндік береді. Агенттік тағылымдамасына қатысушысы Sputnik кеңсесі бар ТМД елінің астаналарының бірінде тәжірибе жинақтайды.

SputnikPro – қатысушылармен диалог орнату алаңы. Жоба 2018 жылдың наурыз айында іске қосылды. Жоба мақсаты – шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу және халықаралық медиакоммуникацияны дамыту.

Қазір елдерде 30-дан астам іс-шара өтеді. Оған 2000-нан астам журналист, БАҚ саласының өкілдері, студенттер мен жоғары сынып оқушылары қатысады.

SputnikPro: журналистика саласындағы трендтер

Соңғы айдың өзінде жоба аясында үш маңызды шара ұйымдастырылды. Ереванда НТВ арнасының танымал тележүргізушісі Вадим Такменев армениялық әріптестерімен телевизия саласының болашағы туралы сөз қозғады. 

Бакуде "Россия сегодня" ХАА атқарушы директоры, спорт шолушысы Василий Конов  ауқымды спорт шараларынан ақпарат тарату құпиясымен бөлісті. 

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өту"Россия сегодня" ХАА "Р-Спорт" редакциясының жетекшісі Василий Конов
Sputnik Қазақстан арнайы сыйлығының иегері Грузияда тағылымдамадан өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан
"Россия сегодня" ХАА "Р-Спорт" редакциясының жетекшісі Василий Конов

Бішкекте белгілі фотожурналист, World Press Photo – 2016 лауреаты, "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің арнайы тілшісі Владимир Песня фото түсіруде дағдарыстан шығу жолдары туралы айтты.  

Қатысушының SputnikPro туралы репортажы

Sputnik Қазақстан  арнайы сыйлығының иегері Айнұр Шошаева бүгін Тбилисиде Sputnik Грузия мультимедиялық баспасөз орталығында  SputnikPro-ның кезекті модуліне қатысуда. Жиында әлеуметтік журналистика мәселесі қозғалып отыр.
"Россия сегодня" ХАА мамандары, "Экология жылы"  және "Еріктілер жылы" жобасының жетекшілері мен 2017-2018 жылдардағы Рунет сыйлығының лауреаттары жиын спикері болды:

  • Мария Ферсман "Әлеуметтік журналистика – сәнді тренд пен жаңа мамандық";
  • Елена Исайкина "Әлеуметтік мәселелерді қалай жазу керек? ".

"Мен маған ұсынылған тақырыптардың ішінен өзіме қызықтысын таңдадым. Әдетте әлеуметтік мәселелер туралы жазамын. Сондықтан осы тақырыпты алдым",- деді Шошаева.

"Тағылымдамадан кейін осы сапар туралы репортаж жасауды жоспарлап отырмын. Әріптестеріммен алған біліміммен бөлісіп, оқырман үшін әлеуметтік мәселелерді барынша қызықты еткім келеді",- деді ол.

Sputnik – елдер мен өңірлердегі 32 тілде интернет сайттар мен аналогтық және цифрлық радио хабар тарататын ірі халықаралық БАҚ-тардың бірі. Орыс, ағылшын, француз тілінде ақпарат таратады. Әлемнің 90-нан астам елінде және интернетте өз оқырманы бар.

Sputnik жаңалықтар лентасы тәулік бойы жетекші әлемдік басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдерінде ақпарат ұсынады. Sputnik ақпарат ресурсының аудиториясы  -  айына 60 миллион. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеу қаласында.

Жаңалықтар
0