Дариға Назарбаева

Дариға Назарбаева білім министріне: сізге көмектесеміз

1590
Сенат М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының жұмыс істеуі жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Сенат спикері Дариға Назарбаева білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиноваға білім саласындағы мәселелерді бірлесіп шешуге уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенаттың жалпы отырысында Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасындағы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

ҰБТ жақындап келеді: білім министрі халықты сақ болуға шақырды

Заң жобасын талқылау барысында сенат төрайымы Дариға Назарбаева білім және ғылым министріне білім саласында түйіні тарқамаған мәселелерді бірлесіп шешуге көмектесетінін айтты.

"Білім және ғылым саласында шешілмеген бірталай мәселе бар. Бірлесе жұмыс істейміз, сізге көмектесеміз", - деді спикер.

Айта кетсек, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында жұмыс істеп келеді. Филиал қызметін заңнамалық тұрғыда бекіту үшін 2017 жылы Челябинск қаласында Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасында келісімге қол қойылған.

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, қазақстандық филиалда Қазақстан тарихы мен қазақ тілі міндетті түрде оқытылады.

Министр Шымкент мектептеріндегі өзгеріс туралы айтты

Бұдан басқа, оқу жоспарында Қазақстан экономикасының ерекшеліктері ескеріледі. 1 және 2 курстарда Қазақстанды жаңғыртудың өзекті мәселелері туралы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклі оқытылады.

"Қазақстан филиалдың қызметіне мүлікті өтеусіз беру және білім гранттарын бөлу арқылы қатысады. Филиал мүлікті ешкімге бере алмайды, оның қызметі аяқталған жағдайда мүлік Қазақстанға қайтарылады. Жыл сайынғы қабылдау жоспары 125 студент және 40 магистрант", - деді министр.

Мұғалімдердің 48 жасында зейнетке шығу мүмкіндігі бар ма?

Айтуынша, бүгінде филиалда 605 студент білім алып жатыр. Филиал қызметі үш жылда бір рет тексеріледі. Сондай-ақ, Қазақстанның заңнамасында белгіленген өзге де тексерулер өткізілуі мүмкін.

"Оқуды сәтті бітірген студенттерге Мәскеу мемлекеттік университетінің дипломы беріледі. Сонымен қатар, Қазақстанда оқып жатқан балалар 3 және 4 курста Мәскеуде оқиды. Дипломдарын да Мәскеуде қорғайды", - деді Шәмшидинова.

14 жыл ішінде Қазақстандағы филиалда 1725 маман даярланған. Солардың 93 проценті Қазақстанда жұмысқа орналасқан немесе оқуын жалғастырып жатыр.

Сенат депутаттары аталған заңды бірауыздан қабылдады.

1590
Кілт сөздер:
білім министрлігі, Дариға Назарбаева, жындар
Тақырып бойынша
"Көп шулатқан мәселе" Жаңа білім министрі үштілділікке қатысты ойын айтты
Білім министрі 1 маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
2019 жылы білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
"Бәсекеге айналды" Министр түлектердің кеші туралы не ойлайтынын ашық айтты
"Жұмысты бастайық" Жаңа білім министрі журналистерден біраз уақыт сұрады
Борат-2 фильміне қарсы петиция

"Борат-2" фильміне қарсы петиция: АҚШ-тың Бас консулы жауап берді

3724
(Жаңартылды 20:31 23.10.2020)
"Борат" фильмінің екінші бөлімі тыйым салуды талап еткен бір топ жас петиция ұсыну АҚШ-тың Бас консулдығына барған болатын

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы "Борат-2" фильміне қарсы шыққан азаматтардың өтінішіне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Дипломатиялық миссия 23 қазанда "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы наразылық білдірушілер тобынан петиция түскенін айтты. Сонымен қатар Америка құрама штаттары үкіметі бұл фильмді қаржыландыруға, түсіруге немесе шығуына қатыспағанын мәлімдеді.

"Өз ойын білдіру бостандығы мен бейбіт жиындарға еркіндік беру – АҚШ Конституциясында көрсетілген құқықтар. Сондай-ақ АҚШ үшін де, Қазақстан үшін де негізгі құндылық болып табылады. Біз азаматтардың өз ойын бейбіт түрде білдіру қабілетін қолдаймыз. Дәл осы мүмкіндік біздің елдерді мықты етеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозердің екі ел арасындағы қарым-қатынасына анықтама берді.

"АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас – штаттарда оқып, жұмыс істейтін көптеген қазақстандықтың, сондай-ақ Қазақстанның бай мәдениеті мен дәстүрімен танысуға мүмкіндік алған көптеген америкалықтың тәжірибесі", - деді АҚШ елшісі.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

Еске сала кетсек, "журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар кеткенімен, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тауып, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

3724
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
"Көрсетуге болмайды": "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ бас консулдығына барды
"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді
Саша Барон Коэн Астанада "Бораттың киімімен" суретке түскен туристерге араша түсті
Борат-2 фильміне наразылық танытқан жастар АҚШ елшілігіне барды

"Көрсетуге болмайды": "Борат-2" фильміне қарсы жастар АҚШ бас консулдығына барды

3875
(Жаңартылды 15:54 23.10.2020)
Жастар "Борат-2" фильмінің қазақстандық мәдениетті қорлайтынына, оны шығару мүлдем дұрыс емес екендігіне сенімді. Бұған дейін әлеуметтік желіде көптеген қазақстандық атышулы фильмге қатысты өз наразылығын білдірді

АЛМАТЫ, 23 қазан - Sputnik. Бір топ жас АҚШ-тың Бас консулдығына "Борат" фильмінің екінші бөлімі шыққан күні келді. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсыну үшін ғимаратқа кірді. 

Қазақстанның патриот жастарының өкілдері Американың дипломатиялық өкілдігінің ғимаратына фильмге қатысты наразылығын жеткізу мақсатында арнайы барды. Жастар фильмге қарсы петиция жазды.

Петиция против фильма Борат-2 от казахстанской молодежи, переданная генконсулу США
© Sputnik / Тимур Ниталиев
"Борат-2" фильміне наразылық танытқан жастар АҚШ-тың бас консулдығына барды

Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

"Көп адам жиналуы керек еді, бірақ пандемия кезінде бұған тыйым салынып отыр. Заң бар. Соған сәйкес, көп адам шоғырланбауы керек. "Намыс" клубынан Азамат Жолданбаев, Мақсат Мамадияров және бір топ жігіт келді. Біздің бар тілегіміз – осы фильмді заңды түрде тоқтату. Бұл фильмді көрсетуге болмайды. Күні кеше олар қазақтың намысын аяққа таптады. Сондықтан біз үйімізде отыра алмадық, бұл жерге өз наразылығымызды білдіру үшін келдік", - деді "Намыс" клубының жетекшісі Азамат Ғалымжанұлы.

Петицияға 50 адам қол қойды. Қол қойған тараптардың өкілдері бас консулға петицияны куәгерлер мен журналистердің көзінше ұсынғысы келетінін жеткізді. Консулдық қызметкерлері ішке тек бір адамды ғана шақыра алатынын жеткізгендіктен, Азамат Ғалымжанұлы өз әріптесімен бірге бас ғимаратқа кірді. Кейін олар қандай нәтижеге қол жеткізгендерін айтты.

"Дипломаттар біздің петициямызды қабылдады, пікірімізге құлақ асты, наразылығымызды түсінді. Олар құжатты қарау үшін бас консулға тапсыратынын айтты. Ең бастысы, олар бізді және көздеген мақсатымызды түсінді. Мақсатымыз - осы фильмнің біздің елде таралуына жол бермеу", - деді Ғалымжанұлы.

Оның айтуынша, өтінішті қарағаннан кейін консулдық қызметкерлері олармен байланысқа шығуға уәде берген.

"Борат-2" төңірегіндегі дау

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді.

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

Казахстанская молодежь пришла к генконсульству США с требованием запретить фильм Борат-2
© Sputnik / Тимур Батыршин
"Мақсатымыз - осы фильмнің біздің елде таралуына жол бермеу", - дейді консулдық алдында жиналған жастар

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі де атышулы "Борат" туралы өз ойымен бөлісті. Ол АҚШ-та Қазақстанды танытып жүрген дарынды азаматтар көп екенін атап өтті.

"Олар кез келген фильмнен гөрі ұзақ есте қалады", - деп түйіндеді өз сөзін Мозер.

"Борат" тарихы

Еске сала кетсек, "журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар кеткенімен, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тауып, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалайды. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен өздерінің ашу-ызасын білдіруде.

3875
Кілт сөздер:
наразылық, жастар, консул, АҚШ, фильм, Борат
Тақырып бойынша
Әлімханұлы өзін Боратқа теңеген қарсыласын жойқын нокаутпен жеңді – видео
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді
"Борат-2": министр қандай шара қолға алынатынын айтты
Шетелдіктер Астанада "Бораттың киімімен" суретке түсті
Саша Барон Коэн Астанада "Бораттың киімімен" суретке түскен туристерге араша түсті
Глава Всемирной организации здравоохранения Тедрос Адханом Гебрейесус

ДДҰ басшысы пандемия туралы: алдағы бірнеше ай өте қиын болады

0
Бүкіл әлем коронавирус пандемиясының өте қиын кезеңінде тұр, деп атап өтті Тедрос Адханом Гебрейесус

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирустың таралуына байланысты қиын әлемде жағдай туындағанын хабарлады.  

"Әлем, әсіресе Солтүстік жарты шар бұл пандемияның қауіпті кезеңінде тұр. Алдағы бірнеше ай өте қиын болады және кейбір елдер қауіпті жолға түседі. Көптеген елде сырқаттанған адамдар саны күрт өсіп жатыр", - деп мәлімдеді ДДҰ басшысы брифинг барысында.

Ол мемлекет басшыларын өлім-жітімнің өсуін, денсаулық сақтаудың негізгі қызметіндегі дағдарысты және мектептердің қайта жабылуын болдырмау үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырды.

Ал ДДҰ бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан брифинг барысында қарашаның соңына қарай бір немесе екі Covid-19 вакцинасы сынақтың үшінші кезеңінен өткізілетінін мәлімдеді. Бұл препаратты төтенше жағдайлар кезінде қолдануға кеңес беру үшін жеткілікті болады, деп хабарлады РИА Новости.

23 қазанда әлемде Covid-19 індетінің күн сайынғы өсімі бойынша жаңа рекорд тіркелді – 445 419 адам ауырған. Жалпы, пандемия басталғаннан бері 41 570 883 адам коронавирус жұқтырғаны анықталып, оның 1 134 940-ы қайтыс болды.

0