Азамат Сатыбалды

"Жанымды жегідей жейді" Азамат Сатыбалды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

14524
(Жаңартылды 17:38 25.04.2019)
Танымал актер Азамат Сатыбалды жанын жегідей жеген оймен бөлісті

АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Танымал актер, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Азамат Сатыбалды осыған дейін ешкімге айтпаған өміріндегі үлкен өкінішін "Ережесіз әңгіме" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

Актердің айтуынша, кезінде туған ағасы одан 100 мың теңге сұраған. Бірақ ол ағасының өтінішін орындай алмапты. Осы жағдайдан кейін 5 күннен соң Азаматтың ағасы көлік апатынан қайтыс болады.

"Қазір "Туғаным" деген сценарий жазып болып қалдым. Ол бойынша алдағы шілде айында кино түсірмек жоспарым бар. Бұл өмірден алынған оқиға. Онда да менің өзімнің... Жасыратыны жоқ, кезінде туған ағам менен 100 мың теңге сұрады. Бере салуыма болатын еді. Бірақ жақындарымның ақылына құлақ асып, ақшаны бермеп едім. Бірақ ағам 5 күннен соң көлік апатынан көз жұмды. Әлі күнге дейін қатты өкінемін. Бауырымды неге құрметтемедім деген ой әлі күнге дейін мені іштей жегідей жейді", - дейді ол.

Қазіргі адамдарда сенім жоқ...

Осылайша актер өз басындағы трагедияны экранға алып шығу арқылы адамдар бұдан сабақ алып, өмірдің әр сәтін бағалауды үйренсе деп тілек білдіреді. Ал өзінің алғашқы туындысы "Бір сен үшін" мелодрамасын сәтті шыққан фильм деп санайды. Өйткені бұл киноға қатысты көрермендер әлі күнге Азаматқа хат жолдап, алғысын білдіріп жатады екен.

"Ютубтан көреді ғой оны. Көп хат келеді. Өткенде ғана бір хат келді. "Осы фильмді көргеннен кейін әке-шешемнен кешірім сұрадым, күйеуіммен қосылдым, қазір баламыз дүниеге келді" деп рақметін айтып жіберіпті бір келіншек. Өзім де, әу баста, басты мақсатым касса жинау емес, көрерменге ой салу деп едім. Міне, сол мақсатыма жетіп жатырмын, оған қуаныштымын", - дейді ол.

Ал бұл фильмнің сценариін жазуға не түрткі болғанын актер былай деп баяндайды:

"Қазақстан ажырасудан әлемде 17-орын алады екен. Осы статистиканы ұшақта ұшып бара жатқанда оқыдым. Содан ойландым, неге деп. Сөйтсек, бізде қазіргі таңда сенім жоқ екен. Бізде бәрі қазір болуы керек. Ал ертең деген жоқ. Оған сенім жоқ. Қазір үйленсек, қазір үй болуы керек. Қазір көлік мінуің тиіс дегендей. Мысалы, біздің театрдың актері Бекжан Тұрыс 16 жыл жатақханада тұрған. Қазір ешкім 16 жыл күтпейді, ажырасып кетеді. Шыдамайды. Осы проблема қатты толғандырып, "Бір сен үшін" деген мелодраманы жаздым".

Әйел тәрбиесі

Азамат Сатыбалды өмірінде қоқыс шығарып, банкке барып пәтерақы төлеп көрмеген қазақ екенін айтады.

Тағы оқыңыз: Танымал әншілер неге ажырасқандары туралы айтты

"Оны айтасыз, менің дүкенге кірмегеніме 18 жыл боп қалды. Азық-түлік, киім-кешек түгілі нанның бағасы қазір қанша екенін білмеймін. Өйткені жұмысым да қауырт бір жағынан, бірақ, әу бастан, әке-шешем, бауырларым, әйелім үй шаруашылығына мені жолатпауды жөн көрген. Менің уақытымды бағалағаны үшін оларға алғысым шексіз", - дейді ол.

Актердің әйелі де театрда жұмыс істейді. Әрине, көшбасшылық қабілеті де бар. Бірақ ол алдыға ұмсынып, рөлдерге таласпайды екен.

"Назгүл өнерде маған жолын берген адам. Мен де әйелімнің ерімен жағаласып, қатар жүргенін қаламадым. Бірақ ол бұл шешімді саналы түрде өзі қабылдады. Ол көп уақытын жұмысынан гөрі, отбасыға, бала тәрбиесіне арнауды жөн деп тапқан", - дейді актер бұл ретте.

Бала тәрбиесі

Актер өзінің ер жетіп қалған ұлы Сұлтанды шоу-бизнестегі іс-шараларда үнемі бірге ертіп жүреді. Соған қарап әкесі баласын да актерлікке дайындап жүрген жоқ па деген сөздер де шыққан ел арасында. Актер мұны сұқбатында жоққа шығарды. Ол баласын қасынан бір елі тастамауының басты себебі тәрбие екенін баса айтты.

Тағы оқыңыз: Мақпал Жүнісованың шетелге кеткелі жүргені рас па?

"Исламда Пайғамбарымыздың насихатының 90 проценті амалы болған, 10-ақ проценті сөз болған дейді. Балаға қалай тәрбие береміз, егер балаңыз сізді көрмесе. Сондықтан мен өмір сүру арқылы балама жол көрсетемін. Сол үшін қайда барсам да баламды қасымнан бір елі тастамаймын.
Ертең үлкен өмірге араласқан кезде, сүрініп кетсе, қайта тұрып жүгіріп кететіндей мінезі, дүниетанымы, көзқарасы, азаматтық ұстанымы болуы керек. Тәрбиені осы бағытта береміз оған", - дейді ол.

Актер бала тәрбиесіне аса мән беретіндігі сонша оның алдында қалай сөйлеу керектігіне дейін өзіне есеп беретінін айтады.

"Қалай темекі шегіп тұрып, балаңа оны шекпе деп айтасың? Қалай аузыңа арақ алып тұрып, ішпе деп айтасың? Ондайда ол сөз сенімсіз шығады. Сондықтан өзім мұндай дүниелерден аулақпын, балам үнемі қасымда, жігіттермен сөйлессем де қасымда. Көрсін деймін, құлағына құя берсін деймін. Үлкен өмірдің қандай екенін. Бала әкесіне қарап өседі. Мен де әкеме қарап өстім. Әкемнің ішкенін, шеккенін, анаммен ұрысқанын көрген емеспін", - дейді актер.

Тағы оқыңыз: Динара Сәтжан тоқал туралы әңгімеге нүкте қойды

14524
Тақырып бойынша
Бағдат Сәмидинова "халтурщик" әншілер деп кімдерді айтты?
"Дардай атыңызға сын": Асхат Садырбай Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын жабуды талап етті
Әсел Сәдуақасова төсектес болуды сұраған беделді адам туралы айтты
Қазақстандық жұлдызды жұптардың махаббат хикаясы - фото
"Жұрт олардан жалықты" Асхат Садырбай экраннан түспейтін әншілер туралы айтты
Мақпал Жүнісова жұрттың кредитін жауып жүргенін айтты
Архивтегі фото

Мәжіліс сайлауы: Қазақстанның әскери бөлімдерінде сайлау учаскелері ашылады

47
Әскери қызметшілерге алдағы сайлау кезінде дауыс берудің маңыздылығы түсіндірілді, деп хабарлады қорғаныс министрлігі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі сайлау учаскелерін ашуға дайындық жүргізіп жатыр.  

"Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау күні жариялануына байланысты жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, әскери бөлімдерде сайлау учаскелерін құру жоспарланып отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.  

Барлық санаттағы әскери қызметшілермен сайлаудың мемлекетті одан әрі дамытудағы маңызы туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл ретте жауынгерлік әзірлік пен әскери тәртіп деңгейін төмендетуге жол бермеуге назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Шетелде жүрген қазақстандықтар парламент сайлауында қалай дауыс береді 

Еске сала кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат сайлауы өтеді.

Сейсенбі, 27 қазан күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан халқына үндеу жолдады. ОСК ел азаматтарын құқықтық сауаттылық танытып, өз сайлау құқығын пайдалануға шақырды.

26 желтоқсаннан бастап сайлаушылар тізіміндегі өзіңіз туралы ақпаратты тексеруге болады.  

47
Кілт сөздер:
мәжіліс, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Парламент сайлауы: сайлаушылар тізіміне 11 миллион адам кірді
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды 
Қазақстанда қандай партиялар тіркелген?
"Бос сөз": Имашев онлайн дауыс беруге қатысты түсініктеме берді
Сайлау комиссиясында жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады
Портфель ұстаған шенеунік, архивтегі фото

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерде "мал да тұрмайтынын" айтты

2362
(Жаңартылды 19:42 27.10.2020)
Красный Яр ауылындағы әрбір үйді салуға бюджеттен 56 мың доллар бөлінген. Алайда құрылыстың сапасы сын көтермейді

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Ақмола облысындағы Красный Яр ауылында қандастар үшін салынған "Нұрлы көш" шағын ауданының проблемасы ұлттық комиссияның қарауына шығарылады. Осылайша, 11 жылдық тарихы бар проблема шешілуі керек. Бұл туралы Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Былтыр бір топ сенатор сол ауылды барып көрдік. Шынымен де, көше тартылған, электр қуаты берілген. Ол жағынан бәрі жақсы. 276 үй салынған. Бірақ әңгіме сол үйдің сапасында болып тұр", - дейді Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, ауылдағы әрбір үйді салуға бюджеттен 56 мың доллар бөлінген. Алайда құрылыстың сапасы сын көтермейді. 

"Мен бес үйді көріп шықтым. Қабырғасын гипсокартонмен салған. Төбесі өте жұқа. Фундамент те жоқ. Қыста қандастарымыздың барлығы туған-туысын жағалап кетеді екен. Ондай үйге ақша төлеу үшін жағдай болуы керек қой. Өзім бір тиын да төлемейтін едім. Кешірім сұраймын, біздің оңтүстік жақта ондай үйлерде мал да тұрмайды. Ал олар адам ғой, өз бауырларымыз", - деп ашынды Бақтиярұлы.

Бүгінде "Нұрлы көштің" үйлері қандастарымызға жалға беріліп отыр. Бірақ олар ақысын төлемейді, себебі жағдай жасалмаған. Жерді меншікке берсе, сапалы үйді өзіміз салып аламыз деп отыр.

"Сондықтан бұл мәселені шешудің бір ғана жолы бар. Ол – барлық жер учаскесін жекеменшікке беру. Бұл шешілетін дүние ғой. Премьер-министр бұл мәселені ұлттық комиссияның қарауына шығарамыз деді. Өйткені қарызын кешіріп, жерді жекеменшікке бермесе болмайды. Үкімет басшысы айтса, шешілуі керек қой. Жерді заңдастырып береді. Ал қарыздарын кешіруі мүмкін", - дейді сенатор.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев барлық үйдің сапасыз салынғанын растады. Жергілікті билік жерді жекеменшікке беруге қарсы емес.

"Мен осы қызметке наурыз айында тағайындалғанмын. Ол жерге бардым, үйлерді көрдім. Иә, сапасы төмен. Үйлерді құмнан жасалған кірпішпен салыпты. Ондай материал суық тартады. Қазір ол жерлерді жекеменшікке беретін болсақ, облыстық бюджет те ақша үнемдейтін еді. Өйткені жыл сайын жөндеу жұмыстарына қыруар қаржы кетеді", - деді Тәткеев.

"Нұрлы көш" шағын ауданының тарихы

2009 жылы Ақмола облысы Красный Яр ауылында "Нұрлы көш" бағдарламасымен 138 екі пәтерлі тұрғын үйлер салынған болатын. Оған республикалық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлінді. Құрылысқа тапсырыс беруші – "Сарыарқа" компаниясының еншілес кәсіпорны. Ал құрылыс жұмыстарын "Көкшетау өндіріс" компаниясы атқарған.

Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 281 миллион теңге бөлінген. Ол ақшаға электр желілері тартылып, үйлерге жеңіл жөндеу жұмыстары жасалды. Спорт алаңы салынып, жол жөнделді.

"Тұрғын үйлер үш жақты келісімшартпен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы қандастарымызға таратылды. Олар пәтер құнының 50 процентін депозитте жинауы тиіс еді. Одан кейін үйді 4,5 проценттік мөлшерлемемен сатып алуға мүмкіндік берілді. Алайда көптеген салымшы шарт талаптарын орындамады", - дейді Малғаждар Тәткеев.

2011 жылы "Есіл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының балансында болған үйлерді Көкшетау әкімдігіне ауыстырып, жалға берілетін баспананың санатына қосты. Бір шаршы метрін жалға алу құны – 88 теңге. Сонда бір үйдің айлық төлемақысы 6 866 теңгені құрайды. Бірақ оны бірде-бір адам төлемеген. Себебі барлығы құрылыстың сапасына наразы.

"Қазіргі кезде "Нұрлы көш" шағын ауданында 1 057 адам тұрып жатыр. Оның 427-сі жұмыс істейді. 64 адам сәби күтімі бойынша демалысқа шыққан. Бұдан бөлек, 39 зейнеткер, 191 мектеп жасына дейінгі бала, 220 мектеп жасындағы бала, 50 студент пен 6 мүгедек бар", - дейді Тәткеев.

Отандастар қорының жанындағы қоғамдық комиссияның бүгінгі отырысына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілдері де қатысты. Олардың айтуынша, "Нұрлы көш" шағын ауданында қоғамдық тәртіп дұрыс бақыланбайды. Соның салдарынан қылмыс көбейген. 

"Балабақша саламыз деген. Ол жоқ. Өткенде жарық та болмады. Осы күзде өлім-жітім көбейді. 13 жастағы қыз баланы өлтіріп кетті. 11 жасар баланы көшеге асып кеткен. Ол жерде не бейнебақылау, не жарық жоқ. Жағдай жасалмаған", - дейді олар.

2362
Архивтегі фото

Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады

0
Қыз шамамен бір жарым жыл бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігінсіз автокөлік рөліне отырған мас қызды ұстады, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдікті Peugeot 206 көлігі таңертең ерте – таңғы алты шамасында  Сығанақ пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында көзге түскен.

"Тексеру барысында 28 жастағы жүргізушінің мас екені анықталды. Қыз жүргізуші куәлігі мен құжаттары жоқ екенін мойындады", - делінген полиция хабарламасында.

Медициналық тексеріске сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, 2019 жылдың маусым айында елорда тұрғыны ішімдікке тойып алып көлік жүргізгені үшін үш жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында мас жүргізушіні ұстау операциясы видеоға түсіп қалды 

Заң бұзушы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  

0
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жүргізушінің жолдағы бассыздығы видеоға түсіп қалды
"Уақыт созып отырған сияқты": жол апатына ұшыраған алматылықтың жанайқайы
Атырау облысында асфальт төсеу кезінде қайғылы оқиға болды
Қос полицей қазасы: жол апатына кінәлі жүргізушіге қатысты тың деректер жарияланды