Қоғам

Әлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді – фото

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӘлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді – фото
Әлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді – фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласындағы гүлдер фестивалінде Әлия Назарбаеваға ал қызыл қызғалдақтар сыйға берілді

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір — Sputnik. Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаева Алматыда қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларын таныстыру үшін ТМД елдерінен келген жас экологтармен кездесті.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер

Халықаралық форумға жиналған жас экологтар Әлия Назарбаеваға өте әдемі қызғалдақтар гүлшоғын тарту еткен.

© Sputnik / Анатолий УстиненкоӘлия Назарбаева әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтармен
Әлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді – фото - Sputnik Қазақстан
Әлия Назарбаева әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтармен

Қызғалдақтың дәл осы сорты "Президент Назарбаев" деп аталады. Голландиялық селекционер өсірген әсем гүлдер 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылды.

Ал 2018 жылы "Президент Назарбаев" және "Қазақстан" қызғалдақтары Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Тұңғыш Президент саябағына отырғызылды.

Тағы оқыңыз: Әлия Назарбаева туралы не білеміз?

Жаңалықтар
0