Қоғам

"Сізді бүкіл әлем біледі" Назарбаев Джеки Чанмен кездесті – фото

© Официальный сайт Президента КазахстанаЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуге Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының баспасөз қызметі.

Назарбаев пен Джеки Чанның кездесуінің фотосуретін Тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады.

​Кездесуге, сондай-ақ, әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.

"Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі", – деді Елбасы.   

Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.

Джеки Чан Қазақстан туралы не біледі  

Джеки Чан Қазақстан елордасына 2017 жылдың маусымында келіп, қытай киносы апталығын ашты. Қазақстандықтарды актердің жеке ұшағымен ұшып келіп, гонорар сұрамағаны және ешқандай шарт қоймағаны таңғалдырды. Ол өзін қымбат көлікпен қарсы алудан бас тартып, қаланы аралау үшін қарапайым минивэн сұрады.

© Официальный сайт Президента КазахстанаЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті - Sputnik Қазақстан
1/2
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
© Официальный сайт Президента КазахстанаЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті - Sputnik Қазақстан
2/2
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
1/2
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті
2/2
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті

Джеки Чан сондай-ақ танымал отандық "Түңгі студия" шоуының түсіріліміне қатысты.

Джеки Чан әнші Димаш Құдайбергенге өзінің үнтаспасын сыйға тартты

Джеки Чан әнші Димаш Құдайбергеннің арқасында Қазақстанды жақынырақ таныды. Актер Димаштың талантын жоғары бағалады. Жұлдыздар бір-біріне сыйлық жасап, жылы пікір білдірді.

Назарбаев Қытайға не үшін барды

Елбасы Бейжіңде 26-27 сәуірде өткен "Бір белдеу, бір жол" форумына қатысты.     

Nur Otan съезінде Назарбаев көзіне жас алды – видео  

Форумның ресми ашылуы аясында Назарбаев үшінші болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін сөйледі. Форумға барлығы 37 елдің басшысы қатысты.  

Жаңалықтар
0