Күләш Шәмшидинова

Білім министрі өзін алаңдатып отырған мәселеге үкіметтен қолдау көрсетуді сұрады

2782
Күләш Шәмшидинова жатақхана салу, қымбат жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тоқтату сынды мәселелерге үкіметтен қолдау сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрлігін жатақхана құрылысы бойынша келесі жылға арналған жоспардың орындалуы алаңдатып отыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Күләш Шәмшидинова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шәмшидинованың айтуынша, қазір 19 мыңнан астам орынның енгізілуін қамтамасыз ететін 43 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жобалар аясында осы жылдың өзінде жоспарланған 5 мыңның орнына 9196 орын пайдалануға беріледі. Яғни, жоспар 184 процентке асыра орындалады деп жоспарлануда.

"Жатақхана құрылысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысы көш бастап тұр. Ал Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында жұмыс қарқыны төмен. Мемлекеттік оқу орындарымен салыстырғанда, жекеменшік мекемелердің белсенділігі әлдеқайда жоғары", - деді Шәмшидинова үкімет отырысында.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық мұғалімдер нені білуі тиіс?

Ол биылғы жылдың көрсеткішіне қол жеткізу үшін бірқатар жұмыс атқарылғанын атап өтті. Алайда келесі жылдың жоспарының орындалуы білім министрлігін алаңдатып отыр. Осыған байланысты ведомство басшысы үкіметтен бірқатар шараны жүзеге асыруға қолдау көрсетуді сұрады.

"Бірінші, өңірлерде барлық оқу орны көрсетілген жатақханалар салудың толық кестесін бекіту. Екінші, қымбат тұратын жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді тоқтату. Үшінші, жер мәселесін оңтайлы шешу мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарын коммерциялық емес акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру жұмысын жеделдету. Төртінші, осы жобаны іске асыру барысында сейсмикаға қатысты мәселелер көтерілді. Осыған байланысты нормативке сейсмиканы ескеретін коэффициентті қарастыру", - деді министр.

Тағы оқыңыз: Тоқаев білім министріне мұғалімдерге қатысты тапсырма берді

Министрдің ақпаратынша, жатақхана құрылысымен айналысатын кәсіпкерлерге инженерлік коммуникациялары дайын жер телімдері беріліп, банктік несиенің 7 проценті мемлекет есебінен субсидияланады. Бұған қоса жатақхана құрылысына қойылатын талаптар жеңілдетіліп отыр.

"Жатақхана қолданысқа берілгеннен кейін оның иесіне 8 жыл қатарынан мемлекеттік тапсырыс орналастырылатын болады. Жаңа құрылыс жағдайында оның көлемі бір студент үшін жылына 308 мың теңгені, ал реконструкция болса, 119 мың теңгені құрайды", - деді Шәмшидинова.

Сонымен бірге, инвестордың осы ғимаратта асхана, жаттығу залы және өзге де тұрмыстық қызметтерді орналастыру арқылы қосымша кіріс табуына мүмкіндік берілген.

2782
Кілт сөздер:
білім министрлігі, үкімет, Күләш Шәмшидинова
Тақырып бойынша
"Бәсекеге айналды" Министр түлектердің кеші туралы не ойлайтынын ашық айтты
Министр мұғалімдердің 48 жасында зейнетке шығу мүмкіндігі туралы айтты
"Блатпен" алады дейтін" Министр Шымкент мектептеріндегі өзгеріс туралы айтты
ҰБТ жақындап келеді: білім министрі халықты сақ болуға шақырды
Дариға Назарбаева білім министріне: сізге көмектесеміз
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

80
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

80
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат
Қорғаныш киіміндегі адамдар

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде карантин күшейтілді не өзгерді

948
Өңірлердің мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыларды жария етті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды ​​облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды

Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.

Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.

Қарағанды ​​облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді 

Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың  шоғырлануына жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

948
Кілт сөздер:
шектеу, қозғалысты шектеу, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Қазақстанның облыстары мен қалаларында карантин күшейтілді: неге тыйым салынды
Алматыда екі күнде карантин талабын бұзған 65 нысан анықталды
Қазақстандағы карантин: комиссия жаңа шешімді жариялады
Маңғыстау облысында карантин жеңілдетілді
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады