Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге

Әр балаға 21 мың теңге: 80 мыңнан астам отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

3953
Өтініштердің дені Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент қаласынан түскен

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Елімізде 84 287 отбасыға жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 9,4 миллиард теңге мөлшерінде төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау осы жылдың 1 сәуірінен бері жүріп жатыр. Өтініш жұмыспен қамту орталықтары мен ауылдық әкімдіктерде қабылданады.

Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді

2 мамырдағы мәлімет бойынша, "Е-Халық" жүйесі арқылы барлығы 148 649 өтінім (799 032 адам) түскен, соның ішінде 100 566 өтініш бойынша оң шешім қабылданды,  41 647 өтінім қаралып жатыр.

Ең көп өтініш Түркістан облысы – 30 382 отбасы (180 179 адам), Алматы облысы – 17 698 (93 399 адам) және Шымкент қаласынан – 17 275 отбасы (88 478 адам) түскен.

Тұрғындар атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін өздері есептей алады

Сондай-ақ, бұған дейін атаулы әлеуметтік көмек алып келген 48 380 отбасы үшін төленетін ақша мөлшері автоматты түрде қайта есептелді.

"Бүгінде жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 84 287 отбасына жалпы сомасы 9,4 миллиард теңге мөлшерінде төленді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалатынын және өтініш беру күніне тәуелді емес екенін еске салды.

Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: еңбек министрлігі депутаттың сынына жауап берді

Айта кетсек, осы жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-нен 70%-не дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Нәтижесінде жәрдемақы алушылар саны 571,6 мың адамнан 830 мың адамға дейін өседі. Бұл ретте, егер АӘК-тің орташа мөлшері бұрын отбасының әрбір мүшесіне 4 834 теңгені құраған болса, енді әр балаға 20 789 теңге төленеді.

Биыл атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 миллиард теңгеден астам қаржы көзделген.

3953
Кілт сөздер:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, атаулы әлеуметтік көмек, жәрдемақы, көпбалалы отбасы
Тақырып бойынша
Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін не істеу керек?
Әр балаға - 21 мың теңге: атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау басталды
Әр балаға – 21 мың теңге: Тоқаев көпбалалы отбасыларды қолдау туралы заңға қол қойды   
"Осы әділетті ме?" Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты
Әр балаға – 21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айтты
Атаулы әлеуметтік көмек: кімге және қанша төленеді?
кітапхана

Қазақстан кітапханаларында электронды кітаптарды ақшаға жүктеу ұсынылды

2
Сенатор кітапханалар мен мұрағаттар мәселесін көтерді, олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ұсыныс айтты

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп кітапханаларда электронды кітаптарды жүктеуді ақылы етуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатордың айтуынша, ұлттық кітапханалар мен мұрағаттарда құжаттар мен жазбаларды сақтау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбейді. Ал көне жазбаларды санитарлық нормаларға сай сақтамаса, көзге көрінбейтін әртүрлі паразиттер жеп қояды. Мұндай жағдайда түпнұсқаларды келешек ұрпаққа жеткізу қиындайды.

"Eлордадағы Ұлттық архивке қарасты қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығын алайық. Орталықтың қолжазбалар мен сирек кітапты сақтайтын жері өте тар. Қор көбейген сайын, ғимаратқа сыймай барады. Орталықтың ғимараты еуропалық талаптарға мүлдем сай емес. Көрермендерге арнап дайындаған көрмесі де өте кішкентай", - деді Жүсіп премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Айтуынша, кітапханаларды цифрландыру сапасы да сын көтермейді.

"Шет елдердегі архив, кітапханалар өз қорларын түгел цифрландырып жатыр. Ал бізде көпшілігінің цифрландыру сапасы өте төмен. Цифрландырылған сирек қолжазбалар мен кітаптардың оқылуы қиын. Көшірменің сапасы да нашар, жүктеп алуға келмейді. Сондықтан кітаптардың оқылымын тегін етіп, бірақ жүктеуін ақылы етер болса, бұл олардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берер еді", - деп санайды депутат.

Ол елімізде реставрация саласы да дамымағанын тілге тиек етті. Нұртөре Жүсіптің пікірінше, реставраторларды арнайы даярлау ісімен бірге, олардың денсаулығына да көңіл бөлінуі тиіс. Себебі қолжазбамен жұмыс істеу, оны реставрациялау денсаулыққа зиянды.

2
Кілт сөздер:
кітапхана
Сенат депутаты

Ағылшын саяхатшысын таңғалдырған жер: депутат Қапал ауылының жағдайына алаңдады

294
(Жаңартылды 12:48 26.11.2020)
Жұмағұлов жуырда Қапал, Ақсу елді мекендерінде болып қайтқанын айтты. Тұрғындармен кездесуде халық қасиетті Қапалдың жағдайын үкіметке жеткізуді өтінген

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Сенат депутаттары Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан өшпес тарихы бар Қапал ауылының қазіргі жағдайына алаңдап, оны үкіметтің қорғауындағы нысандар қатарына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенатор Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, 1847 жылы бекініс ретінде, Ресей империясының мүддесіне сай бой көтерген елді мекеннің тарихын тану, оны ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің мәдени  ескерткіші ретінде ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың рухани мәні зор.

"Бұл өлке сонау Түркі дәуірінен, Қимақ мемлекеті тұсынан бері танымал, белгілі тарихи жер. Қапал – ұлтымыздың ұлы тұлғасы Шоқан Уәлихановтың, Петр Семенов-Тяньшанскийдің ізі қалған жер. Қапал – ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонды таңғалдырған жер. Қапал – жоңғар шапқыншыларымен шайқаста ту көтерген Қапал батыр жатқан жер. Бұл туралы Уәлихановтың "Жоңғария очерктерінде" жазылған", - деді ол үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында. 

Жұмағұлов жуырда Қапал, Ақсу елді мекендерінде болып қайтқанын айтты. Тұрғындармен кездесуде халық қасиетті Қапалдың жағдайын үкіметке жеткізуді өтінген. 

"Сан ғасырлық тарихы бар Қапал ауылының бүгінгі жағдайы кімді болса да алаңдатпай қоймайды. XIX ғасырдың ескерткіші болып саналатын қос қабатты үйлердің бет жағы ғана аман қалған. Ескі екі мешіт үйі де қараусыз қалып, құлаған. Көп үйлердің ағаштарын жергілікті тұрғындар бұзып алып, қора-қопсы салып алғаны да жасырын емес. Ауылдың рухани орталығы болған Қапалдағы ақын Сара мен Фатима Ғабитованың музей үйлерінің де ізі жоқ. Ондағы құнды экспонаттар да жоғалған", - деп қапаланды сенатор.

Депутаттың пікірінше, атақты Жібек жолының бір бекеті, Қапал ауылы қай жағынан алсаң да Жетісудың туристік мекеніне айнала алады. Ол Қапалдағы тарихи ескерткіштердің қорғалмай, ескерусіз қалатынына алаңдады. 
Осыған байланысты сенат депутаттары сәулетшілер, тарихшылар, әдебиетшілер, этнографтардан тұратын арнайы комиссия құрып, Қапал ауылының мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау үшін тиісті шаралар қабылдауды, оларды үкіметтің қорғауындағы объектілер қатарына қосуды ұсынды.

294
Кілт сөздер:
ауыл, депутат
Тақырып бойынша
Табысы 35 мың теңге: депутат кедейлердің көпшілігі ауылда тұрып жатқанын айтты
Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды
Депутат тұрмысы төмен отбасылардың неге баспана ала алмай жүргенін айтты
"Үкіметтің ақылы неге соған жетпейді?!": депутат жаңа бағдарлама қабылдауды ұсынды
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша – депутат сұрағына үкімет мүшелері жауап берді