Астана аруы Еркеназ Сейфулла

"Қазақстан аруы 2019" финалынан шығып қалған қызға тағы бір мүмкіндік берілді

4005
Қазақстанның астанасы атынан сұлулық байқауына қатысқан Еркеназ Сейфулла жобадағы ең көрікті қыздардың бірі еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы атынан "Қазақстан аруы 2019" конкурсына қатысқан Еркеназ Сейфулла 2020 жылы ұлттық сұлулық байқауының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Жоба ұйымдастырушылары қызды ешқандай кастингсіз қабылдауға дайын.

"Қазақстан аруы" ұлттық байқауы келесі жылы Еркеназ Сейфулланы "Астана аруы" ретінде финалға бірден қабылдауға даяр. Біз оны қосымша кастинг немесе байқауға қатыспай-ақ 2020 жылғы финалда күтеміз", - деп хабарлады "Қазақстан аруы" байқауының директоры Алена Ривлина-Кырбасова.

Еркеназ Сейфулла неге "Қазақстан аруы 2019" финалына қатыспады

Он жеті жастағы Еркеназ Сейфулла елдің ең сұлу аруын анықтайтын байқаудың финалдық кезеңіне қатыса алмай қалды.

Белгілі болғандай, ару денсаулығына байланысты сахнаға шыға алмапты. Жоба ұйымдастырушылары нақты не болғанын білмейді, бірақ соқырішегі қабынды деген күдік болған сияқты.

Тағы оқыңыз: "Қазақстан аруы 2019" атағын кім жеңіп алды - фото

"Бұған дейін бір жерім ауырды деп шағымданған емес, созылмалы сырқаты да жоқ болатын", - дейді конкурс директоры.

Еркеназ Сейфулла "Қазақстан аруы 2019" атануы мүмкін бе еді

Еркеназ жоба көшбасшыларының бірі еді, деп атап өтті Алена Ривлина-Кырбасова.

"Оның арқасында жобамыз айшықты болды. Ұйымдастырушылар да, қазылар да финалға қатыса алмағына қатты өкінді. Еркеназ – шыныққан, шымыр қыз", - дейді ол.

Еркеназ Сейфулланың сұлулығын Sputnik Қазақстан да ерекше бағалады. Ару өзге бәсекелес қыздармен бірге редакцияға келіп, журналист болған қалай екенін біліп қайтқан болатын. Сол кезде Еркеназ  "Sputnik Қазақстан таңдауы" атағына ие болып, сыйлық ретінде Мәскеудегі  "Россия Сегодня" халықаралық агенттігінің дизайн орталығында үш күндік тағылымдамадан өтуге сертификат ұтып алған еді.

Тағы оқыңыз: Түрмедегі "Қазақ аруы": ең сұлу қылмыскер әйел кім - фото

"Қазақстан аруы" директоры атап өткендей, байқау қарсаңында қыздар қатты уайымдап немесе шаршағандықтан ауырып қалады екен.

Айта кетсек, 2019 жылы республиканың ең сұлу аруы деген атаққа павлодарлық Мәдина Батық ие болды.

4005
Кілт сөздер:
сұлулық байқауы, 2019 жыл, Қазақстан аруы
Тақырып бойынша
Қазақстан аруы-2019: көркіне көз тоймайтын хас сұлулардың суреті
Нұр-Сұлтанның ең сұлу қызы "Sputnik Қазақстан таңдауы" атанды
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты

ОСК мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді

37
"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. ОСК кандидаттардың заң талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауына "Nur Otan"партиясы кандидаттарының тізімін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Nur Otan" партиясы парламент сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 2020 жылдың 26 қарашада ұсынды.

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

"Nur Otan" партиясының тізімінде 126 адам бар. Оның 40-ы әйелдер мен жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, олар тізімге енгізілгендердің жалпы санының 31,7 процентін құрайды. Уәкілетті органдар ұсынған мәліметтер негізінде Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен "ҚР сайлау туралы заңы" талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді", - деп атап өтті ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов отырыс барысында.

Тексеріс нәтижесінде партиялық тізімге енгізілген барлық адам заң талаптарына сай келетіні белгілі болды.  

Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері "2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы" қаулы қабылдады.

37
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып бойынша
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев
Дариға Назарбаева мәжіліс депутаттығына кандидат болды
Сайлауға бойкот жариялау ұсынылды – ЖСДП мүшелері қандай шешім қабылдады
Телефон, иллюстративті фото

Құпия деректерге қауіп төніп тұр: Жалған онлайн ойынның сілтемесі таралып жатыр

22
Қолданушылар бөлісіп жатқан сілтеме ойынның порталына емес, жеке деректерді иемдене алатын фишингтік сайтқа кіргізіп жібереді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Amazon компаниясы жүргізіп отыр делінген онлайн ойын туралы ақпарат таралып жатыр.  

"Ойын" ережесіне сәйкес, қатысушылар қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтып алуы мүмкін. Алайда қолданушылар таратып жатқан "ойынның" сілтемесі фишингтік сайтқа алып барады, деп хабарлады Stopfake порталы.

"Бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Оның бәрі фейк деп болжауға болады. Бұл туралы ойын сайтында да жазылған – сайтқа кірмек болғанда автоматты түрде фишинг туралы ескерту шығады, ал сервермен байланыс қорғалмаған", - делінген хабарламада.

Сарапшылардың мәліметінше, алаяқтар осындай интернет-платформалар арқылы сайтқа кірушілердің жеке деректерін –аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды, тіпті жәбірленушінің компьютеріне немесе мобильді құрылғысына толық қолжеткізе алады.

"ҚҚС төлемдерін қайтарып ал": Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Бұл соңғы уақытта Қазақстанда тіркелген алғашқы фишингтік сайт емес. Бүгінде алаяқтар белсенді әрекет етіп жатыр, адамдарды банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан алдауға тырысады.

Фишинг – интернет алаяқтығының бір түрі, оның мақсаты – қолданушының құпия деректеріне, атап айтқанда, логиндер мен парольдерге қол жеткізу.

22