Өңірлер

Төреғали Төреәлі түрмеде отырғандарға күтпеген сыйлық жасады

© Photo : пресс-служба Комитета УИС МВД РКӘнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды
Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталғандар әншіге өз қолымен жасаған кәдесыйларын тарту етті

АЛМАТЫ, 9 мамыр - Sputnik. Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды. Ол әріптесі Ерболат Төлегенмен бірге сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

ЛА-155/8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар эстрада жұлдыздарына алғыс айтып, өз қолдарымен жасаған кәдейсыйларын тарту етті.

© Photo : пресс-служба Комитета УИС МВД РКӘнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды
Төреғали Төреәлі түрмеде отырғандарға күтпеген сыйлық жасады - Sputnik Қазақстан
Әнші Төреғали Төреәлі Алматы облысындағы колонияға барып, концерт қойды

"Сотталғандардың көпшілігі теледидардан көріп, әндерін тыңдап жүретін әншіні көреміз деп күтпеген еді. Оған алғысымыз шексіз", - деді ЛА-155/8 түзету мекемесінің басшысы.

Қазақстан колонияларында жыл саын Жеңіс күні аталып өтеді. Биыл Павлодар облысында 300 жазасын өтеуші алғаш рет "Жаужүрек полк" шеруіне қатысты.

© Photo : Pavon.kz / Евгений ШультайсПавлодар облысындағы колонияда "Жаужүрек полк" шеруі өтті
Төреғали Төреәлі түрмеде отырғандарға күтпеген сыйлық жасады - Sputnik Қазақстан
Павлодар облысындағы колонияда "Жаужүрек полк" шеруі өтті
Жаңалықтар
0