Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев 66 жасқа толды: президент туралы қызықты деректер

5191
(Жаңартылды 13:39 17.05.2019)
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген

НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жасқа толды. Бұл күнді ол алғаш рет мемлекет басшысы әрі президенттікке кандидат ретінде атап өтпек.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. Президенттің әкесі – танымал жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаев (1923-1986), ал анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматының шет тілдері институтында қызмет еткен.

"Өзімнің есімім үшін көкеме қарыздармын"

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әке туралы толғаныс" атты кітабында өз есімінің шығу тарихы туралы жазған. Оны майданда қаза тапқан ағасының құрметіне Қасым деп қойса, пейілі кең азамат болсын деген ниетпен анасы Жомарт деп атаған екен. Әкесі Кемел Тоқаевтың Қасым деген үлкен ағасы болды. Бала кезінде екеуі де біраз қиындық көрген. Шымкенттің қорғасын зауытына қарасты жетімдер үйінде тәрбиеленді.

Кейін Қасым соғысқа аттанып, 1942 жылы қаза болды. Оны Ресейдің Ржевск ауданындағы Трубино ауылында жерледі. Осылайша, інісі Кемел 18 жасында тұл жетім қалып, жалғыз бауырының қазасына қатты қайғырды. Өз баласының атына ағасының есімін қосты. 

Книга Касым-Жомарта Токаева Слово об отце
© Sputnik / Владислав Воднев
Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әке туралы толғаныс" атты кітабы

"Өзімнің есімім үшін тағдыр көруге жазбаған көкеме қарыздармын. Ал жаны жомарт, пейілі кең азамат болсын деп армандаған анам мені Жомарт атапты", - деп жазады Тоқаев.

"Мемлекеттік құпияны сақтай біледі" 

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент сенатының төрағасынан бастап Премьер-министрге дейінгі жоғары мемлекеттік қызмет ғана емес, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары сияқты халықаралық мәртебелі лауазымдары да бар. Кеңес одағы кезінде жас дипломат Қытай халық республикасының елшілігінде жұмыс істеген. Сол кезде оған "мемлекеттік құпияны сақтай алады" деген мінездеме берілген екен.

Биыл 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттілігін тоқтатты. Осыдан кейін Сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаев президент қызметіне атқаруға кірісті. 20 күннен кейін Тоқаев кезектен тыс сайлаудың өтетінін жариялады.

Президент туралы қызықты деректер

Ресми ақпаратқа сәйкес, Тоқаев ажырасқан, Тимур есімді ұлы бар. 

Президент салауатты өмір салтын ұстанады. Мектеп кезінде үстел теннисінен КСРО-ның спорт шеберіне кандидат атанған. Ал 2016-2018 жылдары Қазақстанның үстел теннисі федерациясын басқарды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

"Үзілді-кесілді қарсымын"

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше тілді біледі. Ондаған кітаптың авторы. Өзінің "Свет и тень" атты кітабында Тоқаев қандай бастықтарды ұнатпайтынын жазған.
"Кейбір бастықтар "ең бастысы – тапсырмаларды қызметкерлердің арасында тарату" деп ойлады. Мен оған үзілді-кесілді қарсымын. Әдеттегідей, ондай адамдар дұрыс жұмыс істемейді, тіпті, қызметтік құжаттармен танысуға да уақыт таппайды. Мен мұндай бастықтарды жек көремін. Олар өз орынбасарларын уыстан шығармауды басты міндет деп біледі. Қатты болсаң, бәрі құрметтейді деп ойлайды. Шын мәнінде, ондай басшыларды құрметтемейді, қайта жек көреді", - дейді Тоқаев.

Әлеуметтік желідегі Тоқаев

Қазір Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter және Instagram желілерін белсенді пайдаланады. Тіпті, әлеуметтік желілер арқылы тапсырмаларды да беріп отырады.
 Toqayev Team Youtube арнасында президенттің туған күніне арналған үш видео жарияланды. Видеолардың бірінде Түркия, АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түрікменстан, Беларусь пен Украина президенттерінің Тоқаевтың туған күніне дайындалған күлкілі чат жүктеліпті.
5191
Кілт сөздер:
президент, қызықты деректер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
"Біздің елде заң сақталады" Тоқаев митингіге шақыруға байланысты мәлімдеме жасады
Тоқаев: Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін
Қасым-Жомарт Тоқаев теледебатқа қатыса ма – саясаттанушы пікірі
Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың руы кім – президент туралы қызықты деректер
Көлік жүргізуші құжаты

Жүргізуші куәлігіне байланысты жаңашылдық қалай жүзеге асырылады 

343
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Парламент мәжілісі жол жүру ережесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа нормаға сәйкес, көлік жүргізушілері өзімен бірге тек жеке куәлігін ғана ұстап жүре алады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, көлікке қатысты барлық құжаттар электронды форматта тексеріледі. 

"Қазір өзіңіз жақсы білесіздер, полиция органдарының техникалық жағдайы жақсы, жолдағы барлық әкімшілік құқықбұзушылықты планшет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік бар. Хаттамалардың бәрі солай жасалады. Ал жол ережесін бұзған адамға қатысты барлық дерек ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасынан алынады. Полиция оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді де, барлық мәліметті көре алады. Көлікке қатысты деректер де солай. Мемлеттік тіркеу нөмірін енгізсе жеткілікті", - деді Қожаев мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, кейбір жерлерде интернет дұрыс ұстамайды. Ондайда қажетті мәліметті деректер базасынан автоматты түрде алу қиын. Дегенмен, полицейлер радиобайланысты пайдалана алады. 

"Біз рация арқылы шұғыл басқару орталығына немесе кезекшілік бөліміне көлік иесі туралы мәліметті береміз де, бір-екі минуттың ішінде сол жерден қажетті деректі аламыз. Осылайша, тексеріс жүргізіледі. Сондықтан проблема жоқ. Біз жаңа бастаманы іске асыруға дайынбыз ", - деп атап көрсетті Қожаев.

Айта кетейік, шетелдіктер мен шетел көліктері үшін тәртіп өзгермейді. Өзге елдің азаматтары бұрынғыдай көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруге міндетті.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді.

343
Кілт сөздер:
жүргізуші куәлігі, көлік
Тақырып бойынша
"Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды
Көлік тізгінінде 61 жыл – жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді
Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады
Ақмола облысында көлік ұрламақ болған жігіт ажал құшты
Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін
Нұржан Әлтаев

Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды

261
(Жаңартылды 10:58 02.12.2020)
Бұған дейін ол Nur Otan партиясы саяси реформаны бастағанын күтетінін айтты. Саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда бұл партиядан шығуға тура келеді, деді Әлтаев

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі оның Nur Otan партиясының қатарынан шығарылғаны туралы Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросының қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген ресми хабарламада. 

Ресми мәліметке сәйкес, дүйсенбі, 30 қараша күні партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросы қаулы шығарып, орталық сайлау комиссиясына ресми хат жіберген. Соның негізінде және депутаттардың мәртебесі туралы конституциялық заң аясында тиісті шешім қабылданды. 

Айта кетейік, 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда саяси плюрализм жоқ. Nur Otan партиясы ғана бар. 

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Әлтаев бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіруге ұсыныс жасалғанын айтқан.  Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын, деді Әлтаев. 

Сонымен бірге, экс-депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты да еске түсірді. Егер ол орындалмаса, партиядан шығуға дайын екенін жеткізді.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда бұл партиядан шығуға тура келеді", - деді Әлтаев.

261
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Үкіметтің ақылы неге соған жетпейді?!": депутат жаңа бағдарлама қабылдауды ұсынды
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты