500 теңгеге ауызашар қайырымдылық жобасы қолға алынды

Бес жүз теңгеге ауызашар: Діни басқарма ізгі бастаманы қолға алды

519
(Жаңартылды 18:36 31.05.2019)
Жобаны ұйымдастырушылар түскен қаражатқа 1000 адамға ауызашар беруді жоспарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасына қарасты "Зекет" қоры және муфтият жастары "500 теңгеге ауызашар" қайырымдылық жобасын қолға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақстандықтар жобаға бей-жай қарамай, шама-шарқынша көмектесіп жатыр екен. Осылайша, көптің жәрдемімен ауызашар ұйымдастырыпты.

"500 теңгеге ауызашар" атты қайырымдылық жобамызды 26 мамырдан бастадық. Алла разылығы үшін ауыз бекітіп жүрген адамдар үшін осы ізгі шараны ұйымдастырдық. Әркім шамасына қарай жәрдемдесіп жатыр. Бір кісілер 300 теңгесін жіберсе, ал енді біреулері 5 000, 10 000 теңгеден беріп жатыр. Қазіргі таңда қорға 1,5 миллион теңге жиналды", - деді Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қызметкері Алмас Мырзаханов.

Жобаны ұйымдастырушылар түскен қаражатқа 1000 адамға ауызашар беруді жоспарлап отыр.

Назарбаев Рамазан айының құрметіне ақ дастарқан жайып, ауызашар берді

Сонымен қатар ҚМДБ қызметкері 30 мамыр күні қаладағы халал мейрамхананың бірінде 300 адамға арналған алғашқы ауызашар өткенін атап өтті.

"Кеше алғашқы ауызашарымызды өткіздік. Алдағы уақытта 3 күн ауызашар ұйымдастырғалы отырмыз. Алғашқы қайырымдылық дастарқанынан қаладағы мұқтаж жандар, зиялы қауым өкілдері дәм татты. Оған наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты", - деді Мырзаханов.

Игі шара Рамазан айы біткенше жалғасады. Шараны ұйымдастырушылар қайырымдылық жоба келер жылы да жалғасын табады деген үмітте.

519
Кілт сөздер:
рамазан айы, ауызашар
Тақырып бойынша
Елордадағы мешіттер ауызашарды қалай өткізеді - видео
Ауызашарға тамақ пісіріп жатқан: Шымкентте дәмхана қожайыны мен немересі көз жұмды
Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді– видео
Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?
Рамазанда қайырымдылық жасап жүрген қор жетекшісі: 12 тонна тамақ тараттық
Модульді инфекциялық аурухана

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды

19
24 қаңтардағы мәлімет бойынша, республика бойынша 26 736 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен тәулікте коронавирустан алты, пневмониядан екі адам көз жұмды.

Сондай-ақ, бір тәулікте 1584 адам вирус жұқтырса, 110 адам пневмонияға шалдықты.

24 қаңтардағы мәлімет бойынша,  26 736 адам короновирус инфекциясынан (15 016 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 753 пациент стационарда, 19 983 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

Науқастардың арасында 291 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 50 пациент – хәл үстінде, 43 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

19
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қорғаныш костюмін киген дәрігерлер

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады

1299
Індетке шалдыққандардың дені Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 584 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

23 қаңтарда республика бойынша 1 584 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР тест оң нәтиже көрсетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында – 21274 (+229),
  • Алматы қаласында – 21141 (+131),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19804 (+42),
  • Атырау облысында – 15497 (+96),
  • Қарағанды облысында – 13226 (+82),
  • Павлодар облысында – 11695 (+220),
  • Батыс Қазақстан облысында – 10304 (+84),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 10107 (+113),
  • Қостанай облысында – 9350 (+177),
  • Ақмола облысында – 9299 (+237),
  • Алматы облысында – 8712 (+92),
  • Шымкент қаласында – 5787 (+8),
  • Жамбыл облысында – 5408 (+20),
  • Түркістан облысында – 3986 (+16),
  • Маңғыстау облысында – 3960 (+11),
  • Ақтөбе облысында – 3889 (+10),
  • Қызылорда облысында – 3535 (+16).

Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 176 974 адамға жетті.

1299
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция үш ай бойы коронавирустан "жасырынған" ер адамды ұстады
Коронавирустан қайтыс болғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді - ДДҰ
Коронавирусқа қарсы жаңа вакцина жайлы не білеміз
Қазақстанда бір аптада 54 адам коронавирустан қайтыс болды
Гүл шоғы

Қазақстандық спортшы жол апатынан көз жұмды

2598
Жол апаты 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында болды, қазақстандық шаңғышы отыз сегіз жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық шаңғышы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Николай Чеботько 38 жасында көз жұмды,  деп хабарлайды Olympic.kz. 

Спортшы 24 қаңтарға қараған түні Бурабай кенті маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмды. 

"Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады", -делінген хабарламада.

Николай Чеботько 1982 жылы 29 қазанда Щучьеде туған.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарына қатысқан спортшы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері. 

Тағы оқыңыз: Атырауда танымал спортшыны өлтіріп кетті

Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енді.

Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған. 

Әлем кубогі кезеңдерінде 2001 жылдан бастап сынға түсті. 2012 жылы Квебектегі әлем кубогі кезеңінде Денис Волоткамен бірге тарихи алтын жүлде иеленген. Ол бірнеше рет ел чемпионатында көзге түсіп, өмірінің соңына дейін шаңғы жарыстарында бақ сынады.

2598
Кілт сөздер:
жол апаты, спортшы
Тақырып бойынша
18 жастағы қазақстандық спортшы көз жұмды
Әлемге әйгілі спортшы жол апатынан көз жұмды
Семейде көмір алуға барған атақты спортшы көз жұмды
Жойқын нокаутқа түскен спортшы көз жұмды – видео