Надувной батут

Балаларды батутқа апаруға болмайды - министрлік себебін түсіндірді

651
Бүгінде батут орнатып, пайда тауып жүрген кәсіпкерлердің біразы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер балаларды батутқа апармауға кеңес берді. Себебі оларды пайдалану кезінде көп жағдайда қауіпсіздік талаптары сақталмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комитет басшысының айтуынша, биыл 1 шілдеден бастап аттракциондардың қауіпсіздігіне арналған ұлттық стандарт енгізіледі.

"Қазіргі кезде аталған құжат индустрия және инфрақұрылымдық даму мининстрлігіне қол қоюға жіберілді. Оны келесі аптада рәсімдейді деп ойлаймын. Ал 1 шілде күні ұлттық стандарт заңды күшіне енеді. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдар бақылаушы функциясын атқаратын болады", - деді Беккер баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, ұлттық стандарт енді ғана енгізіліп жатса да, батут сияқты аттракциондарды қолданатын кәсіпкерлер қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Ол өнімді шығарған зауыт та техникалық талаптарды жазып отырады. Бұдан бөлек, Кедендік одақтың арнайы техникалық регламенті бар. Оған сәйкес, әрбір өнімге арнайы кәулік беріледі.

Тағы оқыңыз: Қарағандыда батут аударылып, бір бала қаза болды

"Мысалы, өндіруші зауыт батутты бекітудің нақты тәсілдері мен құралдарын көрсеткен. Жерге қазық қағылады. Ал асфальт немесе соқпақ тастар болса, ол жерге батутты ұстайтын блоктар қойылады. Ол блоктардың салмағына дейін жазылған. Сосын батуттың жанында термометр және желді өлшеу құрылғысы болуы шарт. Желдің жылдамдығы шамадан асып кетсе, батутты қолдануды дереу тоқтату қажет", - дейді Беккер.

Комитет басшысы Қарағанды қаласындағы қайғылы оқиғаның осы ережелерді сақтамау салдарынан болғанын да жеткізді. Енді, оның иесін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Ашығын айту керек, бізде батуттар қолдан-қолға көшіп жүреді. Мұндай кезде құжаттар да, өндіруші зауыттың ережелері де сақталмайды. Қазір интернетті ашсаң, батутты сатататындар өріп жүр. Онда пайда табудың жолдарын да үйретеді. Ал қауіпсіздік ережелерін айтпайды", - деп атап көрсетті Беккер.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, батутқа мінетін балалардың жасы ғана емес, салмағы да ескерілуі шарт. Себебі бір жерде салмағы ауыр біреу қатты секірсе, кішкентай бала батуттың сыртына ұшып кетуі әбден мүмкін. Техникалық регламент бойынша батуттағы ауа үрлейтін құрылғыларды да қоршап қою қажет. Себебі балалар оған қолын салып жіберуі мүмкін.

Тағы оқыңыз: Жантүршігерлік видео: Қостанайда батут ұшып кетті

"Өкінішке қарай, біз тиісті куәлікті де сұрамаймыз. Мен өзім 1 шілдеге дейін батуттарға бармауға кеңес берер едім. Сосын қауіпсіздік шаралары сақталмаған батуттар бірден көрініп тұрады ғой. Барлық ата-аналар, алдымен, қауіпсіздік шараларына назар аударсын деймін. Қауіпсіз батуттар бар. Бірақ ауа-райына да, батуттың жағдайына да, ол жерде ойнап жүрген балалардың санына да баса назар аударған жөн", - деді Беккер.

651
Кілт сөздер:
балалар, батут, министрлік
Тақырып бойынша
Кішкентай қыз батуттың ішіне түсіп кетіп, өлім аузынан қалды
Ақтауда балалардың ойыны қайғылы оқиғаға ұласа жаздады – видео
Жаңаөзенде балалар ойнайтын батутты жел ұшырып әкетті - видео
Семейде әткеншек құлап, бес бала зардап шекті
Қарағандыдағы трагедия: батуттың иесі ұсталды
Интенсивті терапия палатасындағы дәрігер

Қазақстанда бір апта ішінде коронавирустан 29 адам қайтыс болды

13
(Жаңартылды 18:06 27.10.2020)
Өткен аптада ең көп өлім-жітім Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – он сегіз науқас індеттен көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 19-25 қазан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 29 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір апта ішінде қайтыс болғандар

Шығыс Қазақстан облысында – 18;

  • 1926, 1941, 1963, 1954, 1939, 1952, 1953, 1941, 1962 жылғы ер адамдар,
  • 1955, 1935, 1959, 1934, 1962, 1939, 1940, 1936, 1954 жылғы әйелдер.

Батыс Қазақстан облысында – 4;

  • 1940, 1955 жылғы ер адамдар,
  • 1937, 1945 жылғы әйелдер.

Алматы қаласы – 4;

  • 1963 жылғы ер адам,
  • 1962, 1947, 1949 жылғы әйелдер.

Атырау облысында – 2;

  • 1940, 1936 жылғы әйелдер.

Қостанай облысында – 1;

  • 1953 жылғы ер адам.

Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан барлығы 1 825 науқас қайтыс болды. Індет басталғалы республикада 110 684 адам вирус жұқтырған.

13
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Вице-министр коронавирустың екінші толқынында кімдерге тегін дәрі берілетінін айтты
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс
Антисептик и отметки на партах в школьном классе для соблюдения социальной дистанции

Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды

597
(Жаңартылды 17:46 27.10.2020)
Республикада барлығы 3,4 миллион оқушы бар, олардың басым бөлігі – 2,2 миллионы қашықтан оқуды жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда екінші тоқсанда мектепке барып оқитын оқушылардың саны артады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

Екінші тоқсанда екі формат бойынша білім алатын балалардың болжамды саны:

  • қашықтан оқыту форматында – 2,2 миллион;
  • дәстүрлі форматта – 1,2 миллион, оның ішінде:

- 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып),

- шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы,

-13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық бала (1-7 сынып) оқиды.

Қазіргі күні Қазақстанда 3,4 миллион бала білім алып жатыр: қашықтан оқыту форматында – 2,4 миллион; дәстүрлі форматта – 953 мың, оның ішінде 647 мың бала кезекші сыныптарға (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепке 306 мың оқушы барып жүр.

Еске сала кетейік, 26 қазанда премьер-министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. 

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді? 

Комиссия бірқатар шешім қабылдады: атап айтқанда екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептері дәстүрлі форматқа көшірілетін болды. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

597
Кілт сөздер:
оқушылар, мектеп
Тақырып бойынша
Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды
Тоқаев 2021 жылда қандай мәселелерді шешуге басымдық берілетінін айтты
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Сауда және ойын-сауық орталығы

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары қашан демалыс күндері жұмыс істей бастайды

0
(Жаңартылды 18:32 27.10.2020)
Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты болады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ірі сауда орталықтарының, базарлардың басшылары кездесу өткізді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның айтуынша, елордада індет жұқтырғандар көбейген. Оған шағын және орта бизнес өкілдері мен азаматтардың карантин тәртібін өрескел бұзуы себеп.

Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды 

"Профилактикалық жұмыстарға қарамастан, кәсіпкерлік субъектілері карантин тәртібін жиі бұзады, бұқаралық іс-шаралар тоқтамай тұр, мекемелердің жұмыс кестесі сақталмаған. Сонымен қатар, қалада ауру саны артып келеді. Бұл дегеніміз, біз жасыл аймақтан алшақтаймыз. Мектеп жасындағы және бір жасқа дейінгі балалар да індетке шалдығып жатыр", - деді Жанна Пірәлиева.

Негізгі қауіпсіздік ережелері сақталмаса, COVID-19-дың екінші толқыны болуы мүмкін. ШОБ өкілдері мен қала тұрғындары санитарлық нормалардың сақталуына үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

"Әр аймақ өз деңгейінде шешім қабылдайды. Біз сондай-ақ бизнестің жұмыс істегенін қалаймыз, ол табыс және экономика екенін түсінеміз. Бірақ кәсіпкерлер өз тарапынан талаптарды орындауы керек. Кейбір сауда орталықтары маска тағу тәртібін сақтамайды және дене қызуын тексермейді. Қабылданып жатқан шараларға түсіністік танытуды сұраймыз", - деді Бақтияр Мәкен.

Жиын соңында сауда орталықтарының демалыс күндеріндегі жұмысын қайта қалпына келтіру қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және ШОБ-тың санитарлық нормаларды сақтауына байланысты болатыны айтылды.

Демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталығының жұмысын қалпына келтіру нысандардың барлық санитарлық норманы сақтауға дайындығына байланысты. 

Әкімдік әрбір азаматтың жауапкершілігі эпидемиологиялық жағдайға әсер ететінін мәлімдеп, елордалықтарды карантин шараларын қатаң сақтауға шақырды.

0
Кілт сөздер:
демалыс күндері, сауда орталығы
Тақырып бойынша
Қол алысуға болмайды: Павлодар облысында жаңа қаулы шықты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді